2. Нәруыз синтезi (ген жұмысы) Клетканың интерфазасының G1-сатысында өтетiн нәруыз синтезi транскрипция және трансляция этаптарынан тұрады. Информациялық РНҚ-ның ДНҚ тiзбегiнде синтезделуі транскрипция деп аталады. Бұл процесте РНҚ-полимераза ферментi басты рөл атқарады.
Транскрипция басталуы үшiн алдымен РНҚ-полимераза ДНҚ-ның промотор бөлiгiн тануы шарт. Промотор транскрипция басталу нүктесінің алдында орналасады және шамамен 40 жұп негiзден құралған. Фермент транскрипция нүктесiне дейiн шамамен 6-10 негiз қалғанда промотормен байланысады да, ДНҚ оралымын тарақата бастайды. Промотордан кейiнгi бiрiншi нуклеотидтен бастап терминациялық кодонға дейiн комплементарлық ережеге сәйкес ДНҚ-да иРНҚ-ның жаңа молекуласы синтезделедi. Синтезделген иРНҚ ядролық саңылаудан өтiп, бiрнеше рибосомамен байланысады. Рибосомада нәруыз синтезi – трансляция өтедi. РНҚ молекуласындағы триплеттер негiздерiнiң полипептидтiк тiзбектегi амин қышқылдар тiзбегiне аударылуы трансляциядеп аталады. Рибосомаға нәруыз синтезi үшiн қажет амин қышқылдарын тРНҚ тасымалдайды. Нәруыз синтезінің жалпы принципі 7-суретте көрсетілген.
Нәруыздың полипептидтiк тiзбегiндегi амин қышқылдары қатарын ДНҚ нуклеотидтерiнiң тiзбегi арқылы бейнелеу генетикалық код деп аталады. Генетикалық код үш негiзден құралған, онда мүмкiн триплеттердiң үйлесуi 64-ке 43 тең 2-кесте.
Кодтың үш терминациялық кодоны бар: УАГ, УАА және УГА, олар код кестесiнде Стоп деп белгiленген: бiреуi де ешқандай амин қышқылын анықтамайды. Нәруыз синтезi олар орналасқан жерге дейiн жүредi де, транскрипция процесi тоқталады. Мутация нәтижесiнде терминациялық кодондардың бiрi түзiлсе, онда нәруыз синтезi ерте тоқтайды. Барлық организмдерде кодтың негізгі пиринципi – кодонның нақты амин қышқылын анықтау механизмi бiрдей.
Тұжырым
ДНҚ молекуласы генеткалық информацияға жауапты қосылыс. Оның құрамындағы төрт түрлі нуклеотидтің әр түрлі үйлесуі генетикалық код болып саналады. Ол үш негізден құралған яғни триплетті. Генетикалық кодтың барлық 64 триплетінің 61-і нәруыз молекуласының белгілі бір амин қышқылына сәйкес келеді, калған 3-еуі стоп-кодон болып саналады, бұл триплеттерде нәруыз синтезі аяқталады.
Нәруыз синтезі генде (ядрода) иРНҚ молекласының синтезделуінен басталады. Бұл процесс транскрипция деп аталады. Синтезделген иРНҚ молекуласы ядродан цитоплазмаға өтіп рибосомаларда геннің тікелей жұмысы – трансляция іске асады. РНҚ кодондарына сәйкес деген амин қышқылдарды рибосомаға тРНҚ тасымалдайды.