1. Психотерапевтік әдістер мақсаттары мен міндеттері
2. Психотерапевтік әдістерінің жіктелуі
1. Тұлғаға бағытталған психотерапия әдістері оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестендірілген, олар келесідей:
- емделуші тұлғасының эмоциялық жай күйін, мотивациясы мен қатынас жүйесін зерттеу;
- жүйке жүйесінің жай күйін сақтау мен пайда болуына негіз болатын этипатогенді механизмдерді зерттеу;
- емделушінің өзіндік қатынас жүйесі мен ауруының арасындағы ерекшеліктердің байланысын түсінуге жеткізу;
- Психоапаттық жағдайларды шешуде емделушіге көмек көрсету;
- Емделушінің әлеуметтік функциясының толыққанды қалыптасуына және көңіл күйінің жақсаруына алып келетін мінез құлық формаларын қалыптастыруға көмектесу.
Патогенді психотерапия аяқталу кезеңдерінде қайта тәрбиелеуге жақын, бұл туралы В.М.Бехтерев(1911), П.Б.Ганнушкин(1927), К.И.Платонов(1956), Е.К.Яковлева(1958) және т.б. жазған.
Бұл әдісте психотерапевтің негізгі құралы ретінде емделуші мен оның өмірлік жағдайының арасындағы және қатынас жүйесі мен мотивация арасындағы ерекшеліктер байланысының интерпритациясы болып табылады. Интерпритация тікелей және жанама сұрақтар, ескертулер т.с.с. іске асады.
Қазіргі медицинада нооцентристік аурудың социоцентристік және антропоценристік ауруға көшу жолдары түсіндірілген.
2. «Арт-терапия» терминін 1938 жылы Адриан Хилл қолданысқа енгізді. Арт-терапия өкілдері З.Фрейдтің адамның ішкі «Мені», ол спонтанды түрде сурет салып, жабыстырғанда көрініс береді деген идеясына сүйенеді. Өзін-өзі танудағы арт-терапияның тартымдылығы бұл әдіс көп жағдайда өзін-өзі көрсетудің және қарым-қатынастың вербальды емес тәсілін қолданады. Шығармашылық үдерісінде мидың оң жақ жарты шары жұмыс жасайды. Қазіргі кездегі өркениет көбінесе қарым-қатынастың вербальды жүйесі арқылы әрекет етеді және сол жақ «логикалық» жарты шар жұмыс жасайды деген мәлімет бар. Адамның қалыпты, үйлесімді дамуы екі жарты шардың тең дамуын және қалыпты жарты шараралық өзара әрекеттесуді болжайды. Сонымен қатар, адам белсенділігінің бірнеше түрлері – шығармашылық, интуиция, мәдени білім, отбасын құру, бала тәрбиелеу және олармен қарым-қатынастағы романтика, оң жақ жарты шардың жұмысын талап етеді. Арт-терапия адамның шығармашылық мүмкіндігімен тығыз байланысты оның ішкі өзін-өзі емдеу қорларына әсер етеді.
Библиотерапия (грек тілінен аударғанда biblion - кітап therapeia -емдеу)-адамның психологиялық күйін жақсарту үшін жүйелі оқуды пайдалануға негізделген психотерапия формасы. Педагог немесе психолог адамның өмірлік мәселелеріне бағытталған әдебиетті таңдайды. Оқып болған соң мазмұнын бірлесе оырып талдайды. Кітапты таңдау барысында мәселелерге немесе ішкі дағдарысқа бағыталып, жүзеге асырылу барысында тұлғаның танымдық қабілеттерін және эстетикалық критерийлерін де ескеру қажет. Бұл әдістің негізгі мақсаты адамның өз проблемаларын өздері түсінуге мүмкіндік беру, осы проблемаларды сыртқа шығару мүмкіндігін кеңейу және оларды қоғамда игерілген тәжірибе контексінде енгізу. Осының арқасында өзгелермен ынтымақтастық пайда болады.
Имаготерапия (лат. imago - бейне) - түзету мақсатында нақтылы бейнелерді қайта жаңғыртудағы адамның жаттығуына бағытталған психотерапиялық әдіс. Бұл әдісті 1966 жылы И.Е.Вольперт ұсынған болатын. Ойын психотерапия түріне жатады, кең мағынада - қиын өмірлік жағдайларда адекватты әсер етуге үйрену, коммуникатвиті мүмкіндіктердің кеңейюі, жеке өмірлік тәжірибені жұмылдыру негіз болып табылатын мінез-құлық психтерапиясының бір түрі. Мысал ретінде имаготерапияға алаңдату, сенiм, түсiнiктеме, сендiру, имитациялық бұйрық, қызу қолдау, үйренуді жатқызуға болады.
Ойын психотерапиясы -балаларға және ересекерге ойынды пайдалана отырып психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын - жағдаяттарды игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мағынада, ойын сөзсіз когнитивті дамуын ынталандырады және қалыптастырады. Сондықтан да ойындар адамның өзін-өзі белсендіруге мүмкіндік беретін ортаны жасауға, тудыруға бағытталған. Ойын терапиясы адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Бұл мақсатқа эмпатиялық тыңдау, қабылданатын мінез-құлық шегін құру көмегімен жетеді. Ойын топта жылы достық қарым-қатынас құру тәсілі ретінде ғана емес, даму құралы ретінде де қолданылады. Мұндай ойындарда осы рөлдермен ассоциацияланатын идеялар, жағымды мінез-құлық және құндылықтар меңгеріледі. Ойын психотерапиясындағы бұл процесс тұлғада түрлі эмоция тудыратын, әртүрлі адамдардың рөлін ойнау барысында жалғасын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |