Жердің жылдық айналуы
Жер Күнді бір жылда айналып өтеді. Күн шуақ немесе тропиктік жыл 365 тәулік 5 сағат 48 мин 46 секундқа тең. Қолайлы болу үшін үш жылды 365 тәулікпен, ал төртінші жылды 366 тәулікпен есептелді, бұл жылды толық жыл деп атайды.
Жер Күнді 30 км секунд жылдамдықпен айналады. Жер осінің көлбеулігінен күн мен түн өзара тең болмайды. Жазғы күн тоқырауы - 22 маусым күні жарық пен көлеңке шегі Жер үстінен оңтүстікке қарағанда солтүстік жарты шарға жарығын мол түсіре өтетін болғандықтан, Күн сәулесі солтүстік тропикке тіп-тіке түседі. 22 маусым күні солтүстік жарты шарда күннің ұзақтығы түннен ұзағырақ, ал бұл уақытта солтүстік поляр шеңберінде Күн көкжиекке батпағандықтан поляр күні болады. Солтүстік жарты шарға күн мол түседі. Солтүстік жарты шарда жаз басталғанда, оңтүстікте қыс болады.
Қысқы күн тоқырауы — 23-ші желтоқсан күні солтүстік жарты шардың көп жеріне көлеңке түсіп тұрады, ал оңтүстік поляр шеңберінің ар жағында поляр түні басталады. Күн көкжиектен көрінбейді. Бұл кезде солтүстік жарты шарда жыл маусымындағы түн күндізгіден ұзағырақ болады. Күн сәулелері оңтүстік тропикке тіке түседі де, оңтүстік жарты шарда жаз, ал оңтүстікте қыс болады.
Көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуі. 21 наурыз бен 23 қыркүйек күндері жарық пен көлеңке шектері меридиандарды бойдап өтеді, демек, бүкіл жер жүзінде күн мен түн болады. Сәуле тік экваторға түседі. Екі жарты шар да жарық пен жылуды бірдей мөлшерде қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |