Жердің физикалық қасиеттері
Жердің тығыздығы мен температурасы. Жердің тығыздығы тұңғыш рет 1774 ж. анықталған. Оның орташа тығыздығы 5,5 г/см3. Жердің шөгінді жыныстарының тығыздығы аз - 2,5 г/смэ, Жердің ішіндегі тығыздық көбірек болуы керек. Жер орталығында ол 9-11 г/см3-ке дейін деп жорамалдайды. Бұл мәліметтер жер сілкінуден пайда болған сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығын бақылау арқылы анықталуда. Толқындар жылдамдығының секіртпелі өзгерістері 60 км тереңдікте жер қабығының қабық асты затпен немесе мантиямен (аралық қабат) шектесетіндігін, ал 2900 км тереңдіктегі қабық асты затынан кейін ядро қабығы болатындығын көрсетті. Одан әрі 5120 км тереңдікте ядро орналасқан.
Жердің бетінен орталығына қарай қысым, тығыздық және температура арта түседі, температурасы тұрақты Жер қабаттары климат пен тау жыныстарының өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі тереңдіктерде жатады. Тұрақты температура қабатынан әрбір 33 м тереңдікке төмендеген сайын Жер температурасы орташа есебінен 100-ге дейін артып отырады. Тереңдеген сайын температураның артуы баяулап, кейінірек мүлде тоқтайды. Жердің ішкі максимальді температурасы 2000-3000° болады деген жорамал бар.
Жер магнитизмі. Жердің магнит өрісін географиялық полюстерге сай келмейтін екі магниттік полюсі бар біркелкі магниттелген өрісті шар деп қарауға болады. Магниттің және географиялық меридиандар бағыттарының аралықтарындағы бұрыш магниттік бұрылу деп аталады. Магниттік бұрылу картасы теңіз саяхатшылары мен геодезистерге дәл бағытты анықтау үшін қажет. Компас тілінің магниттік полюс бағытына ауытқуын магниттік аномалия деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |