Бағаларды бастамалы өзгерту (инициативное изменение): Кейде фирма әртүрлі факторларға байланысты бағаларды өздігінен өзгертеді:
1) Бағаларды төмендету. Оған себеп ретінде өндірістік қорларды толық қолданбау, нарық үлесінің азаюы болуы мүмкін. Бұл шара шығындарды азайту шараларымен бірге өткізілу керек.
2) Бағаларды өсіру. Оған себеп: инфляция, артық сұраныстың болуы.
Тұтынушылардың баға өзгерісіне жауап беруі. Тұтынушылар кейде бағаның өзгерісін сәйкес түсінбеу мүмкін,яғни бағаның кемігенде сұранысты керісінше азайтып, баға өскенде, өсіріп.
Бәсекелестердің баға өзгерісіне жауап беруі. Бәсекелестердің мүмкін жауаптарын алдын-ала дұрыс болжау қажет.
Фирманың бәсекелестердің баға өзгертуіне жауап беруі. Ол үшін фирма келесіні білуі тиіс:
А) Бәсекелестің мақсаты қандай?
Б) Қандай мерзімге жасап отыр?
В) Фирманың нарықтағы үлесі және табысы қалай өзгереді?
Г) Фирма жауабына бәсекелес қалай жауап беруі мүмкін?
Осыдан басқа фирма басқа да сұрақтарды жете қарастырып зерттеу қажет.
Семинар:
Баға жасау процесінің кезеңдерін атаңыз.
Фирма баға саясатының негізгі мақсаттары қандай?
Бағаларды орнатудың қандай негізгі әдістерін білесіз?
Фирма баға саясатының стратегиялық аспектілерін сипаттаңыз
Фирма баға саясатының тактикалық аспектілеін атаңыз
Баға саясатының қандай формаларын білесіз
Бағаны анықтаудың негізгі үші әдістемесін атаңыз
Тауарлы номенклатура шеңберіндегі бағаны орнатуды сипаттаңыз
Бағаларды географиялық қағидаға қарай қалай орнатады?
Бағаға қандай шегерімдер жасалыну мүмкін?
Дискриминациялық бағалардың экономикалық мәні неде?
Бағаларды бастамалы түрде өзгерту дегеніміз не, оны мәні неде?
Баға саясаты мен тауардың өмірлік циклы арасындағы байланыс
Эксперимент фазасын сипаттаңыз
Тауардың экспансия фазасындағы бағасын қалай орнатады?
Қанығу фазасында баға саясаты немен ерекшеленеді?
Стагнация және түсу фазасында фирма баға саясатын қалай өзгертеді?
Баға саясаты мен шығындарды бағалау арасындағы байланыс неде?
Цены и ценообразование/Учебник/ Под ред. Салимжанова И.К. М.: 1999., 73-81, 85-106 б.
Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002. 13-21 б
Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000. 13-41 б
Достарыңызбен бөлісу: |