Дәріс №1 Тақырыбы: Жер – Күн жүйесінің планетасы



бет2/7
Дата07.01.2022
өлшемі81,61 Kb.
#20724
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс1

Ғарышты зерттеу

Адамдар ерте кезден-ақ аспан денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. Алғаш рет ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді. Арада 30 жыл өткеннен кейін, 1991ж. қазан айының 2-сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Жер төңірегінде самғады. Қазақ азаматы Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994, 1998 жылдары 2 рет аттанып, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Қазіргі кезде ғарышты игеруісі қарқынды жүргізілуде. Аз ғана уақытта Жер төңірегіне екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт болып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық станциялар да бар.

Ғарыш құрал-жабдықтары Жердің табиғи серігі - Айды да зерттей бастады. Адамдардың қатысуынсыз-ақ автоматтардың көмегімен Айдың топырақ үлгісі алынып, Жерге жеткізілді, бедері суретке түсірілді. Адам Айға тікелей барып та қайтты.

Автомат станциялар Күн жүйесінің алты ғаламшарына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды.

Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан (сұрапыл дауыл, құрғақшылық т.б.) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.

Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Олар Жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауға, пайдалы қазбалар істеуге, егіннің шығуын болжауға, тағы басқа көптеген жұмыстарға барған сайын кеңінен пайдаланылуда.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінің ғарыш кемелері біздің республикамыздағы Байқоңыр ғарыш алаңынан ұшырылып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет