2. Мутация түрлері
1). Гендiк мутациялар. ДНҚ-ның жеке нуклеотидтерінің өзгерісі гендік мутация деп аталады. Гендік мутацияның басым бөлігі нәруыз синтезін өзгертеді.
Гендік мутация
Нуклеотид жұбының алмасуы
Транзиция – пуринді негіздің пуринге алмасуы (А Г) немесе пиримидиннің басқа пиримидинге алмасуы (Ц Т).
2. Трансверсия – пуриннің пиримидинге немесе кері алмасуы: А Ц, А Т, Г Ц, Г Т.
|
Код шекарасының өзгеруі
1. Генге жаңа нуклеотидтің енуі – артық нуклеотид пайда болады.
2. Геннен нуклеотидтің түсіп қалуы – код триплетінің оқылуы өзгереді.
|
Гендік мутацияның екі түрін ажыратады: 1. Нуклеотидтер жұбының алмасуы екi түрлi бағытта өтуi мүмкiн: транзиция және трансверсия. Транзиция – нуклеин қышқылы молекуласындағы бiр пуриндi негiздiң басқа пуринге аденин гуанинге немесе керiсiнше немесе бiр пиримидиндi негiздiң басқа пиримидинге тимин цитозинге немесе керiсiнше алмасуы. Транзицияны жай алмасу деп түсiнуге болады, өйткенi нуклеотидтiк жұптар арасындағы пурин-пиримидин бағыты өзгермейдi. Трансверсия – пурин-пиримидин бағытының өзгеруiне әкелетiн күрделi алмасу, пуринді негіздің пиримидинді негізге алмасуы немесе керісінше: А ↔ Т, А ↔ Ц және Г ↔ Т, Г ↔Ц. 2. Код шекарасының оқылуының өзгеруi – ДНҚ молекуласына артық нуклеотидтiң енуi немесе одан нуклеотид жұбының түсiп қалуы.
2). Геномдық мутациялар (хромосомаларының диплоидты санының (2п) әр қилы ауытқуы). Бұған анеуплоидия және полиплоидия жатады.
Анеуплоидия – хромосома санының өзгеруi. Анеуплоидияға моносомиктер жұп хромосомалардың бiреуiнiң жетiспеуi – 2n–1, трисомиктер кариотипте қосымша бiр хромосоманың пайда болуы – 2n+1, нулесомиктер жұп хромосоманың екеуiнiң де жоқ болуы – 2n–2, т. б. жатады. Анеуплоидияның пайда болуының негiзгi механизмi митоздық не мейоздық бөлiнуде кейбiр хромосомалардың клетка полюстерiне ажырамауы немесе жойылуына байланысты болады. Моносомия эмбрионның жатырға бекінуін бұзады. Кiшiгiрiм аутосомалар бойынша моно- және трисомиялы гаметалардан кейде анеуплоидты организм туады, бiрақ оларда спермо- немесе овогенез процесiнiң қалыпты өтуi байқалмайды.
Адамда әр түрлi хромосомалық синдромдар (аутосомалар бойынша трисомиялар – Даун (21), Патау (13), Эдвардс (18); гоносомалар бойынша – Клайнфельтер (ХХҮ, ХХУ, т. б.), Тернер (Х0), ХХХ, т.б.) белгiлi.
Малда Клайнфельтер Тернер, т. б, хромосомалық аурулардың варианттары белгілі бір жиілікпен кездеседі. Тіршілігінің, өнімділігінің және көбею қызметінің төмендеуіне байланысты олар табыннан немесе үйірден қалыс қалады немесе селекция барысында бракқа шығарылады. Мұндай малдарды ертерек тауып, тұқымдыққа қалдырмау керек.
Хромосомалардың гаплоидты санының еселенуi полиплоидия деп аталады. Полиплоидия кезiнде диплоидты организмдердiң 2n орнына, три 3n-, тетра 4n-, пента 5n-, гексаплоидты 6n, т. с. с. организмдер пайда болады. Полиплоидия өсiмдiк селекциясының әдісі. Хромосома санының артуы ядро көлемiн ұлғайтады, нәтижесiнде клетканың мөлшерi ұлғаяды. Қазiргi кезде жоғары өнiмдiлiкпен сипатталатын жүгерiнiң, қызылшаның, томаттың, бидайдың, т. б. дақылдардың полиплоидты сорттары шығарылды.
Жануарларда толық полиплоидия өте сирек кездеседі, ондай төл туылған жағдайдың өзінде ол көп ұзамай өлімге дүшар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |