Дәріс 1 Пәнге кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет31/32
Дата16.06.2022
өлшемі1,53 Mb.
#36939
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Дәріс (2)

Жұмыстарды талқылау
Балалардың өздерін белсенді түрде қатыстыра отырып талқылау керек. Олардың сәтсіздіктерінің сырын, қателіктерінің себептерін айтатындай етіп сұрақ қоюы керек. Тәрбиеші барлық бауырсақтардың дөңгелек емес екенін ескертеді де, неліктен олай болғанын сұрайды. Жауап бере отырып, дөңгелек формаларды қию әдістерін тағы да жетілдіре түседі. Бейнелердің айқындығына да көңіл аудару аса маңызды.

Ересектер тобындағы аппликация



Алты жастағы балаларда бақылау ойындар мен сенсорлық тәрбиенің әсерінен форма, түс, көлем және заттардың басқа да сапасы туралы білімі қалыптасады. Осы жастағы балалардың қоршаған ортасы туралы едәуір білімі болады, көптеген түрлі іскерлік пен қию тәсілдерінің техникасын меңгереді. Баланыңбуынықатайып, шымырланады, оның қозғалысы да епті және нақты бола бастайды. Бұның барлығы үйренудегі аса күрделі міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді.
Ересектер тобында аппликацияға үйретудің әдіс-тәсілдері
Алдыңғы сабақтардағы сияқты күнделікті өмірде алда бейнелейтін заттарды талдауға, иллюстрациялық материалдарды қарастыруға, айналадағы құбылысты зерттеуге көп көңіл бөлу керек.
Егер алдыңғы топта тәрбиеші балалардың белсенділігін сұрақ қоя отырып арттыратын болса, енді балалардың өздеріне ерік беру қажет. Балаларға заттарды талдауға көмектесетін жоспарды ұсынуға болады немесе заттарды қарай отырып не туралы айтуға болатынын сұрау керек. Қиын тиген жағдайда тәрбиеші заттарды талдау процесінде ненің қалып қойғанын жетелеп сұрауына болады. Осы жастағы балдырғандар тобында заттардың белгілері мен сапаларын салыстыруға көп көңіл бөлу керек, балаларды көлемдегі, пропорциядағы айырмашылықты көре білуге үйрету қажет, форма жасайтын қозғалысты жетілдіруді жалғастыра беру керек. Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын қараған кезде түс үйлесімін, формалар үндестігін, композиция мәнерлілігін байқауға үйрету қажет.
Қиюдың жаңа тәсілдерін өткен кезде жұмыстың әдістері мен кезеңдерін көрсету тәрбиешішің еншісіне тиеді. Мәселен, қос қабатталып бүктелген қағаздан бірыңғай заттарды қию жүзеге асырылады. Тәрбиеші қағазды қалай бүктеу мен кез келген таныс формаларды қалай қию керектігін, сонан кейін бірыңғай бірнеше фигуралардың қалайша алынатынын көрсетеді
Симметриялы формалы затты зерттеу кезінде қағаздың екінші жартысын жаба отырып балалардың зейінін оның контурының жартысын жүргізуге аудару керек.
Аппликация жасаудағы едәуір тәжірибелерін ескеріп тәрбиеші үйретудің сөздік тәсілін қолданады. Сұрақтардан, көрсетулерден және ескертулерден өңге тәрбиеші балалардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ақыл-кеңесті көп пайдаланады. Мысалы, сәндік аппликацияны дайындау үшін тәрбиеші балаларға әуелі қағаздың қолайлы түсін таңдауды, жұмысты қандай элементтермен әшекейлеуді ойластыруды, әдемі болу үшін оларды қалай қию және



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет