Жердің ғарыштан көрінісі
Таулы жерде тұратын адамдар мынадай бір құбылысты байқаған. Таңертең көкжиектен елі көтеріле қоймаған күн сәулесі таудың басын шалады. Сонан соң, біраз уақыттан кейін барып күн шығады, немесе кешке батып кеткен күн біразға дейін тау басын жарық қылып тұрады. Егер Жер тегіс болса шыққан күн сәулесі таудың етегінен басына дейін бірден түсер еді. Сондай-ақ, күн батып кеткеннен кейін оның сәулесі тау басын жарық қылып тұрмас еді.
Жердің тәуліктік айналуы
Адамдар ерте замандарда аспан аясының қозғалатын сияқты болып көрінетінін шындыққа балаған. XVII ғасырдан бастап, Галилейдің ашқан жаңалықтарының арқасында жұрт, жерді айналып жүрген күн, ғаламшарлар мен жұлдыздар емес, қайта жер батыстан шығысқа қарай өз осімен айналып 24 сағатта бір рет айналым жасайтындығын білді. Күннің түнге алмасу себебі, жердің осі тәулігіне бір айналым жасайды.
Градус торы. Жердің тәуліктік айналуы нәтижесінде жер бетіндегі нүктелер шеңбер сызып шығады. Ең кіші шеңберді полюстерде орналасқан нүктелер сызады. Екі полюстен де бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің сызған шеңбері барлығынан да үлкен болады. Бұл шеңбер экватор деп аталады. Экватор жазықтығы жер осіне перпендикуляр болғандықтан жерді екі жарты шарларға - оңтүстікке және солтүстікке бөледі. Жер шарын қиып өтетін экваторға паралель жазықтар жер бетін қиып өтіп, параллельдер деп аталатын шеңберлер түзеді. Олардың ұзындығы экватор ұзарған сайын кеми береді, есептеу экватордан полюстерге қарай жүргізіледі.
Жер осі арқылы өтетін және жер шарын параллель жазықтарға перпендикуляр қиып өтетін жазықтар меридиан жазықтар деп аталады. Олар меридиандар шеңберлерін түзеді. Меридианның қазақ тіліндегі мәні - тал түс. Меридиандар есебі батысқа және шығысқа қарай басталатын Гринвич немесе бастапқы меридианнан жүргізілуге келісілген.
Параллельдер арқылы жер бетінің кез келген нүктесінің географиялық ендігін анықтауға болады. Глобустағы және картадағы ендік экватор мен белгілі орын арасындағы қашықтықты градуспен кескіндеу арқылы өлшенеді. Солтүстік және оңтүстік ендіктері болады (о.е., с.е.).
Бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте меридианы жазықтығының арасындағы бұрыштық қашықтық географиялық бойлық деп аталады. Глобустағы және картадағы географиялық бойлық нүктесі бастапқы меридианнан осы нүктеге дейінгі қашықтықты градуспен кескіндеу арқылы өлшенеді. Бойлық градустары бастапқы меридианнан шығыс пен батысқа қарай 180°-қа дейін есептеледі. Шығыс және батыс бойлықтары болады (ш.б., б.б.). Бойлық пен ендік арқылы жер бетіндегі кез келген нүктенің орнын, сондай-ақ градуспен кескінделген екі нүкте арасындағы: қашықтықты табуға болады. Экватор градусының, кез келген меридиан мен әрбір параллельдің ұзындығын білсек, онда олардың градустармен кескінделген қашықтықтарын километрлерге айналдыра аламыз.
Жергілікті жерде ендік пен бойлықты анықтау. Солтүстік жарты шарда жергілікті жер ендігі Темірқазықтың көкжиек үстіндегі биіктігі бойынша анықталады. Темірқазыққа бағытталған бағыт сюлтүстік полюсте көкжиек жазықтығын 90° бұрыш жасап қиып өтеді. Демек, Солтүстік полюс ендігі 90°-қа тең. Темірқазық жұлдызы экваторда тек көкжиектен көрінеді және темірқазық бағытымен көкжиек жазықтығынан түзілген бұрыш 0°-қа тең болады.
Жергілікті жердегі бойлықты анықтау екі пункт аралығындағы жергілікті уақыт айырмашылығын анықтауға негізделген. 1°-ғы бойлықтар айырмашылығы 4 минут. Екі нүкте арасындағы уақыт айырмашылығы белгілі болса, оның бойлығын есептеп шығаруға болады.
Жергілікті және белдеулік уақыт. Күнге қараған меридианда тал түс болғанда, қарама-қарсы жағындағы меридианда түн ортасы болады. Әрбір меридианың өзіне тән жергілікті уақыты бар. Жергілікті уақытты пайдалану қолайсыз, өйткені олай еткен күнде шығысқа немесе батысқа қарай сапар шеккенде сағат тілін алға, не артқа қарай үнемі жылжытып отыруға тура келер еді. Осындай қолайсыздықтың болмауы үшін халықаралық белдеулік уақыт қабылданған. Жер шары 24 белдеуге бөлінеді. Әр белдеуде осы белдеудің орташа меридианының жергілікті уақытына тура келетін бір уақыт болады.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысының аумағы жер шарының 24 сағаттық белдеуінің Лондон қаласынан өтетін Гринвич 0-дік меридианнан есептегенде 4-ші сағаттық белдеуде орналасқан.
Белдеулік уақыт орта меридиан белдеуінде орналасқан нүктелердің жергілікті уақытына сай келеді де, белдеудің басқа нүктелердің барлығында жергілікті уақыттан не алда, не артқа болады.
Астана қаласы орналасқан бесінші белдеудегі деректік уақыт Астана уақыты деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |