Дәріс 1 Пәнге кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері Пәннің қысқаша сипаттамасы


Желімдеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады



бет28/32
Дата16.06.2022
өлшемі1,53 Mb.
#36939
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Желімдеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады:
1.. Оң қолына қылқаламды дұрыс ұстау және желімді жеткілікті мөлшерде ала білу.
2. Желімді форманың бүкіл бетіне мұқият жағу, қылқаламды тұғырға қою.
3. Салфеткамен жауып тұрып форманы алақанмен басып тұру,артық желімді сүртіп алу.
Жұмыстарды талқылау. Жағымды эмоция тудыру керек: барлығын мақтай отырып қызықтауға итермелеу қажет. Жылдың екінші жартысында бала зейінін қателерге және оларды көре білуге үйрету керек. Жапсырудың сапасын бағалауға үйрету қажет. Нені меңгергенін, қандай жаңалықты білгенін, неге үйренгенін, қателіктерді қалай болдырмау керектігін айта отырып, жұмыстарды талдауға тарту керек.
Тәрбиешінің барлық әрекеттеріжұмыстың тәсілдерін тік жазықтықта балаларға көрінетіндей етіп көрсету керек. Форма жапсыратын төсенішті қағаздың оң жақ шетіне қыстырған дұрыс және айқын сөзбен түсіндіре отырып барлық әрекетті ретімен көрсету қажет. Келесі сабақтарда мольбертке шақырылған бала жапсыру тәсілдерін көрсете бастайды. Бұл жұмысқа және орындалу сапасына қызығушылығын арттырады, тәсілдерді тез меңгеруге көмектеседі. Жапсыру тәсілдерді меңгергенде көрнекілік қолданбай оны сөзбен еске түсіру керек немесе сұрақ қою қажет.
Аппликацияға қолданылатын құралдар: Түрлі - түсті қағаз, табиғи заттар ,түрлі түсті қатты қағаз, мата, салфетка, түрлі жіптер , желім , т.б.
Аппликацияны үйретудің техникасымен түсті қағаздардың маталарын қиындыларына ұлттық композицияның сюжетін ,көлемін анықтау, бастапқы эскізін басып салу,фигуралар салу, фонын анықтау,фигуралардықағаздан ою, фигураларды кішкентай бөлшектермен желімдеу,үлкен фигураларды және басқа да деталдарды фонға желімдеу.
Коллаж – техникасы бір қаттылау дененің бетіне әр түрлі бейнеде желімдеу.
«Ыдыстағы балмұздақ» .Қажетті құрал:картон А5, фломастер, түрлі түсті салфеткалар, желім, түрлі гүлдер.
1. Ыдыс суретін фломастермен салып аламыз. .
2. Түрлі түсті салфетка балалардың таңдауы бойынша алынады.Салфетканы домалатып умаждаймыз.

3.Желім жағып суреттің жоғарғы жағына желімдейміз,гүлдерді желімдейміз.



«Алтын күз»
Қажетті құрал: Ақ қағаз, жапырақ , су бояқ , желім.



«Әсем әлем»
Қажетті құрал:Түрлі жапыпақ, желім, қатты қағаз.

«Кішкентай қонжық»
Қажетті құрал: Түрлі түсті қағаз, салфетка, қайшы, желім.


«Судағы балапан»
Қажетті құрал: Қатты қағаз, жіп, желім,түрлі түсті қағаз.

«Көбелек» Мазайка.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет