Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері



бет17/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
4-Д әрістер жинағы, генетика (2)

6-сурет. ДНҚ репликациясы.

Шырышты қабығы жоқ вируленттi емес бактериялар мутация арқылы пайда болады. Олар қоректiк ортада кедiр-бұдыр шоғыр (R-штамм) түзеді. Тышқандарға осындай бактерияларды енгiзсе, онда олар фагоцитоз нәтижесiнде бактериялық клеткаларды жойып, тiрi қалады. Бiрақ вируленттi S-бактерияларымен иньекцияланған тышқандар өкпесiнiң қабынуынан өледi. Ал, алдын ала қыздыру арқылы шырышты қабығынан айырылған S-бактериямен иньекцияланған тышқандар тiрi қалады.


Тышқандарға пневмококтың R-штамын және қыздыру арқылы капсуласынан айырылған S-штамын бiрге енгізгенде, олар тiрi қалуы керек еді, алайда олардың барлығы өлiп қалады. Пневмониядан өлген тышқандардан шырышты қабығы бар S-вируленттi штамм бөлiнiп алынды. Демек, S-штамының вируленттiк қасиетiн анықтайтын зат R-штамға өтетiнi анық болды. Көп жылдар бойы вируленттi емес бактерияның вирулентті бактерияға трансформациялануы жұмбақ болып келедi. Тек 1944 ж. Эвери, Мак-Леод және Мак-Карти трансформациялаушы фактордың ДНҚ екенiн көрсеттi. ДНҚ-ның бір бактериядан басқаға өтуі арқылы соңғысының қасиетінің өзгеруі трансформация деп аталады. Яғни организмнің қасиеті ДНҚ-ға тікелей байланысты екен, демек ол ген болып саналуы керек. Кейбiр вирустар ДНҚ-дан емес РНҚ-дан құралған, сондықтан олар ретровирус деп аталады. Сонымен барлық эукариоттарда және прокариоттардың басым көпшiлiгiне ген болып ДНҚ саналады, тек ретровирустарда – РНҚ саналады.
ДНҚ синтезі. Дезоксирибонуклеин қышқылының негiзгi құрылымдық бiрлiгi  нуклеотид. ДНҚ молекуласы бiр-бiрiне оралған қос тiзбектен құралған. Әдетте бiр тiзбектегi аденинге (пурин негізі) сутектi байланыс арқылы екiншi тiзбекте әрқашанда тимин (пиримидин негізі), ал гуанинге (пурин) цитозин (пиримидин) сәйкес келедi: А – Т, Г – Ц. Осындай толықтырылатын тiзбек комплементарлы деп аталады.
2. Генетикалық код

1-негiз


2-негiз

3-негiз


У

Ц

А

Г

У


УУУ
УУЦ
УУА
УУГ

Фен
Лей



УЦУ
УЦЦ
УЦА
УЦГ

Сер




УАУ
УАЦ
УАА
УАГ

Тир
Стоп



УГУ
УГЦ
УГА
УГГ

Фен

Стоп
Три


У
Ц
А
Г

Ц


ЦУУ
ЦУЦ
ЦУА
ЦУГ

Лей




ЦЦУ
ЦЦЦ
ЦЦА
ЦЦГ

Про




ЦАУ
ЦАЦ
ЦАА
ЦАГ

Гис
Глн



ЦГУ
ЦГЦ
ЦГА
ЦГГ

Арг




У
Ц
А
Г

А


АУУ
АУЦ
АУА
АУГ

Иле
Мет



АЦУ
АЦЦ
АЦА
АЦГ

Тре




ААУ
ААЦ
ААА
ААГ

Асп
Лиз



АГУ
АГЦ
АГА
АГГ

Сер
Арг



У
Ц
А
Г

Г


ГУУ
ГУЦ
ГУА
ГУГ

Вал




ГЦУ
ГЦЦ
ГЦА
ГЦГ

Ала




ГАУ
ГАЦ
ГАА
ГАГ

Асп
Глу



ГГУ
ГГЦ
ГГА
ГГГ

Гли




У
Ц
А
Г

Клетка бөлінер алдында, интерфазаның S-кезеңінде ДНҚ синтезі еселенуi, репликациясы өтіп, жаңа клеткалар бастапқы клеткаларға тән генетикалық информация алады. ДНҚ репликациясында басты рөлдi ДНҚ-полимераза ферментi атқарады. ДНҚ аутосинтезі репликациялық айыр құрылуынан басталады (6-сурет). Бұл процеске ерекше хеликаза ферментi қатысады. ДНҚ ажырағаннан кейiн де ДНҚ-полимераза жаңа тiзбектi синтездей алмайды, өйткенi ДНҚ құрылымында топологиялық қиындықтар бар. Ол ДНҚ-ның тығыз оралу дәрежесiне байланысты. Бұл қиындық гираза ферменттерiнiң (топоизомераза, т. б.) әсерi арқылы шешiледi: оралманың iлiнген тiзбектерiн кесiп ажыратады да, репликациялық айырдағы қысымды төмендетедi.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет