Аппикация
алалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден - бір тиімді жолдары көркем-өнер болып табылады . Эстетикалық тәрбиеде көркем- өнерге ерекше көңіл бөлінеді.Ол әртүрлі сезімге бөлей отырып,қоршағанортаға мұқият қарауға үйретеді. Әркімнің өмір құбылыстарын көркемдік тұрғысы -нан қабылдауы қашан да өзіндік ерекшелік болып табылады.Бала қашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосуға бейім. Балалар өз ойларын шығармашылық қабіллеттер арқылы жет- кізе алады. Мектепке дейінгі мекемедегі бағдарламаның шығармашылық сала -сының бірі жапсыру сабағы. Жапсыруға үйрете отырып, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қол моторикасын, шығармашылық қызығушылықтарын арттыра түсеміз.
Аппликация (жапсыру) -(латынша арріісаііо — салу) дегеніміз - кез келген материалдан кесіліп алынған әр түрлі формалардан, фигуралардан белгілі бір фонға сәйкестендіре отырып тігу немесе жапсыру арқылы көркем бейне жасау әдісі. Аппликацияға әр түрлі материалдарпайдаланылады: былғары, киіз, шұға, ағаштың қабығы, тері, мата, ши, қағаз т.б.Қағаздан аппликация жасауXVI ғасырда пайда болады.
Аппликация — мектепке дейінгі жастағы балалардың жапсыру арқылы жасалатын іс-әрекетінің бір түрі.
Аппликация — бейнелеу іс-әрекетінің балалар сүйетін біртүрі: балаларды қағаздың ашық түсі, фигуралардың сәттілікпен үйлесімді орналасуы қуантады, қию мен жапсырудың техникасы оларда үлкен қызығушылық тудырады.Балалар аппликациялық жұмыстарды орындайотырып, жаңа нәтижелерді игереді, басқа сабақтарда алған үғымдарынқалыптастырады. Бейнелеу іс-әрекетінің барлық түрлері, соньщ ішіне аппликация да кіреді, балаларда белгілі бір білімнің қалып- тасуына, іскерліктерінің дамуына, дағды мен жеке бастың тәрбиесінің қалыптасу-ына бағытталады.Аппликацияның өзіндік ерекшелігі балаларға заттардың түр-түсі туралы, олардың құрылысы, көлемі, жазықтық формасы мен композициясы туралыбілімді белсене меңгеруге мүмкіндік береді. Қиылған формалардыәрлі-берлі жылжытуға, бір форманы екіншісінің үстіне салып көріп салыстыруға аппликацияның мүмкіндігі мол. Бүл композиялық білім мен іскерлікті жедел игеруге көмеқтеседі, ол тек сюжетті және декорациялық аппликация жасау үшін ғана емес, сондай-ақ сурет салу үшін де маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |