Дәріс 1 Пәнге кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері Пәннің қысқаша сипаттамасы


Естиярлар тобындағы аппликацияға үйретудің әдіс-тәсілдері



бет30/32
Дата16.06.2022
өлшемі1,53 Mb.
#36939
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Естиярлар тобындағы аппликацияға үйретудің әдіс-тәсілдері
Заттардың контуры бойынша қол қозғалысын қадағалау, түрлі дидактикалық ойындарды пайдалану, иллюстрацияларды, ашық хаттарды қарау, сондай-ақ айналада болып жатқан құбылыстарды бақылау. Үйрету әдістері балалардың бұрынғы меңгерген тақырыбына да байланысты болып келеді. Жетекші әдістердің бірі – алдағы бейнелейтін затты талдау мен зерттеуді қарастыратын ақпараттық-рецепциялық әдіс болып табылады. Зат туралы, оның сапасы мен бейнелеу әдістерін айтуға мүмкіндік бере отырып, олардың белсенділігін арттырады. Жеке бөліктерден заттық бейнелеуді құрастыра отырып, форма қиюды, көлемдік қатынасын сақтай отырып заттың құрылысын беруді үйренеді. Сәндік немесе бір типтес заттық бейнелеуді орындайтын болса, онда құрастыру нұсқаларын, түс үйлесімін, әр түрлі орналасуын, нұсқалы үлгілердің тиімді пайдаланылуын көрсету керек. Немесе тек бір заттың өзін белгілі бір элементтермен түрліше безендіруге болады. Естиярлар тобында қию алғаш рет жүргізіледі. Сондықтан басты назар қайшымен жұмыс істеу техникасына аударылады, қию тәсілдері көрсетіледі. Бірінші сабақта тәрбиеші қайшыны қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетеді. Қағазды кесу тәсілдерін көрсете отырып тәрбиеші алдымен қайшының жүзін ашып, сол қолымен қағаздың жіңішке тілкемін салады да, қайшының сақиналарын басып қалып, кішкентай тілкемнен тік үшбұрыш немесе жолақ шығатынын көрсетуі керек. Жалпақ қағаз тілкемін кескен кезде қайшының жұмыс істеу тәсілін көрсету керек. Балаларды дөңгелек формаларды кесу тәсіліне үйрету процесінде қағазды қолда жайымен айналдыра отырып оларды шаршының, үшбұрыштың тек қана бұрыштарын кесу керектігіне үйрету керек. Бұл – балалар үшін ең қиын тәсілдің бірі, сондықтан алдымен жаттығу үшін жай қағаз, сонан соң түрлі-түсті қағаз беру керек. Қиюдың әдістерін барлығына көрсет. Барлық көрсететін әрекетін нақты сөзбен түсіндіріп, кейде бейнелі салыстыруға жүгінеміз. Сопақшаны қандай қағаз дайындамасынан және қалай қиюға болатынын сұрау балалар үшін аса пайдалы болып табылады. Балалар ойлана отырып, бұл форманы тік үшбұрыштың бұрышын кесіп тастап барып алуға болатынын айтады. Тәрбиеші бұрыштың айналдырыла кесілетінін пысықтайды. Қию техникасын меңгеруді түрлі қызықты аппликациялық бейнелеуді жасаудың кепілі деп түсінулері керек. Алдыңғы тәжірибелерге сүйене отырып мұнымен балалардың белсенді ойлауын, дұрыс шешім табу қабілетін дамытуға болады. Бірқатар жағдайларда репродукциялық әдіс тиімді болып табылады. Тәрбиеші балалардың қайшыны қалай ұстағанын, олардың қалай ашқанын, бұның кімдерге қиынға түскенін бақылап тұрады. Кейде қағазға әуелі саусағымен сызық «сызып», қайшыны сол бойынша жүргізуді ұсынуына болады. Бұл қию тәсіліне байыпты көзбен қарауына көмектеседі. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер бірлікте және өзара тығыз байланыста қарастырылады. Көрнекі құралдардың көмегінсіз-ақ тапсырманы түсіндіре алатын тәрбиеші сөзінің ролі артады. Аппликацияның қалай жасалатыны, түрлі формаларды қандай қағаз дайындамасынан және қандай тәсілмен қиюға болатыны туралы жиі сұрақ қою қажет. Бейнелілік, мәнерлілік ұғымдарын түсіндіре беру үшін жұмыста көркем сөзді жиі пайдаланған жөн. Нұсқалық сипаттағы аппликация жасау кезінде балалардың белсенділігін және өз бетімен жұмыс істеуін арттыратын ақыл-кеңесті пайдалану қажет. Қайшымен жұмыс істеу күрделі болғандықтан, жеке үйретуге көп көңіл бөлу керек. Бірақ, бір баламен жұмыс істей отырып та барлық топты қадағалап отыру қажет. Қию тәсілдерін көрсеткен кезде жаттығуға арналған жай қағазды пайдалану керек. Тәрбиеші жұмыстың ретін балалардың естеріне түсіріп отырады. Жапсыру мен қию сапасына көңіл аударады, нашар меңгерген баламен жеке жұмыс істейді, аппликация жасауда үлкен бейнелілік пен мәнерлілікке қол жеткізуге қозғау салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет