Дәріс 1 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата12.02.2023
өлшемі480,04 Kb.
#67287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
дәрістер жинағы (1)

Психологиялық байланысы. Әдістеме пәні оқушылардың оқу 
материалын қабылдауын, есінде сақтауын, оны тәжірибеде қолдана алуын, 
ойлай білу қабілетінің дамуын бақылауда психология ғылымына сүйенеді. 
Оқушылардың жасына қарай олардың психологиялық ерекшеліктерін білу 
материалды дұрыс таңдауға, оны оқушылардың түсінігіне, қабылдауына, 
есінде сақтауына лайықтап жеткізуге, соған орай оқытудың әдіс, тәсілдерін 
таңдауға мүмкіндік береді. Адамның басты ерекшелігі сөйлеу қабілетінің 
болуы. Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Қарым-
қатынассыз қоғам өмір сүре алмайды. 
Ал қарым-қатынас дегеніміз – тіл арқылы пікір алысу, сөйлесу. 
Психологиялық тұрғыдан тілді меңгеру – жеке тұлғаның қалыптасуының 
негізгі бір шарты. 
Дидактикамен байланысы. Дидактика оқытудың теориясы ретінде қазақ 
тілін оқыту әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме ғылымы 


біріншіден, 
дидактикалық 
принциптердің 
әдістемеде 
қолданылу 
мүмкіншілігін айқындау тұрғысынан байланысады... Қазақ тілін оқытуда 
дидактикалық принциптер – білім мазмұнын айқындауда, оқытудың 
жолдарын таңдауда, жаттығу жүйесін жасауда, сабаққа дайындалуда, оны 
өткізуде негізгі ұстаным, бағыт, бағдар.
Тіл білімімен байланысы. Тіл – жүйелі құбылыс, сондықтан оны 
мектепте оқытуды белгілі бір жүйелі сипатта болады. Яғни тілдің фонетика, 
лексика, сөзжасам, грамматика салалары бір-бірімен байланыста жүйелі түрде 
оқытылады. 
Дәріс 3 
Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар 
 
XIX ғасырда Қазақстан Республикасының әлемдегі өркениет пен 
ғаламдану процесіндегі мәдениетті игеруі барлық ғылым салаларына қатысты 
педагог мамандарды сапалы дайындау ісімен тығыз байланысты екенін 
қоғамдық өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Педагогтің білімі мен мәдениеті, 
ізденімпаздығы мен шеберлігі, біліктілігі мен беделі жаңа ұрпақты 
тәрбиелеудің басты көзі және арнасы болып табылады.
Сондықтан болашақ ұрпақ ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған 
ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. «Ел боламын десең, 
бесігіңді түзе», деп ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жаңа 
қоғамның болашақ маманы ғылымның қазіргі өзекті мәселелерге сай 
зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық тәжірибенің 
нәтижелігіне байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді. 
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі сыры мен қыры көп, өз 
шінде түрлі түрлі салаларға бөлінетін күрделі де бай тіл. Мектептегі қазақ 
тіліндегі жүйелі курсы фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис 
және пунктуация, тіл дамыту, тіл мәдениеті сияқты салаларға бөлініп 
оқытылады. 
Қазақ мектептеріндегі жұмыстың нәрлі, нәтижелі болуы ана тілін оқытуды 
ұйымдастырудың дәрежесіне, оның дұрыс жолға қойылуына байланысты. 
Өйткені, ана тілі тек пән ретінде оқытылып қана қоймайды, өзге пәндердің 
бәрінен де білім беруге және мектептегі бүкіл тәлім- тәрбие жұмыстарын 
жүргізуге негізгі құрал ретінде қызмет атқарады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2004 жылғы 19 наурызындағы халыққа 
жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар 
деңгейіне көтерілуге тиіс. Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның 
білімділік деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу 
білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз», 
делінген. Заман талабына сай мектептерде білім мазмұны мен оның 
құрылымдық жүйесін жақсарту кезек күттірмес шаралардың бірі.
Мектеп балаларды дұрыс сөйлеуге, ана тілінің сөздері мен тиісті 
тәсілдерін саналы түрде дұрыс жұмсауға үйретеді. Мектеп оқушылардың 
сөздік қорына көп жаңа сөздер, жаңа формалар қосады. Оларды қайда, қалай, 


қолдану керектігін үйретеді. Мектептегі қазақ тілі пәнің мұғалімі жаңа 
қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің өзі оқытатын пән 
саласындағы ғылымды жетік білуі қарапайым да, қажетті талап. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет