Жұмыстарды талқылау Аппликацияны талдауды балаларды белсенді түрде қатыстыра отырып жүргізу қажет. Алдыңғы сабақтардағыдай балалардың зейінін жұмыстың мазмұнына, бейнелеудің ерекшелігіне, қиюдың сапасына (естиярлар тобына қарағанда жоғары талап қоя отырып) аудару керек. Балаларды өзінің жасаған аппликациясына сын көзбен қарауға және оны басқамен салыстыруға үйрету керек.
Қорытынды «Шығармашалық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмытылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.Жас жеткіншектерді жан-жақты етіп тәрбиелеу – ең басты мәселелердің бірі. Оны шешудің негізгі бір тармағы – эстетикалық тәрбие беру барысында ерекше үлес бейнелеу өнерінің еншісіне тиетіндігінде. Бұл жөнінде танымал ғалым Ф.Жұмабекова: «Бейнелеу өнері тәрбие құралы ретінде баланың жеке басының жан-жақты дамып, қалыптасуына тікелей әсер етеді» - дейді. Бейнелеу өнерімен танысу барысында баланың ақыл-ойы жетіліп, жағымды мінез-құлықтары мен адамгершілік қасиеттері қалыптасып, әсемдік пен сұлулықты қабылдау қасиеті артады. Яғни, қоршаған ортаға, табиғатқа деген эстетикалық сезімі шыңдала түседі.
Эстетикалық тәрбие беруде экскурсияның да маңызы аса зор. Бұл – оқу-тәрбие жұмысының мазмұнды да қызықты түрі. Экскурсия балаларды бейнелеу өнері сабақтарында алған білімдерін кеңейтіп, тереңдетіп, тиянақтауға септігін тигізеді. Мұғалім әрбір экскурсияның алдына белгілі мақсат қойып, бейнелеу өнері бойынша шығармашылық жұмыстардың ерекшелігі жайлы айқын түсінік беруі тиіс.
Бейнелеу өнер сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әр түрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалану оқушының аппликация жасауда шығармашылық тәсілдерін игеруге көмектеседі.
Құрастыру
Бүгінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде елеулі ӛзгерістер болып жатыр. Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңартылуымен байланысты. Мектепке дейінгі білім беру жоғары деңгейдегі техникамен жабдықталған әлемді бағдарлауға және техниканың жаңа түрлерін ӛз бетінше жасауға қабілетті, креативті ойлай білетін шығармашыл адам тәрбиелеуді алдына мақсат етіп қояды. Мазмұнды жаңартудың маңызды шарты білім беруде робототехниканы қолдану болып табылады. Бүгінде робототехника экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Бірқатар еуропа мемлекеттерінде (АҚШ, Жапония, Корея, Қытай және т. б.) робототехника ӛте тез дамып келеді. Жапония елінің ұлттық идея ұғымына жаңғырту және робототехника енгізілген. Сондықтан бұл елде технологияның қарқынды дамуы байқалады. Робототехника – роботтарды құрастырумен, зерттеумен және қолданумен байланысты ғылым мен техниканың саласы. Робототехника жобалау, бағдарламалық қамтамасыз ету, роботтардың сезінуі, оларды басқару, сондай-ақ ӛнеркәсіпті және ӛнеркәсіптік емес саланы роботтандыру мәселелерін қамтиды. Лего-құрастыру мен білім берудегі робототехника мектепке дейінгі ұйымда техникалық тұрғыдан сауатты тұлғаны дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Құрастыру» ұйымдастырылған оқу қызметін білім беру процесінің міндетті компоненті ретінде айқындайды және тәрбиелеу, білім беру мен дамытудың маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Әдістемелік ҧсынымдардың мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың құрастыру дағдыларын қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне әдістемелік кӛмек кӛрсету. Міндеттері: - білім беру саласында робототехниканы қолдануда педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру; - балаларда робот құрастырудың негізгі дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау; - жас ұрпақтың заманауи білім беру конструкторларын қолданып, атааналармен белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Балалардың құрастыру әрекетінің зерттелуі ғалымдар: Л.С.Выготскийдің, Д.Б.Богоявленскаяның, В.В.Давыдовтың, А.В.Запорожецтің, А.Н.Леонтьевтің, Н.Н.Поддьяковтың, С.Л.Рубинштейннің, В.Г.Нечаеваның, Е.А.Флеринаның еңбектерінде кӛрініс тапты. Аталған әдістемелік ұсынымдардың жаңалығы заманауи ақпараттық технологияларды қолданып, білім беру процесін ұйымдастыруда робототехниканың жаңа элементтерін енгізу болып табылады. Әдістемелік ұсынымдарда құрастырудың түрлері мен формалары (робототехника мен Лего конструкторлары), заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұны туралы ақпарат берілген, балалардың құрастыру біліктері мен дағдыларын дамыту жағдайлары ашып кӛрсетілген. Балаларға құрастыруды үйрету белсенді сӛздік қорын заманауи терминдермен байытуға, танымдық процестерін дамытуға, ойынды зерттеу және эксперименттік әрекетпен біріктіруге, сондай-ақ одан әрі балаларды әлеуметтендіруге (ұжымда жұмыс істей білу) ықпал етеді. БАЛАЛАРДЫҢ ҚҦРАСТЫРУ БІЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ҤШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ Мектепке дейінгі ұйымда балаларды құрастыру дағдыларына үйретудің мақсаты - баланың ӛзіндік шығармашыл тұлғасын дамыту болып табылады. Шығармашылық дағдыларын дамыту баланың: - бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа құрылыстар жасау; - осы мақсатта құрастырудың жаңа тәсілдерін қолдану; - таныс құрылыстарды қайта құрастыруға қабілеттілігін білдіреді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес барлық мектепке дейінгі жас топтарында (ерте жас тобынан басқа) апталық оқу жүктемесінің кӛлемі - 0,5 сағат «Құрастыру» ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын енгізу жағдайында аталған технология білім беру салаларын («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет») кіріктіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру тиісті заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру жағдайында, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануда, сонымен қатар ӛтпелі тақырыптарға сәйкес білім беру салаларын кіріктіруде қамтамасыз етіледі. «Денсаулық» білім беру саласы Баланың қимыл белсенділігі жетіледі, дене қасиеттері: қимыл-қозғалыс үйлесімі, кӛзбен шамалау, кеңістікті бағдарлау, ептілік және т.б. қалыптасады. Балалар құрылыстарды ірі бӛлшектерден тұрғызуға бар күшін салады, шыдамдылық пен тӛзімділік танытады. Үнемі эмоционалды кӛңілкүйді кӛтеретін әртүрлі қимылдарды жаттықтыру осы қимылдардың жылдам, епті, кӛзбен бақылауға жеңіл болуына ықпал етеді. Бүгу бұлшық еттері мен жазу бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс істеуі жақсарады. «Қатынас» білім беру саласы Мектепке дейінгі ұйым жағдайларында «Құрастыру» балалардың сӛйлеуін жетілдіруге ықпал етеді: олар ӛз ойларымен бӛліседі, ӛз әрекеттерін түсіндіреді, шешімдерін айтады, сӛздік қоры кеңейеді, эмоционалдық кӛңілкүйі жақсарады. Ойында лексика-грамматикалық құрылымды бекітуге болады: сан есім мен сын есімді (бірінші вагон, екінші, үшінші, сары кірпіш, қызыл) үйрету. Балалар ойын барысында ӛздерінің сүйікті кейіпкерлерінің рӛліне енеді және әлемге ӛзінің кӛзқарасын білдіреді, тілектері мен қызығушылықтарын жүзеге асырады. Педагог суреттер қарастыруда, экскурсияларда балалардың эмоционалды түрде қабылдауы үшін түрлі тәсілдерді: кӛркем сӛз, жұмбақтар, сұрақтар, бейне кӛрсетілімдер және т.б. қолданады. Тұрғызылған құрылыстарды, қолдан жасалған бұйымдарды балалар бірлескен ойындарда және театрландырылған әрекетте пайдаланады. «Таным» білім беру саласы Құрылыс материалдарынан құрылыстар тұрғызу кезінде балалар геометриялық кӛлемді пішіндермен танысады, олардың қасиеттерін зерттейді, құрастыру композициясының ережелерін меңгереді (симметрияның, тепе-теңдіктің, үйлесімділіктің маңызы туралы түсініктер алады). Бала заттың, үлгінің (кӛлемі, құрылысы және т.б.) сыртқы қасиеттерін ажыратуды үйренеді, сонымен қатар оның танымдық біліктері мен практикалық әрекеттері дамиды, тұрғызылатын құрылыстар мен қоршаған ортадан кӛргендері арасында байланыс орнатады. Лего Duplo блоктары бар конструкторды немесе ұқсас конструкторды балалардың математикалық түсініктерін дамытатын ойында қолдануға болады. Мысалы, әрбір платформа-вагонға 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жазып және оларды ретімен біріктіру. Сандар балаға қай құрам қанша Лего кірпіштерін тасу керектігін кӛрсетеді, бала санауды үйренеді, реттік сан есімді есінде сақтайды және қолдың ұсақ моторикасы дамиды, сондай-ақ ол кірпіштердің қайда кӛп, қайда аз екенін кӛзбен шолу арқылы анықтай алады. «Шығармашылық» білім беру саласы Құрылыстарды салу барысында балалардың кӛркемдік талғамын дамытуға, ӛздерінің тұрғызған құрылыстарынан, бӛлмені безендіруден, сыйлық ретінде қолдан жасаған бұйымдарынан эстетикалық ләззат алуға мүмкіндіктері болады. Әсем ғимараттарды қарастыруда балалардың рухани қасиеттері қалыптасады, олар шығармашылық еңбекпен жасалғанды бағалауды үйренеді: ӛз қаласының, елінің сәулеттік байлықтарына қамқорлықпен қарайды. Ғимараттарды құрастыруда балалар шынайы құрылыс материалдарымен танысады. Ол үшін экскурсиялар, сәулет ескерткіштері бейнеленген суреттерді қарастыруды ұйымдастыру ұсынылады. «Әлеумет» білім беру саласы Ұжыммен құрылыстар тұрғызуды ұйымдастыру кезінде ұжымда алғашқы бірлескен жұмыс дағдыларына тәрбиелеу үшін зор мүмкіндіктер болады. Құрылыс материалдарымен ойындар еңбек әрекетіне ұқсас болып келеді. Олар балалардың бойында еңбекке дайындайтын мынадай қасиеттерді: мақсат қоя білуге, ӛз жұмысын жоспарлауға, қажетті материалды таңдауға, ӛз жұмысының нәтижесін және достарының жұмыстарын сыни тұрғыдан бағалауға, қойылған мақсатты шығармашылықпен жүзеге асыруға тәрбиелейді. Құрастыру әрекетінің барысында балалардың еңбексүйгіштігі, дербестігі, жұмысқа жауапкершілігі дамиды. «Құрастыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде және ойында балалар жігерлі, сабырлы болуға, тәрбиешіні тыңдай білуге, оның нұсқауларына сәйкес жұмыс істеуге, мақсатқа жетуде қиындықтарды еңсеруге ұмтылады. Осы бағыт бойынша табысты жұмыс жүргізу үшін бірқатар жағдайларды ескеру қажет: - түрлі конструкторлардың болуы (қарапайым текшелер, бағдарламамен қамтамасыз етілген конструкторлар); - зерттеу әрекетіне бағыттайтын түрлі ынталандырушы материалдар: фотосуреттер, суреттер, сызбалар қолдану; - құрылыстар салу үшін балалар қажеттісін таңдап алатындай бӛлшектердің кӛбірек болуы тиіс; - балалардың техникалық шығармашылығын дамыту үшін оқытудың белсенді түрлерін қолдану; - балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес балалардың құрастыру әрекеті үшін арнайы кеңістік ұйымдастырылуы қажет. Мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі конструкторлармен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Нарықта оларды таңдаудың кең ауқымы ұсынылған. Қолданылу сипаты бойынша: - бір рет пайдаланылатын конструкторлар (олар бӛлшектерді желімдеуге арналған, кейін конструкторды қайта пайдалануға болмайды); - құрылыс мазмұнына шектеулі конструкторлар (тек қана белгілі бір құрылыс түрлеріне пайдаланылуы мүмкін элементтерден тұрады); - әмбебап констукторлар (құрылыс мазмұны, бірнеше рет пайдалану мүмкіндігі шектелмеген) болып бӛлінеді. Мектепке дейінгі ересек жаста бейнелік-сызбалық ойлау қалыптасатынын ескеретін болсақ, 5-6 жастағы бала суреттер, фотосуреттер және сызбалар бойынша құрылыстар мен қолдан бұйымдар жасай алуы мүмкін. Олар балалардың құрылыстарды салуға деген қызығушылықтарын ояту үшін қажет. Балалар қолда бар жиынтықтарды пайдалана білу керек, бӛлшектердің неге арналғанын білу және оларды дұрыс атау (ұзын, қысқа, кең, тар, тӛртбұрышты, үшбұрышты пластина, үлкен (кіші) текше, кесек, цилиндр). Құрылыс материалының жиынтықтары мен конструкторлар балаларға бірден берілмейді, олармен жұмыс істеуді игеруіне қарай біртіндеп беріледі. Балалар педагогтың басшылығымен конструктормен танысқаннан кейін оны дербес әрекетте ӛздері пайдалануы үшін «Шығармашылық» бұрышына орналастыруға болады. Құрастыруда қолданылатын материалдардың әртүрлі болуы ескеріліп, оларды сақтайтын орын ойластырылуы тиіс. Материалдардың түріне байланысты оларды қораптарға бӛліп салу ыңғайлы, сондай-ақ олар балаларға қол жетімді болуы керек. Материалды топтастыру процесін балалармен бірге жүзеге асыру орынды. Бұл оның тұрған орнын есте сақтауға, балаларды жинақылыққа, ұқыптылыққа баулуға және әртүрлі материалдардың қасиеттері туралы білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Осылайша, мектепке дейінгі ересек жас топтарында робототехниканы іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасау: - құрастыру мен бағдарлама жасаудың негізгі дағдыларын қалыптастыруды; - қолдың ұсақ моторикасын дамытуды; - ӛз ӛнімдерін әзірлеуге ынталандыруды; - танымдық процестерді дамытуды; - жеке тұлғалық қасиеттер: еңбек сүйгіштікке талпыну, қоршаған ортаға қамқорлықты, ұқыптылықты, шыдамдылықты, жинақтылықты және т.б. тәрбиелеуді қамтамасыз етеді. ЛЕГО – ТЕХНОЛОГИЯ ДАМЫТА ОҚЫТУ ҚҦРАЛЫ Лего-құрастыру – әмбебап Лего элементтерін қолданып (құрылыс ойындары), шығармашылық модельдеуге негізделген ӛнімді әрекет түрі. Бұл технологияның ӛзектілігі мектепке дейінгі ересек жастағы бала үшін техника әлемін ашады. LEGO-құрастыру басқа әрекет түрлеріне қарағанда ауқымды, балалардың техникалық қабілеттерін дамыту үшін негіз болады. Мектепке дейінгі ұйымда ЛЕГО-құрастыруды қолданудың мақсатыбалаларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту. Мұндай әрекет түрінде бала техникалық құрастыру негіздеріне тартылады, оның шығармашылық белсенділігі мен дербестігі, мақсатты тұжырымдау мен танымдық әрекеттерге қабілеттілігі, модельдеуге және құрастыруға деген қызығушылығы дамиды. Педагогтер оларды әлеуметте табысты әрекет етуді қалыптастыруға бағытталған ойыншықтар қатарына жатқызады. Бала психикасына шамадан тыс күш түсіретін мазмұны жылдам ауысатын компьютерлік ойындардан ерекшелігі, «LEGO» ойыншықтармен балалар ӛздеріне ыңғайлы қарқында ойнайды, басқа үлгілерді жинай отырып, жаңа сюжеттер ойлап шығарады. «LEGO» құрастыруды екі үлкен топқа бӛлуге болады: әдеттегі ұсақ «LEGO» және ірі «LEGO DUPLO». Бұл жиынтықтардың әртүрлі бӛлшектері кӛп емес - негізінен тікбұрышты және тӛртбұрышты кірпіштер мен пластинкалар. Бұл жиынтықтағы кӛптеген автомобильдер екі бӛлікке бӛлінеді - дӛңгелектер мен платформа және машина қорабы. Кейбір жиынтықтарда есіктер, терезелер, дуалдар бар. Мұндай элементтер құрылысқа ӛте қызықты әсер береді. Осындай жиынтықтардың тағы бір артықшылығы пластинаға бекітілетін пластмассадан жасалған адамдар мен жануарлардың кӛп болуы. Бұдан басқа «LEGO DUPLO» баланы санауға, әріптерді тануға, нұсқаулар бойынша құрастыруға үйретуге арналған кӛптеген үйретуші жиынтықтыр бар. ЛЕГО-технология кіріктіру принциптеріне құрылып, баланың шынайы әлемде, кеңістікті және уақытты бағдарлау тәсілімен ойын мен эксперимент элементтерін біріктіреді. ЛЕГО-технология ӛзінің педагогикалық жанжақтылығына қарай мектепке дейінгі ұйымдарда дамыта оқытудың ең маңызды құралы болып табылады. ЛЕГО жиынтығының екі және одан көбірек бөлшектерін қолданып, ойынның сюжетін беретін ойыншықтар нҧсқаларының шектелмеген санын іс жҥзінде жинауға болады. Балалар рөлдік ойындарда өздері қҧрастырған темір жол бекеттерінің, кемелердің, машиналардың және т.б. ҥлгілерін пайдаланады. Техникалық шығармашылықты дамыту үшін мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға графикалық сызбалар түріндегі тапсырмаларды, салынатын құрылыстың күрделіленген үлгілерін, ойлауы, шарттары бойынша жұмысты, түрлі тақырыптық тапсырмаларды қолдануға болады. «LEGO» құрастырудың кӛмегімен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында айқындалған бес білім беру салаларын іске асыруға (қандай мақсат кӛзделуіне байланысты) болады. Мысалы, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруда «LEGO DUPLO» - «Әлем халықтары» мен «Қыздар – аналар» тақырыптық жиынтығын қолдану балалаларды дәстүрлі ойынға тартуға мүмкіндік береді, онда қатысушылар отбасылық қарым-қатынас жүйесін жасайды, отбасы мүшелерінің рӛлдеріне бейімделеді, отбасылық қарым-қатынастарды ойнайды. «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде «LEGO» құрастыру тура және кері санау, сандарды салыстыру, сандардың құрамын, геометриялық пішіндерді білу, жазықтықта бағдарлай білу дағдыларын: «Жетіспейтін пішінді табу», «Мұнаралар», «Түрлі-түсті жолдар», «Сандық қатарды жалғастыру» және т.б. ойындар арқылы дамыту және бекіту мақсатында қолданылады. Лего-технология жобалау әрекетінде кеңінен қолданылады. Әр бала қарапайым тапсырмалардан неғұрлым күрделіге ауыса отырып, ӛзінің қарқынымен жұмыс істей алады. Жобалардың үлгі тақырыптары: «Менің қалам», «Ғажайып ғимарат», «Ферма», «Кӛлік құралдары», «Ғарыш», «Әскери техника», «Темір жол». Топтық әрекетте балалар тек қана бір-бірімен сӛйлесіп қоймай, сондайақ бӛлшектерді бекіту тәсілдері туралы кеңестерімен алмасады немесе неғұрлым ауқымды құрылыстар салу үшін ӛз үлгілерін біріктіреді. Бірлескен әрекетке қатысушылар үшін бір-бірімен сӛйлесіп және кеңесіп, туындаған мәселелерді шешуге, ӛз қателіктерін түзетуге жағдай жасау маңызды. Сонымен қатар, басқа балалармен ӛзара әрекет етуге қажетті әлеуметтік дағдылар: дербестік, жігерлілік, жауапкершілік, ӛзара түсіністікті дамытуға жағдай жасалады. Ересек топта балалар бӛлшектерді бекіту тәсілін кӛрсету негізінде ғана құрастырмайды, сондай-ақ дайын үлгіні талдау негізінде құрастырады, келешекте салынатын құрылысты ойластыра алады. Жұмыс үшін графикалық модельдерді қолдануға болады. Балаларда шығармашылық тапсырмаларды шешуде дербестік пайда болады, ойлаудың икемділігі дамиды. Жыл бойы материалды, сюжетті таңдау еркіндігі, бӛлшектерді орынды қолдануы артады. Педагогтер мен ата-аналар серіктес болып, бірлесіп және бір бағытта жұмыс істегенде мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің тиімділігі неғұрлым жоғары болады. ЛЕГО-технологияларды қолдану ата-аналарға балалармен бірлескен кештерде ұйымдастырылған ойын-сауықтарға қатысуға мүмкіндік береді. «Тең дәрежедегі» бірлескен жасампаз әрекет зор дамытушы әлеуетке ие болады: ересектерге баласының қызығушылықтарын түсінуге және дарынын ашуға, ӛзара түсіністік орнатуға, жалпы істе әрбір қатысушының маңызды екенін сезінуге мүмкіндік береді. ҚҦРАСТЫРУДЫҢ ТҤРЛЕРІ Құрастыру және робототехника – балалар мен ата-аналардың назарын аударатын ғылым мен техниканың ең озық бағыттарының бірі Ең кішкентай «робототехниктер» үшін үлкен бӛлшектермен құрастырудың ерекше түрін пайдалану ұсынылады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үшін LEGO Education, Huna, Makeblock конструкторлары және басқалар қолдануға ең қолайлы. Біріншісі ең танымал және әмбебап болып саналады, кӛбінесе ол мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылады. Бұл құрастырулар қарапайым LEGO модельдерін компьютерде қолданбалар арқылы жинауға мүмкіндік береді. 158 элемент жиынтығында, оның ішінде қозғалтқыш, қозғалыс және орнығу датчиктері, сондай-ақ LEGO USB Hub (коммутатор) бар. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен оқу құралдарын біріктіре отырып, 12 тақырыптық тапсырмаларды орындауға болады («Би құстары», «Маймылдар-барабаншылар», «Аш аллигатор», «Жыртқыш құс», «Ырылдаған арыстан» т.б.). Мектепке дейінгі ұйымдарда құрастыру материалдары кеңінен қолданылады: ірі модульдердің кӛпфункционалды жиынтығы, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған алты компьютерлік бағдарлама сериясы (мысалы, конструкторлар: LEGO DUPLO, "Құрылысшы" (кемінде 300 бӛлшектер), ағаш "Сәулетші" (70 бӛлшектен кем емес). Тек құрастыру үшін арнайы материалдар бар – бұл құрылыс жинақтары мен конструкторлары. Құрылыс жиынтығы әртүрлі геометриялық денелердің (куб, цилиндр, призм және т.б.) болуын білдіреді. Ол ұсақ (үстел) және ірі болып бӛлінеді. Ересектер тобында (5 жастан 6 жасқа дейін) балалар модельдерді жасау бойынша ӛз идеяларын LEGO виртуалды конструкторында – LEGO Digital Designer бағдарламасында да жасай алады. Робототехниканың келесідей түрлері бар: спорттық, ӛз жетістіктерін кӛрсетуге бағытталған. Белгілі бір уақыт ішінде ол ӛнім жасайды, содан кейін жарыстарға қатысады; шығармашылық, ӛзі үшін роботты құрастыруға бағытталған. білім беру, баланың үйлесімді тұлғасының маңызды сапасын дамытуға мүмкіндік береді. Білім беру робототехникасы - оқытудың жаңа пәнаралық бағытына қатысты болып табылады, автоматтандырылған техникалық жүйені әзірлеумен айналысатын және ӛндірісті жеделдетудің маңызды техникалық негізі болып табылады. Құрастыру келесі түрлерге бӛлінеді: - үлгі бойынша (сызба, сурет, мнемокесте, үлгі). Мектепке дейінгі жастағы балалардың Lego құрастыру негізінде бастапқы құрастыру біліктерін дамыту. Балалардың құрастыру шығармашылығын жандандыру ретінде әртүрлі ынталандырушы материалды қолданған жӛн: ізденушілік іс-әрекетке бағытталған фотосуреттер, суреттер, кестелер. Кестелерді, суреттерді қолдану құрастыру процесін тездетеді; - шарттары бойынша (Н.Н. Поддьяков ұсынған). Балаларға құрылыстардың, суреттердің үлгілерін және оларды тұрғызу тәсілдерін бермей, тек құрылыс сәйкес болуы тиіс шарттарды ғана анықтайды. Мысалы, балалар құрылыс конструкторынан үй салды, енді педагог осы үйлермен кӛршілес гараж салуды ұсынады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ойыншық арқылы құрастырылған заттарды ӛз бетімен жасай алады. - мақсаты бойынша: балалар ӛз бетінше құрастырады. Бұл форма балалардың шығармашылығын дамыту үшін, олардың дербестігін кӛрсету үшін үлкен мүмкіндіктерге ие; - тақырып бойынша: құрылысты таңдау жобаның тақырыбына байланысты. Жұмыста құрылыс материалдары мен стандартты құрылымдар (жиі зауытта жасалған) жиі қолдана алады, ағаш текшелер немесе Лего конструкторы, сондай-ақ оларға ұқсас барлық материалдар. Құрылысты орындауға ұсыныста белгілі бір параметрлер беріледі (ӛзеннің ені, кӛпірдің биіктігі кеменің биіктігіне, яхтаға сәйкес келуі тиіс олар оның астында жүзуі керек). Берілген жағдайларды ескере отырып, бала құрылыстың ұзындығы мен биіктігін және т. б. ӛз бетінше анықтауға тиіс. Құрастырудың нысандары мен түрлерін үлгілік бағдарламаға сүйене отырып, кезектестіру қажет, мұнда нысаналы бағдарлар жартыжылдық бойынша анықталған. «Құрастыру» ҰОҚ алға қойылған міндеттерге байланысты білім беру қызметінің түрлі әдістері қолданылады: - құрастыру, шығармашылық зерттеулер, ӛз үлгілерін таныстыру, топтар арасындағы жарыстар; - сӛздік (әңгімелесу, әңгіме, нұсқаулық, түсініктеме); - кӛрнекі құралдар (нұсқау бойынша жұмыс, кӛрсету); - практикалық (үлгілерді құрастыру); - репродуктивті әдіс (дайын ақпаратты қабылдау және меңгеру); - ішінара-іздеу (вариативтік тапсырмаларды орындау); - зерттеу әдісі. Тәсілдер: табиғи нысанды бақылау; үлгіні кӛрсету және талдау; құрылысты орындаудың кезектілігі мен тәсілдерін түсіндіру, түсініктеме, салыстыру, ерекше назар аудару, кӛзбен салыстыру, мотивация, ойын жағдайын жасау және т. б. Құрастырудың бір түрін меңгеру барысында алынған білім, білік және дағдыларды балалар қызметінің басқа да түрлерінде қолдана білуі маңызды. ЕРЕСЕК ТОПТА РОБОТОТЕХНИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ Ересек топта балалар белгілі бір сындарлы білімдерді, техникалық білімдерді меңгереді, жұмыстың жаңа тәсілдерін саналы және табандылықпен игереді. Олар кӛп нәрсені ӛз бетінше жасай алады. Осы жастағы балалар бӛлшектерді таңдап қана қоймай, үлгі, кесте, сызба және ӛз ойы бойынша құрастыра алады. Білім кӛзі: қоршаған ортаны тікелей бақылау, интернет, теледидар, кітаптар мен ересектердің әңгімелері арқылы ақпарат алу. Мектепке дейінгі ұйымда барлық жастағы топтарда балаларға еркін қолжетімді LEGO құрастыру орталықтары (Lego конструкторларының жиынтығы, LEGO-ға ұқсас, құрылымдарды құрастыруға арналған кестелер) жабдықталуы тиіс. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі үлгілік оқу жоспарына сәйкес ересек топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы кӛлемі 25-30 минутты құрайды. "Құрастыру" ҰОҚ жүргізу белгілі бір алгоритмде жүзеге асырылады: I. Кіріспе бӛлім. (4-5 минут). Үлгіні қарастыру (кестелер, сызбалар, суреттер, картиналар), түсіндіру, балаларға сұрақтар қою. II. Негізгі бӛлім (17-20 минут). Ӛнімді әрекет. Іздеу - жалпы жиынтықтан қажетті бӛлшектерді таңдау. Барлық жиналған бӛліктерді бір тұтас пішінге ретімен біріктіру. Нұсқаулар, ескертулер, жеке кӛрсету, мадақтау. Түпнұсқалық жаңалықтарды, шығармашылық тәсілді міндетті түрде белгілеу. Құрастырған затын үлгімен салыстыру. III. Қорытынды бӛлім. Балалар жұмыстарын талдау (4-5 минут). Ұқыптылығын, беріктігін, бӛлшектерінің болуын, түпнұсқаға немесе сызбаға сәйкестігін, түпнұсқалығы мен т. б. белгілеу. Балаға ӛз ойыншығын қарап, барлығын жақсы орындап, қандай қиындықтарға тап болғанын айтып беруді ұсынуға болады. Педагог балаларды орындаған жұмысы үшін мадақтайды. Жыл басында, негізінен, дайын үлгі бойынша жасайды, онда балалар құрылыс заттарын тексереді, болашақ құрылымын талдап, оны орындау реттілігін белгілейді және осының негізінде нысан жасауды үйренеді. Заттарды зерттеу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады: 1) жалпы сипаттамасы бар затты тұтас қарау (мысалы, «үлкен балабақша ғимараты, учаскелерде әдемі безендірілген қалқалар мен күркелер бар», «Бәйтерек» - шармен ең биік құрастырылған Астананың басты кӛрікті орны» және т. б.); 2) заттың жалпы нысанын анықтау (ғимарат нысаны тік немесе кӛлденең орналасқан үлкен тіктӛртбұрышқа (қақпаға) ұқсайды); оның негізгі бӛліктерін бӛлу, олардың пішіні мен кӛлемін анықтау; 3) бір-біріне қатысты бӛліктердің кеңістіктікте орналасуын анықтау (жоғарыдан, тӛменнен, солдан, оңнан, жоғары, тӛмен); 4) ұсақ бӛліктерді бӛліп алу және олардың негізгі бӛліктерге қатысты кеңістіктікте орналасуын анықтау; әрбір бӛліктің жасалған материалын анықтау (бӛлшектердің, материалдың атауын, оның сапасын және т. б. нақтылау); 5) оның жалпы сипаттамасын анықтау арқылы затты қайта қарастыру («Міне, биік ғимарат, сіз құрылыс салуды үйренесіз» және т.б.). Педагогтың басшылығымен балалар оларға қосылудың жаңа тәсілдерін меңгереді (мысалы, гайкалар мен гайка кілттерінің кӛмегімен бӛлшектерді қосу). Ойдан затты құрастыру алдында оны құруға үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыс құрастырылатын құрылыстар мен олардың қоршаған ортада кӛргендерімен арасындағы байланысты орнатуға; әртүрлі құрылыстар мен құрылымдар құру іскерлігін дамытуға бағытталған. Балаларға қолдан бұйымдар жасау жұмыс орнын дайындаудан басталатындығын, бұл еңбек барысында белгілі бір ережелерді сақтау қажеттігі түсіндіріледі. Алдымен, болашақ бұйымның үлгісін мұқият талдап, кӛлемі мен құрылымы жағынан әртүрлі бір нысанды жасауға, содан соң баланы құрастыру алдындағы жұмыс барысын талдауға үйретуге болады. Педагог басынан аяғына дейін құрылыстың қалай құрылғанын, түсіндіреді. Жыл басында балаларға балабақша учаскесін бірлесіп салуды ұсынуға болады. Құрылыс аяқталғаннан кейін балаларды құрылысты талқылауға тартуға, кімнің учаскесі түпнұсқаға ұқсас екендігін анықтауға болады. Мұнда балалар тапсырманы ұжыммен орындай отырып, ортақ шешім табуға үйренеді. Педагог балаларға ойды дұрыс және дәл баяндауға кӛмектеседі. Қиын жағдайларда педагог: жетекші сауалдарды қолдану, жұмыстың жекелеген тәсілдерін кӛрсету, бейнеленген заттың бӛлшектерінің ӛзіне тән ерекшеліктерін нақтылау, тиісті иллюстрацияларды кӛрсетуге кӛмектеседі. Педагог балаларды сюжетті одан әрі ӛрістетуге ынталандырады және ҰОҚ-нен бос уақытта балалардың құрылыс ойындарын кӛтермелейді, құрылыстардың жаңа нұсқаларына мүмкіндік береді. Ойынды байыту үшін, құрастыру процесіне жағымды ықпал ететін адамдар, жануарлар, ӛсімдіктер, кӛлік, ойын элементтерін бейнелейтін түрлі ұсақ ойыншықтар қолданылады. Бұдан әрі балаларға 3-4 қабатта шағын үй салуды ұсынуға болады. Мұнда бір қабатының жабынын салу тәсілін кӛрсету маңызды: іргетасқа терезелер үшін ойықтар пайда болатындай бӛлшектер орнатылады, ал оларға пластиналар (тілімдер) қойылады. Талдау кезінде ерекше рәсімделген құрылыстар (балконмен, баспалдақпен, кіре берістегі күнқағармен, фронтонмен, цилиндр бағаналарымен), ілеспе құрылыстармен (гүлзарлармен, орындықтармен, құдықтармен, субұрқақтармен, жолдармен, бассейндермен, гараждармен және т.б.) кӛрсетіледі. Содан кейін балаларға қала кӛшесін құрылыс материалынан құрастыруды ұсынуға болады. Ол үшін, ұзын сызыққа жылжыған үстелдерде әр бала ӛз үйін салады, содан кейін барлық балалар машиналармен, ағаштармен және т.б. (дайын ойыншықтар) «кӛшені» толықтырады. Балалар оны қарап, онда не салуға болатынын талқылауы үшін «кӛшені» бірнеше күнге сақтаған жӛн. Бұл балалардың қиялын жандандырады және «кӛшені» жаңа заттармен толықтыруға шешім қабылдауға әкеледі, мысалы, автобус аялдамасын жасау, машиналарға арналған паркинг орналастыру, "зебра"салу. 5-6 жастағы балалармен материалдармен және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша жұмыстар жүргізіледі. Балаларды жұмыс орнын ретке келтіруге, жұмыс барысында материалдар мен құралдарды қамқорлықпен және ұқыпты пайдалануға үйретеді.