Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Күн жүйесіне енетін аспан денелерін атап шығыңыз?
2. Ғарыш деп нені айтады?
3. Галактика неден тұрады?
4. Жердегі қай құбылыс ғарышпен байланысты?
5. Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттеледі?
6. Бастауыш мектептегі дүниетану жөніндегі материалдарды түсіну үшін Жердің қандай физикалық қасиеттерін ерекше білу керек?
7. Жердің айналуы мен қозғалысын көрсететін тәжірибе жасаңыз.
8. Топ саяхаты кезінде кешкі жұлдыз аспанымен танысыңыз.
Тест тапсырмалары
1. Күнге ең жақын орналасқан жұлдыз:
А. Меркурий
Ә. Жер
Б. Марс
В. Шолпан
2. Күн жүйесіндегі орталық дене:
А. Күн
Ә. Жер
Б. Юпитер
В. Нептун
3. Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналып жүретін шар тәріздес тығыз денелер:
А. Жұлдыздар
Ә. Ғаламшарлар
Б. Метеориттер
В. Астеоридтар
4. Қай ғаламшарлардың серіктері жоқ?
А. Шолпан, Плутон, Меркурий
Ә. Уран мен Нептун
Б. Марс пен Юпитер
В. Жер мен Сатурн
5. Ғарышқа қай жылы алғаш рет жол ашылды?
А. 1962 ж 12 сәуір
Ә. 1957 ж. 4 қазан
Б. 1966 ж. 31 қаңтар
В. 1991 ж. 2қазан
6. Ғарышқа алғашқы рет кім ұшты?
А. Т.Мұсабаев
Ә. Т.Әубәкіров
Б. Ю.Гагарин
В. В.Терешкова
7. Жердің орташа тығыздығы:
А. 9,6 г/сма
Ә. 5,5 г/см
Б. 2,5 г/см3
В. 11,5 г/см3
8. Жердің аралық қабаты:
А. Ядро
Ә. Жер қабығы
Б. Мантия
В. Ядро, мантия
9. Магниттік және географиялық меридиандар бағыттарының аралықтарындағы бұрыш:
А. Магниттік бұрылу
Ә. Жер магнетизмі
Б. Магниттік аномалия
В. Географиялық параллельдер
10. Жер күнді қандай жылдамдықпен айналады?
А. 70 км/сек
Ә. 60 км/сек
Б. 50 км/сек
В. 30 км/сек
11. Күннің түнге алмасу себебі неде?
А. Жерді Күн айналып шығуы
Ә. Жер өз кіндігінен айналуы
Б. Жерді жұлдыздармен ғаламшарлар айналуы
В. Жер Күнді айналып шығуы
12. Жыл мезгілдері не себептен өзгереді?
А. Жердің өз кіндігінен айналуы
Ә. Жердің Күнді айналуы
Б. Жерді Күннің айналып шығуы
В. Жердің Күнді айналып шығуы
13. Солтүстік Америкада жаз болғанда, Оңтүстік Америкада жылдың қай мезгілі болады?
А. Жаз
Ә. Күз
Б. Қыс
В. Көктем
14. Оңтүстік Америкада қыс болғанда Австралияда жылдың қай мезгілі болады?
А. Жаз
Ә. Күз
Б. Қыс
В. Көктем
15. Қай күні Солтүстік жарты шардың көп жеріне көлеңке түсіп тұрады, ал Солтүстік поляр шеңберінің ар жағында поляр түні басталады? Солтүстік жарты шарда түн күндізгіден ұзақ:
А. 21 наурыз
Ә. 22 маусым
Б. 23 желтоқсан
В. 23 қыркүйек
Достарыңызбен бөлісу: |