Дәріс 1 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары


Қазақ тілінен пайдаланылатын техникалық оқу құралдар, қолдану



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата12.02.2023
өлшемі480,04 Kb.
#67287
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Қазақ тілінен пайдаланылатын техникалық оқу құралдар, қолдану 
әдістемесі 
 
Оқыту тмімділігін арттыру құралы ретінде дидактикалық мақсатта 
қолданылатын техникалық құралдар жиынтығы. Бүгінде білім мазмұнын 
жетілдіруде, оқу формалары мен оқыту әдістерінің тиімділігін арттыруда
тұлға әрекетін белсендіруде, білімді сапаландыруда техникалық оқу 
құралдарын қолданудың маңызы өте зор. 


Оқытудың дәстүрлі технологиясы жағдайында бейне-дыбыстық жаңа 
технологияның артықшылықтарын дұрыс бағаламау білім сапасын 
төмендетеді, оқу ақпаратын қайталауға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік 
бермейді. Сөйтіп есте сақтауды төмендетеді. 
Қазақ тілін оқытуға байланысты техникалық құралдарды қолдану 
әдістемесі жөнінде еңбектер көп емес. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілі 
сабақтарында ТОҚ- ты қолданудың жүйесін алғаш жинақтап айтқан 
ғалымдардың бірі – Б. Құлмағанбетова. Ғалым «Қазақ тілі сабағында 
техникалық құралдарды пайдалану» атты (1984) еңбегінде қазақ тілі 
сабақтарының мазмұнын жетілдіру мақсатында кодоскоп, эпидиаскоп, 
диапроекторларды қолданудың, сондай ақ лингофон кабинетіндегі жұмыстар 
мен ТОҚ кабинеттерін ұйымдастыру істеріне көңіл бөлінген.
Таспа жазумен жұмыс. Етістікті оқытумен байланысты таспа жазуларын 
қолдану оқытудың тиімділігін, сапасын артырумен бірге, мұғалім еңбегін 
жеңілдетеді.
Көрнекіліктер кестесі 
Иллюстрациялық 
Демонстрациялық 
Картина 
(заттық, 
оқиғалы, 
пейзаж, портрет) 
Үлестірме кеспе қаға: 
Карточка
Перфокарта 
Макет, муяж 
Схема (графикалық) 
Кесте (динамикалық, қабырға 
кестелері) 
Планшет 
Плакат (сөздік) 
Бүктеме (буклет) 
Сөздік лото
Әріп, буындар картасы 
Кодоскоп 
(графопроекторлар) 
Магнитофон (таспа жазуы) 
Күйтабақ 
Диафильм 
Кинофильм 
Фонохрестоматия 
Диапозитив 
Компьютер 
Үнтаспа жазбаларын (аудиожазба) қолдану. Графопроекторды қолдану 
әдістемесі. Графопректор оқыту үдерісінде жиі қолданылатын қолайлы, 
оңтайлы, тиімді техникалық оқу құралы. Бұл оқу ұралы дәрісхананы 
қараңғылауды өте қажет ете бермейді. Мұның ерекшелігі түссіз полиэтиленге 
жазылған мәтін немесе өрнектелген сызба, кесте, сурет т.б. үлкейтіп көрсетуге 
болады. Сондай ақ, түссіз транспаранттарды бірінің үстіне бірін қою арқылы 
тілдік құбылыстардың күрделі мәселелерін қамтуға болады. 
Транспаранттардағы жазуларды алдын ала компьютерге теріп, принтерден 
шығарып алуға болады.


Көрнекі құралдардың жаңа жанрларының бірі мультимедиялық
энциклопедия, электронды кітапханалар арқылы толықтырылып отыратыны
белгілі, сондықтан ол ақпарат жинақтаудың қайнар көзі. Электронды оқулық
студент үшін өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік берумен қатар, ғылыми 
курстан жан жақты, терең мазмұнды толық ақпарат беруге мүмкіндігі мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет