2. Бастауыш сыныптарда әңгімелерді оқыту. Бастауыш мектеп балалары өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан мұғалімнің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені жөн. Әңгімелеуге үйретуде мыналарды ескеру қажет:
1. Балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі.
2. Мұғалім қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу.
3. Өздеріне сөйлемдер құрату.
4. Сөйлемге қажетті сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.
5. Сөз жасау, сөзге түрлі жалғау-жұрнақтар қосып айтуға үйрету.
6. Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме құрату.
Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны бір-екі аптадан қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша, ал келесі сабақта оны әңгімелету керек.
Әңгімелесу сабақтарында бала әңгімесінің мазмұнын бақылап, оның қандай сөздерді, сөйлемдерді қолданғанын бақылау керек. Оның лексикалық қатесін түзетіп, сөйлеуінің даму ерекшелігіне қарай дұрыс әңгімелеуге бағыт беріп отыру қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының есту қабілеті біркелкі жетілмейді, өсе келе дамиды. Олардың естуін дамытудың, тілін ширатудың бір жолы кітап оқу арқылы болмақ. Мұғалім баланын сөзді ұғу қабілетін де әңгіме кезінде белгілі бір мерзімге дейін сөзге зейін қоюын да ескеруі қажет.
Мұғалім шығарманы өзінін қалай орындауына ғана көңіл бөліп балалардың зейінін назарынан тыс қалдырмауы керек. Егер балалардың көңілі алаңдай бастаса тәсілді дереу өзгертіп сұрақ беріп оқып отырған затты не бейнесін көрсетіп образды нақтылап балалардың көңілін аудару шарасын жасау қажет.
Мұғалім әңгімені оқығанда балалардың алдында тұруы керек. Олар оқығанда естумен қатар мұғалімнің бет пішіні мен мимикасын, ым-ишарасын да байқайтын болсын. Әрине мимика мен ым-ишара сөз мәнеріне жатпайды, дегенмен, сөйлеген сөзге қосымша ажар береді, әр түрлі сезім күйін көрсетеді.
Мимикакөркем сөз оқушының ой сезімімен байланысты көрінетін бет құбылысы оны сөздің сырттай көрінісінің мәнері ретінде ерекше қолданады.
Сөйтіп ым-ишара қосымша мәнерлеу тәсілі болып саналады, көркем сөз орындаушы бұны сөз сөйлеп тұрған кезде оқиғаның мәнді жерін айқындау үшін пайдаланады. Бірақ ым ишараны орынсыз жерде көп қолданудан аулақ болу керек. Ең кажеттісі көркем сөз орындаушының суреттеліп отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіретін көңіл күйін сездіретін психологиялық ишыратты жасау.
Бұл мәтінің қосалқы сырын ашуға себебін тигізеді, оны психологиялық кідірістің орнына да қолдануға болады, оның мақсаты тыңдаушылардың назарын аударып айтылған ойдың мән мағынасын көрсету, иландыру, зердесін жеткізу.