Дәріс №1 Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары


Дәріс № 11 Баға жасау және инфляция



бет14/15
Дата03.05.2023
өлшемі356,5 Kb.
#89614
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Цено

Дәріс № 11 Баға жасау және инфляция
Жоспар:
1. Бағалардың инфляциялық процестердегі атқаратын рөлі.
2. Инфляцияның даму кезеңдері және баға динамикасы.
3. Бағаның инфляцияға байланысты өсуі және оның жалпы экономикаға әсері.


1. Инфляция - өте күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, сапалық талдауға және сандық өлшеуге өте қиын.
Инфляция жалпы ішкі өнім және ұлттық табыстың натуралды-затты және құнды құрылымында диспропорциялардың өсудің терең макродеңгейлік процестерінің салдарына жатады. Осы диспропорциялар ақша айналысының бұзылуын, ақша көлемінің артық көлемінің пайда болуын тудырады. Нәтижесінде ұлттық валюта құнсызданады, оның сатып алушылық қабілеті төмендейді және бағалар өседі.
Бағалардың өсуі инфляцияның өте маңызды индикаторы болып табылады. Басқа индикаторларға ақшаның эмиссиясын, айналыстағы ақшаның өсуін, мемлекеттік бюджеттің дефицитін және т.б. жатқызуға болады. Объектісіне қарай тұтынушылық тауарлар бағаларының инфляциясы, шығындар, табыстар, сұраныс, банк пайызы және т.б. инфляциялар болады.
Қазіргі заманғы инфляцияға келесі белгілер тән: жалпылама сипаты бар (бүкіл экономиканы қамтиды); хроникалық сипатта болады; көпфакторлы (ақшалы және ақшалы емес факторлар әсер етеді).
Инфляция – бұл ақшаның төлем қабілетінің төмендеуін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл төмендеу тауарларға (тауарлы бағалардың өсуі); алтынға (алтын бағасының өсуі), шетел валютаға қатысты болуы мүмкін. Көбінесе, инфляцияны тұтынушылық тауарларға бағалардың индексын табу арқылы есептейді.
Бірақ, кез келген баға өсімін инфляциямен байланыстыруға болмайды. Бағалар шығындар өскенде, тауар сапасы жоғарлағанда, жаңа тауар шығарғанда, сұраныс өзгергенде өсуі мүмкін және ол инфляцияға қатысы жоқ.
Инфляцияның нәтижесіндегі бағалардың өсу себептері және белгілері мүлдем басқа. Оның сыртқы көріністері ретінде келесі болады: жаппай түрде болуы, яғни бағалар өсуі барлық дерлік тауарларға қатысты болады; бағалардың үздіксіз өсуі; өсу ұзақтығы.
Жалпы алғанда инфляциялы және инфляциялы емес бағалар өсімін бір-бірінен ажырату кейде өте қиын болады. Инфляцияның табиғатын жете түсіну онымен күресу және оны болжау әдістерін қолдану жолдарын анықтауға көмектеседі. Инфляцияның Қазақстан Республикасында жүргізілген реформалардың, жекешелендіру, баға либерализациясы сияқты мемлекет шараларының нәтижесінде ел экономикасына әсерін қысқаша сипаттау.
Инфляциялы процестердің 20 ғасырдың екінші жартысындағы күшеюі инфляцияның теориялық мәселелерін тыңғылықты зерттеуге және әртүрлі ғылыми мектептердің пайда болуына әкелді. Инфляцияның ең әйгілі теорияларына монетаристік және кейнсиандық теорияларды жатқызуға болады. Кейнсиандық теория бойынша инфляцияның негізгі факторы ретінде жұмыс күшіне артық сұраныстың болуын атайды. Бұл сұранысты мемлекеттік бағдарламалар тудырады, сонымен, инфляция – халықтың жұмыс бастылығын өсіруге бағытталған мемлекеттік реттеудің нәтижесі (сұраныс инфляциясы). Осы теорияның басқа жақтаушылары инфляцияның пайда болуын өндіріс шығындарының өсуімен байланыстырады. Инфляцияның пайда болу механизмі кәсіпкердің пайда көлемін өсіру мақсатында бағаларды өсіру мен жұмыскердердің еңбек ақыларын өсіру талаптары арасындағы өзара байланысына тәуелді болады.
Монетаристік теория экономиканың ақша өрісін зерттеуге көп назар аударады. Бірінші кезеңде айналыстағы ақша көлемі өсуіне байланысты өндіріс көлемдері де тез өседі. Төлем айналысы өседі және қосымша капитал инвестицияға айналады. Бұл кезеңде инфляцияның өсімі айналыстағы ақша көлемінің өсімінен төмен болады. Екінші кезеңде айналыстағы ақшаға қарағанда бағалар тезірек өсе бастайды. Ақша айналымдылығы (жылдамдығы) өседі. Бәрі де ақшадан құтылуға тырысады, яғни «ыстық ақша» түсінігі пайда болады. Жағдай «инфляцияның шекті нүктесіне» біртіндеп жақындай түседі, бұл кезеңде ақшаның сатып алушылық қасиеті төмендейді, олар құнсызданады.
Талдау дұрыс жасау үшін инфляцияның негізгі себептерін анықтау керек. Бұл себептерге келісіні жатқызуға болады:

  • өндіріс құрылымындағы диспропорция (өндіріс құралдарының тым үлкен үлесі);

  • экономиканың милитаризациясы;

  • мемлекеттік бюджеттің дефциті;

  • мемлекеттік қарыздың өсуі;

  • ұзақмерзімді күрделі салымдардың ұлғаюы, оның ішінде несиелер.

  • маңызды салалардағы (кен өңдіру, ауыл шаруашылығы, транспорт) шығындардың өсуі.

  • мемлекеттік реттеу құралын толық көлемде қолданбау, маңызын түсінбеу.

ҚР-дағы болған инфляцияның ерекшеліктеріне келісіні жатқызуға болады:

  • нарыққа көшу алдында, елде өте ірі монополиялы экономиканың мемлекеттік секторының болуы, нәтижесінде бәсекелі орта нашар, әлсіз;

  • кәсіпорындардың монополизмы;

  • ірі бюджеттік дефициттің болуы;

  • сыртқы сауда қызметінде мемлекеттік монополиядан бас тартуы;

  • доллардың еркін қолданылуы;

  • елдегі инфляция нәтижелері дәстүрлі нәтижелерден өте қатты айрықшаланады.



2. Бастапқы даму кезеңінде инфляция сұраныстың өсуін және өндірістің кеңеюуін ынталандырады, өйткені кәсіпкерлер бағалардың өсуіне кәміл сеніп, ақшаны материалдық құндылықтарға, жаңа жабдықтарға, шикізатқа тезірек жіберуге тырысады. Инфляция әсіресе монополист кәсіпорындарға өте тиімді болады, өйткені жұмысшыларға берілетін еңбек ақы өсімі баға өсімінен артта қалады, нәтижесінде кәсіпорын «инфляциялық асыра пайдасын» алады.
Сонымен қатар, кәсіпорындар ақшаны несие, инвестиция түрінде алғанда да қосымша пайда алады, өйткені қайтарылатын ақша инфляцияға байланысты арзан болады.
Бірақ, инфляцияның теріс жақтары да көп, біріншіден экономиканың ұйымдастыру деңгейі бұзылады, ақша әмбебап сатып алу құралы ретінде мәнін жоғалтады, несие беру азаяды, амортизациялық қорлар құнсызданады, негізгі капиталды жаңарту қиындайды, өндірістің өсуі тоқтайды, екіншіден бағаның өсуі халықтың сатып алушылық қабілетін төмендетеді, яғни капиталдың жиналу процесінің негізі жоғалады.
Инфляция кезеңдері: 1. Инфляция шамамен ақырын өседі. Оны шағын немесе әлсіз жылжитын инфляция деп атайды (2-3 % жылына). Егер ақша шығындары және еңбек ақы сәйкес өсіп жатса, халық бұл инфляцияға назар көп аудармайды. Бірақ, бұл инфляцияның кері жақтары бар. Кез келген фактор (тіпті кездейсоқ) инфляцияның қарқынын өсіріп, экономикалық өсуді азайтып, ҒТП төмендетеді.
2. Бағалардың өсімі екі цифрмен өлшейді (20-200 %). Оны секірмелі инфляция деп атайды. Экономикалық өсім іс жүзінде тоқтайды. Әлеуметтік-саяси жағдай шиеленеседі. Экономика стагнация жағдайына айналады. Бұл кезеңде келісім шарттар бағаның өсімін ескеріп, немесе валютамен жасалынады. Ақшаны материалдық құндылықтарға салуға тырысады. Халықтың өмір сүру деңгейі күрт азаяды. Экономикада «ақшадан қашу» құбылысы кең өріс алады. Мұнда еңбек ақы мен бағалардың инфляциялы спиралі пайда болады. Кәсіпкерлер өз тауарына қандай баға қоюды білмей, тұтынушылардың бағалар жөнінде ақпараты азаяды. Ақша өзінің негізгі функцияларын орындай алмай қалады.
Инфляция, көбінесе, экономиканың тұтынушылық секторында басталады және одан кейін тез арада басқа экономика өрісіне жайылады (сұраныс инфляциясы»). Монополистердің көп болуы «шығындар инфляциясын» тудыру мүмкін, өйткені олардың бағалары үнемі өседі, сәйкесінші олардың өнімін тұтынатын кәсіпкерлер өз тауарларына бағаны өсіруге мәжбүр болады. Сонымен, шығындар инфляциясының екі факторы бар: еңбек ақының өсуі және өндірістік құралдар мен шикізат бағаларының өсуі. Шығындар инфляциясының сұраныс инфляциясына қарағанда өсім қарқыны төменірек, бірақ, онымен күресі әлдеқайда қиынырақ. Инфляцияны келесі көрсеткіштер көмегімен есептейді:

  • бағалар индексы және теңгенің сатып алушылық қабілеті;

  • инфляция қарқыны, еңбек ақы, халықтың нақты табыстарының индекстері.

Көбінесе, іс жүзінде тұтынушылық бағалар индексы, өндіріс бағаларының индекстері және дефлятор көрсеткіштері қолданылады. Дефлятор – бұл берілген жылдың номиналды жалпы ұлттық өнімін базистік жылдың бағаларымен есептелінген жалпы ұлттық өніміне (нақты ЖҰӨ) бөлгенге тең шама.
3. Ең алдымен, бағалар өзінің түрлері бойынша, өндіріс және айналыс кезеңдері бойынша, уақытта бір қалыпсыз өседі. Нәтижесінде экономикаға кері ықпал жасалынады. Бағалардың әртүрлі дәрежеде өсуі жеке шаруашылық субъектілердің жоғалуына, басқа шаруашылық субъектілердің көбеюіне әкеледі.
Бағаның өсімі ең алдымен, айналыстағы материалдық-затты элементтерге қатысты болады, ал қорда жатқан материалдық құндылықтар құнсызданады. Нәтижесінде шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс, негізгі өндірістік қорлар мерзім сайын қайтадан өлшену керек. Егер бағалардың өсу динамикасы бұл процестен тезірек өтсе, кәсіпорындардың қаржы жағдайы күрт төмендеуі мүмкін.
Инфляцияның әсіресе теріс нәтижесі ретінде табыстардың стихиялы, болжамсыз бөлінуін атайды.
Біріншіден, бағалардың инфляцияға байланысты өсуі номиналды табыстары тіркелген халық топтарының табыстарын төмендетеді (зейнеткерлер, студенттер, мемлекет қызметкерлері және с.с).
Екіншіден, табыстары тіркелмеген халық топтары инфляцияның арқасында қосымша табыс ала алады, яғни олардың табыстары инфляция қарқынынан жоғары болады.
Үшіншіден, инфляция ақшалай жинақ қорларын құнсыздандырады.
Төртіншіден, кредиторлар мен дебиторлар арасында табыстардың бөлінуін өзгертеді. Инфляцияға байланысты дебиторлар ұтып, кредиторлар ұтылады.
Инфляция халық шаруашылығының ең маңызды экономикалық көрсеткіштерін нашарлатады, әсіресе несие пайызын және өндіріс рентабельділігін. Олардың байланысы нашарлап, қарама-қарсы жаққа өзгереді.
Инфляция жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық жағдайы күрт төмендейді, шаруашылық байланыстар бұзылады, төлемеушілік өседі.
Шетел елдердің тәжірибесі көрсеткендей инфляциядан толығымен құтылуға болмайды. Экономистердің басты міндеті ел үшін инфляцияның ең тиімді деңгейін анықтау, нәтижесінде өндірісті тұрақты дамыту. Ол үшін инфляцияға басқару жүргізіп, оны белгіленген шекараларда ұстау керек.
Инфляцияға қарсы шаралардың ең негізгісі ретінде өндірісті тұрақтандыру және өсіру болып табылады.
Келесі шара ретінде ақша эмиссиясын біртіндеп азайту, оны экономикадағы құрылымдық өзгерістерімен қатал түрде байланыстыру.
Сонымен қатар, берілген шараларға, инвестициялық саясатты жетілдіру, антимонопольды заңдылықты іске асыру, жаңа меншік формаларды қолдану, салық, валюта саясаттарын жақсарту, және т.б. қосуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет