Семинар: Бағаның екі қарама-қайшы теориясының мәні неде?
Бағаның нарықтық экономикадағы орны және рөлі қандай?
Нарықта және жоспарлы экономикада баға жасаудың айырмашылығы неде?
Бағалар динамикасының стратегиялық және тактикалық факторларын сипаттау.
Еркін (келісімдік) бағалар жөнінде айту және оларға көшу үшін қажет шарттарды атап өту
Бағаның функциясы дегеніміз не, оның түрлерін атаңыз және олардың ішінде нарықтық экономикаға әсіресе қажет болатынын атаңыз.
Баға жасау методологиясы дегеніміз не және оның құрамдас бөліктерін атаңыз, сипаттаңыз.
Цены и ценообразование/Учебник/ Под ред. Салимжанова И.К. М.: 1999., 6-29 б.
Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002. 6-10 б
Дәріс № 2 Баға түрлері және оның жүйесі
Жоспар: Баға түрлері, жіктелуі.
Баға жүйесі, негізгі белгілері
1. Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:
А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:
А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар – бұл меншік формаға тәуелсіз өнеркәсіп кәсіпорындарының, фирмаларының, ұйымдарының тауарлары ірі көлемде сатылатын, және сатып алынатын бағалар. Көбінесе, бұл бағамен тауарды әртүрлі делдалдар сатып алады. Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.
Кәсіпорынның көтерме бағасы – бұл кәсіпорын шығындарының осы кәсіпорынға қажет қалыпты пайданың, жанама салықтардың қосындысы. Қалыпты пайда – бұл кәсіпорынның ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін ақша мөлшері. Пайда нормасы көптеген факторларға тәуелді болады. Кәсіпорынның көтерме бағасына қарай кәсіпорын қызметінің негізгі құндық көрсеткіштері талдауға салынады, жоспарланады және есептелінеді. Кәсіпорынның көтерме бағасының ерекше түрі – трансфертты бағалар – кәсіпорын, фирма ішіндегі бөлімшелер арасында қолданылатын баға деңгейі.
Өнеркәсіптің көтерме бағасы деп тұтынушы кәсіпорындар, ұйымдар жабдықтау –сату (көтерме сауда) ұйымдарынан тауарды сатып алатын бағаларды айтамыз. Бұл кәсіпорынның көтерме бағасының құрамына, сондай-ақ, жабдықтау-сату ұйымының шығындары, пайдасы және ол төлейтін салықтар қосылады. Бұл бағалар өткізу өрісімен тығыз байланыста болады. Өнеркәсіптің көтерме бағасының ерекше түрі ретінде биржалық келісімдер немесе тауар бағасын көрсетуге болады. Ол биржадағы котировкаларға, жеткізу ара-қашықтығына, шегерім мен қосылымдарға, тауар сапасына, санына қарай қалыптасады.
А.2. Құрылыс тауарларының бағалары – үш түрі бар: 1. сметалық (құрылыс салу) құн (әр объектіні салуға кететін шекті шығындар; 2. прейскурантты баға – типтік құрылыс объектісінің соңғы өнімінің бірлігіне кететін орташа шығындар деңгейі; 3. келісімдік баға – тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы келіссөздер арқылы қалыптасады.
А.3. Сатып алу бағалары – ауылшаруашылық өнімді сату бағалары. Бұл бағалар бойынша баға паритеті (ауыл және қала арасындағы бағалық үйлесімділік) мәселесі үлкен орын алады. Бұл жерде ауылшаруашылық өнімнің жылына бір рет өткізілуін есебке алу керек. Мемлекет тарапынан осы мәселеге аса зор көңіл бөліну керек (субвенциялар, жеңілдетілген несиелер, материалдық-техникалық көмек және т.с.с.).
А.4. Бөлшек сауда бағалары – соңғы тұтынушыларға арналған бағалар. Тауарлар айналыс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Бұл бағаны анықтау үшін өнеркәсіптің көтерме бағасына сауда шығындары, пайдасы және салықтары қосылады.
Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.
Б.1. Транспорттық тарифтер – жүктерді, пассажирлерді тасымалдауға алынатын төлем мөлшері. Құрамына транспорттық ұйымның шығындары, пайдасы және ҚҚС кіреді. Шығындар екі бөліктен тұрады: бастапқы-соңғы операциялар үшін және қозғалыс үшін.
Б.2. Коммуналды тарифтер – отын, жылу, су, канализация, газ, электрэнергиясы, көмір.
Б.3. Тұрмысты тарифтер – шаштараз, кір жуу, жөндеу және с.с.
В. Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.
Г. Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға (тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар (берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады); базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады).
Д. Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген бағалар болады.
Д.1. Еркін бағалар сұраныс және ұсыныс ықпалының негізінде қалыптасады.
Д.2. Реттелетін бағалар – олар да сұраныс пен ұсынысқа негізделеді, бірақ мемлекеттік органдардың ықпалына да тәуелді болады (экономикалық (несие, кеден, салық, қаржы, бюджет саясаты арқылы) және әкімшілік (рентабельділікті шектеу, бағаны өзгертудің шекті коэффициенттері, шекті бағалар мен тарифтер енгізу) реттеу.
Д.3. Тіркелген бағалар – мемлекет тікелей орнататын бағалар (прейскурантты, «мұздатылған», «монопольды» бағаларды тіркеу).
Е. Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.
Е.1. Жаңа тауарға «қаймақты алу» бағасы, «нарыққа ену» бағасы, «психологиялық» баға, «лидердің артынан еру» бағасы, өндіріс шығындарын өтеу» бағасы, «беделді» баға қолданылады
Е.2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы – ауыспалы (скользящая) немесе түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-қатысына тәуелділік), ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар үшін), нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар (әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану), икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы бар бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре алады), енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда мұқтаж тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар (басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін қолданады), келісімдік бағалар (сатып алушыға қосымша жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады) қолданылады.
Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.
Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады:
Франко- жеткізу станциясы – тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді
Франко-жіберу станциясы – тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.
Франко – қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.
З) Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.
И) Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады.
2. Барлық баға түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болып, біріңғай жүйені құрайды. Бұл жүйе үнемі қозғалыста болып, әртүрлі факторларға тәуелді болады. Бағалар жүйесінің әсіресе маңызды бөліктері ретінде көтерме бағалар, сатып алу бағалары, бөлшек сауда бағалары және транспорт тарифтерін атауға болады. Бұл негізгі бөліктер өз кезегінде бірнеше ішкі бөліктерге бөлінеді.
Бағалар жүйесіндегі байланыстар сұйықтықтар бар кеңдіктердің қосылуы қағидасына сүйенеді, яғни бір баға түрлерінің өзгерісі өз кезегінде басқа бағалар түрлеріне, бөліктеріне тізбек бойынша әсер етеді.
Баға жүйесінде әсіресе маңызды орынды өнеркәсіптің негізгі салаларының бағалары алады (отын-энергетикалық сала, металлургия, ауылшаруашылықтағы сатып алу бағалары).
Бағалар тек тура әсер етпей, сондай-ақ кері әсер де алады, мысалы, отын саласының өнімі бағасының өсуі, берілген салаға қажет техниканың, материалдардың қымбаттануына әкелуі мүмкін.
Жоспарлы экономикада берілген салалардың бағаларына мемлекеттік реттеу толығымен қолданылатын (дотациялар, субвенциялар, шектеулер), қазір жағдай басқаша.
Біріңғай жүйеге кіретін бағалардың өзара байланыстылығы, тәуелділігі келесі жағдайлармен айқындалады:
Барлық бағалар біріңғай әдістемелік негізде құрылады, яғни құн, сұраныс, ұсыныс заңдарына негізделіп.
Барлық кәсіпорындар, фирмалар, ұйымдар өзара байланысқан, өйткені олардың бәрі де жалпы шаруашылық кешенді құрайды. Байланыс түрлері: өндірістік, экономикалық, технологиялық және т.б.
Дегенмен, бағалардың өзара байланыстылығы жеке баға түрлерінің және топтарының дербес, өздігінен өзгеруін, қозғалысын жоқ қылмайды, тіпті оған негіз бола алады.
Бағалар жүйесі олар қызмет ететін экономикалық ортамен өте тығыз байланыста болады.
Бағалар жүйесі бағалар деңгейі, бағалар құрылымы, бағалар динамикасы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Баға жасау үшін алдын-ала зерттеу және талдау қызметін жасау үшін ақпарат жинау қажет. Бұл ақпаратқа тауар және нарық туралы, бәсеке және үкімет саясаты жөнінде, өндіріс және шығындар туралы, тауар сату көлемдері мен пайда деңгейі жөнінде ақпарат жатады.