Дәріс №1 Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары



бет3/15
Дата03.05.2023
өлшемі356,5 Kb.
#89614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Цено

Семинар:

  1. Орнату объектісіне қарай баға түрлерін атап өтіп, сипаттау

  2. Кәсіпорынның, өнеркәсіптің көтерме бағасы, сатып алу бағасы, бөлшек сауда бағасы элементтерін атап өту, құрамын, құрылымын сипаттау.

  3. Тұтыну бағасын сипаттау, сату, нарықтық бағадан айырмашылығын көрсету

  4. Қызмет ету өрісіне, территориясына қарай бағаларды атап сипаттау

  5. Тұтынушы транспорттық шығындарды өтеу тәртібіне қарай баға түрлеріне сипаттама беру

  6. Мемлекет ықпалына тәуелділігіне қарай бағалар түрлерін атау, сипаттау

  7. Жаңа тауарларға баға түрлерін сипаттау

  8. Шамамен ұзақ мерзім қызмет ететін тауарлар бағаларын сипаттау

  9. Экспортты және импортты бағаларды сипаттаңыз

  10. Транспорттық тарифтерді орнату ерекшелігін сипаттау

  11. Коммуналды және тұрмысты тарифтердің ерекшеліктерін атау

  12. Бағалар жүйесі дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?

  13. Бағалардың өзара тәуелділігін, байланысын не айқындайды?

  14. Ауыл шаруашылықтың сатып алу бағалары мен өнеркәсіп бағалары арасындағы паритетті қамтамасыз ету мәселесі. Шешу жолдары.

  15. Баға жасауға қажет ақпарат жиынтығы

Цены и ценообразование/Учебник/ Под ред. Салимжанова И.К. М.: 1999., 30-49 б.


Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002. 11-12 б
Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000. 4-10 б
Дәріс № 3 Баға жасау факторлары


Жоспар:

  1. Бағаның сұраныс пен ұсынысқа тәуелділігі.

  2. Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар

  3. Нарық құрылымы және бағаны жасау



1. Нарықтық экономикада бағаға әсер ететін бірден бір фактор ретінде нарық конъюнктурасы, яғни сұраныс пен ұсыныстың ара-қатысы болады.
Сұраныс және ұсыныстың анықтамаларын еске түсіру (маркетинг пәнінен) және олардың баға деңгейіне байланысты мөлшерін өзгерту тәуелділігін сипаттау.
Сұраныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:

мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы
Ру, ...Рz – ауыстырғыш (субститут) және толықтырғыш (комплиментарлы) тауарларының бағалары
І – сатып алушының табысы
W – тұтынушының сатып алушылық қабілеті немесе тұрмыстық жағдайы
Tx – сатып алушылардың жеке тағлымдары, көзқарастары
Ғ – тұтынушылық күтімдер
S – берілген тауар қанағаттандыратын мұқтаждықтың маусымдылығы
q – сатып алушылардың саны
Рх-тен басқасы бағадан басқа факторларға жатады. Олар сұраныстың өзін (қисығын) өзгерте алады.
Ұсыныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:

мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы
Ру, ...Рz – бәсекелес және осы тауармен қоса шығарылатын тауарлардың бағалары
К – өндіріс технологиясының деңгейі
L – салықтар мен дотациялар
N – өндірістік қорлар үшін төлемдер
q – сатушылардың саны
Икемділік – бір өзгермелі шаманың басқа шаманың өзгерісіне ықпал ету өлшемі.
Икемділік коэффициенті

Егер Ed<1 – икемсіз сұраныс (бірінші қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлар: тұрғын үй, электрэнергиясы, т.б., ауыстыратын тауар жоқ өнімдер: сүт, нан, дәрі-дәрмек, медицина қызметтері, шамамен аз тұратын тауарлар: тұз, сіріңке, дефицитті (таңдау мүмкіндігі жоқ) тауарлар), Ed>1 – икемді сұраныс.


2. Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар:
Бағалардың төмендеуіне көмектесетін факторлар:
Өндірістің өсуі, техникалық прогресс, өндірістің және айналыстың шығындарын төмендету, еңбек өнімділігін өсіру, бәсеке, салықтарды төмендету, тура байланыстарды кеңейту.
Бағалардың өсуін тудыратын факторлар:
Өндірістің төмендеуі, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, кәсіпорынның монополиясы, ажиотажды сұраныс, айналыстағы ақшаның өсімі, салықтардың өсуі, еңбек ақының өсуі, кәсіпорын пайдасының өсуі, тауар сапасының өсуі, модаға сәйкес болу, жұмыс күші құнының өсуі, кәсіпорында барлық қорларды дұрыс (тиімді) қолданбау.
Бағаның жасалу процесіне әсер ететін факторлар:

  1. Қаржы-несие өрісі

  2. Тұтынушылар (біріншіден сұраныс пен ұсынысқа байланысты, екіншіден тұтынушылардың бағаларға, сатып алуларға қарым-қатынасына байланысты): соңғы жағдай бойынша 4 түрлі тұтынушы болады: а) тауар таңдағанда оның бағасына, сапасына, ассортиментіне көп көңіл бөледі; б) тауардың «бейнесіне» көп көңіл бөлетін тұтынушылар, сатушылардың қарым-қатынасына, қызмет көрсету дәрежесіне; в) ұсақ фирмаларға демеу жасайтын тұтынушылар (артық бағамен де сатып алуға дайын болады); г) тауардың бағасы емес, ол беретін қолайлылықты (комфорт), пайдалылықты көп талап ететін тұтынушылар.

  3. Мемлекеттік реттеу (заң негізінде баға жасауда әртүрлі заңға, нарық заңдарына қайшы әрекеттер жасатқызбау)

  4. Тауар қозғаласының қатысушылары

  5. Бәсеке (нарық, фирма және мемлекет басқаратын бәсеке орталары болады)



3. Баға жасаудың әртүрлі нарық түрлерінде ерекшеліктері
Нарық құрылымы – бұл нарықтың негізгі және ерекше белгілері: фирмалардың саны, өлшемі, әртүрлі фирмалар шығаратын тауарлардың ұқсастығы, айырмашылықтары, нарыққа жаңа сатушыларға кіру немесе жеңілдігі, нарықтық ақпаратты жинау мүмкіндігі.
Нарықтың әртүрлі модельдері болуы мүмкін: жалпы алғанда 4 түрі бар:
Таза бәсеке, монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия. Біріншісі мен төртіншісі абстрактты болады, өйткені іс жүзінде ондай нарықтар болмайды.

Ерекше белгілері

Таза бәсеке

Монополиялық

Олигополия

Таза монополия

Фирма саны

өте көп

Көп

бірнеше

Біреу

Өнім түрі

біріңғай

әртүрлі

әртүрлі немесе біріңғай

Бірегей

Бағаларды басқару

жоқ

Бар, бірақ тар шеңберде

өзара тәуелділікпен шектелген, сыбайлыстықта өте жоғары

өте жоғары

Нарыққа ену мүмкіндігі

Кедергі жоқ

оңай

өте қиын

Кіру мүмкін емес

Бағадан басқа бәсеке

жоқ

Негізінен жарнамаға, сауда белгілеріне, маркаларға, т.б. көп көңіл бөлінеді

өте тән болады

Жарнамаға және фирманың қоғамдық ұйымдармен байланысына өте көп көңіл бөлінеді

Мысал

Ауыл шаруашылығы

Бөлшек сауда, киім, аяқ киім өндірісі

Автомобиль, тұрмыстық техника, шойын өңдіру

Қоғамдық пайдаланудағы жергілікті кәсіпорындар

Таза монополист дискриминациялық бағаларды қолдана алады, оның негізгі түрлері: сатып алушылар топтары бойынша, тауарлар, қызметтер варианты бойынша, территория бойынша, уақыт бойынша. Демпинг – бір жерде өз бағамен сатып, екінші бір жерде тауарды өте төмен бағамен сату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет