Дәріс №1 Тақырыбы: Жер – Күн жүйесінің планетасы


Жердің шар тәрізділігінің дәлелділігі



бет4/7
Дата07.01.2022
өлшемі81,61 Kb.
#20724
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс1

Жердің шар тәрізділігінің дәлелділігі

Жазық жерде тұрып, айнала қараған адамға Жер беті тегіс сияқты болып көрінеді. Оны жан-жағынан шеңбер түріндегі көкжиек сызығы шектеп тұрады. Шынында да ертедегі адамдар Жер тегіс, оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген. Күмбезге Күн, Ай және сансыз көп жұлдыздар бекітілген деп түсінген. Олар бір бағытта жүре берген, адам Жердің шетіне жететініне күмән келтірмеген. Ежелгі заманда осындай көріністі бейнелейтін суреттер шіркеу қабырғаларынан жиі орын алған.

Бертін келе алыс сапарға барып қайтқан саяхатшылар қаншама жүргенімен Жердің шетіне шыға алмайтынын байқаған. Ғалымдар әртүрлі қосалқы белгілерге қарап, Жер шар тәрізді болу керек деп болжаған. Мұндай тұжырымға алғаш рет ежелгі грек ғалымдары келгенін тарихтан білеміз. Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді. Дөңгелек көлеңке тек шар тәріздес денеден ғана түсетінін байқау қиын емес.

Орта ғасырдағы дүние жүзін айналған саяхатшылар Жердің шар тәріздес екендігі туралы жаңа нақтылы дәлелдер әкелді. Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырып, өзінің шыққан жеріне қарсы жақтан қайтып оралған.

Жердің шар тәріздес екендігінің мұнан да басқа дәлелдері бар. Ашық теңізде немесе тегіс жазықта көрінерлік көкжиек дөңгелек пішіндес келеді. Сонымен бірге бақылаушы адам биікке көтерілген сайын көкжиек сызығы алыстай береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет