Дәріс №1 Тақырыбы: Жер кадастрының әдістемелік негіздері Қарастырылатын сұрақтар


Дәріс №12 Тақырыбы: Құрылыс салынған аумақтың кадастры



бет13/70
Дата14.10.2023
өлшемі315,69 Kb.
#114933
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70

Дәріс №12




Тақырыбы: Құрылыс салынған аумақтың кадастры
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Елді мекен түсінігі

  2. Құрылыс салынған аумақтың кадастрының жүргізілуі

Дәріс мәтіні:

  1. ҚР Жер Кодексіне сәйкес елді-мекен жерлеріне қалалар, ауылдар шегіндегі жерлер жатады. Қалалар мен ауылдық жерлердің құрамына мыналар жатады:

- тұрғын, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, басқа да қоғамдық ғимараттар салынған немесе оларды салуға арналған жерлер;
- су қоймалары, жағалаулар, парктер, алаңдар, жолдар, көшелер, адамның басқа да қажеттілгін қамтамасыз етуге арналған объектілер астындағы жерлер;
- өндірістік, коммуналдық, қойма, басқа да объектілер астындағы жерлер;
- теміржол, автокөлік, өзен, теңіз, ауе және құбыр көлік қондырғыларының астындағы көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жерлері;
- табиғат ескерткіштері, ормандар, табиғи парктер, ботаникалық бақтар, қорықтар, атындағы және туризм мен адамдардың демалуына арналған табиғатты қорғау, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-сәулет қажеттіліктерге арналған жерлер;
- өзендер, табиғи және жасанды су қоймалары, суды қорғау аймақтар, гидротехникалық, басқа да қондырғылар астындағы жерлер;
- шабындық, жайылым, бау-бақтар, егістік астындағы ауылшаруашылық жерлер;
- қорғаныс объектілері мен режимдік аймақтар;
- қала құрылысына пайдаланылмайтын, резервтегі жерлер.
Қала – әлеуметтік-экономикалық функциялары әртүрлі, ауылшаруашылық өндірісі болмайтын немесе оның үлесі аз болатын салаларда жұмыс істейтін тұрғындардың тығыздығы жоғары қоныстау жері.
Қалалардың дамуында жылпы қала салушылық принциптердің маңызы зор. Олар қаланың территориясын мақсаты бойынша нақты бөлуге мүмкіндік береді.

  1. Қалалық аймақтарға бөлу – учаскелерді беру мақсатына сәйкес (функционалды аймақтар) және жер учаскелердің бетіндегі табиғи элементтерінің есебімен (ландшафтық аймақтарға бөлу), бағалау есебімен (территориалдық-экономикалық аймақтарға бөлу), құқықтық қатынастарды реттеу есебімен (қала салушылық аймақтарға бөлу және құрылыс регламентерді бекіту) қаладағы учаскелерді тарату.

Жер-кадастрлық жұмыстарды жүргізгенде қалалық аймақтарға бөлу принципы басты болады. Қалалық аймақтарға бөлу – қала салушылық регламенттерді бекітіп территориалдық аймақтарды анықтау мақсатында қала территориялары аймақтарға бөлу.
Территориалдық аймақтар – жер пайдалану және құрылыс салу ережелерінде қала салушылық регламенттер бекітілген және шекаралары белгіленген аймақтар.
Үй салу регламенті – тиісті территориалды аймақ шегінде бекітілетін жер учаскелерін, сонымен қатар, жер учаскелердің бетіндегі және астындағы барлық объектілерді, оларда құрылыс салу процесінде және құрылыс объектілерін келесіде пайдалануда рұқсат етілген пайдалану түрлері, жер учаскелрінің шекті (минималды және (немесе) максималды) өлшемдері және рұқсат етілген құрылыс салу шекті параметрлері, сонымен қатар, жер учаскелері мен құрылыс объектілерін пайдалануын шектеу.
Территориалды аймақтардың шекаралары келесідей бекітілуі мүмкін:
1) қарама қарсы бағыттардағы көлік ағымдарын бөлетін көшелер, магистральдер сызықтары бойынша; 
2) қызыл сызықтар бойынша
3) жер учаскелердің шекаралары бойынша;
4) облыс шегіндегі елді-мекендер шекаралары бойынша;
5) облыс шекаралары, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар (Астана және Алматы) қала ішіндегі территорияларының шекаралары бойынша;
6) табиғи объектілердің шекаралары бойынша;
7) басқа да шекаралар бойынша.
Территориалдық аймақтардың түрі мен құрамына келетін болсақ, қала салушылық аймақтарға бөлу нәтижесінде тұрғын, қоғамдық-іскери, өндірістік аймақтары, инженерлік және көлік инфрақұрылымдар аймақтары, ауылшаруашылық пайдалану аймақтары, рекреациялық маңызы бар аймақтар, ерекше қорғалатын территориалардың аймақтары, арнайы аймақтар, әскери объектілерді орналастыру аймақтары және басқа да территориалды аймақтар түрлері анықталады
Тұрғын аймақтардың құрамына мыналар кіруі мүмкін:
1) жеке тұрғын үйлерді салу аймақтар;
2) аз қабатты тұрғын үйлерді салу аймақтары;
3) орташа қабатты тұрғын үйлерді салу аймақтары;
4) көп қабатты тұрғын үйлерді салу аймақтары
5) басқа да тұрғын үйлерді салу аймақтары.
Тұрғын аймақтарда азаматтардың тұруына байланысты және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтін әлеуметтік және коммуналды-түрмыстық мақсаттағы жеке тұрған немесе қосылған объектілерді, денсаулық және мектеп алдындағы, орта және толық білім беру объектілерін, діни ғимараттарын, автокөліктерді, гараждарды орналастыруға рұқсат етіледі. Тұрғын аймақтардың құрамына бау-бақшалар және саяжай шаруашылығын жүргізу территориялар да кіруі мүмкін.
Қоғамдық-іскери аймақтарының құрамына келесі аймақтар кіруі мүмкін:
1) іскери, қоғамдық және коммерциялық мақсаттағы аймақтар;
2) әлеуметтік және коммуналды-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді орналастыру аймақтары;
3) өндірістік және кәсіпкерлік іс-әрекетті жүргізуге қажетті объектілерге қызмет көрсету аймақтары;
4) басқа да қоғамдық-іскери аймақтар.
Қоғамдық-іскери аймақтарда орналастыруға рұқсат етілген құрылыс объектілердің тізіміне тұрғын үйлер, жер астындағы гараждар кіруі мүмкін. 
Өндірістік аймақтардың, инженерлік және көлік инфрақұрылым аймақтардың құрамына келесілер кіруі мүмкін:
1) коммуналды аймақтар – коммуналдық, қойма объектілерін, тұрғын-коммуналды объектілерді, көлік объектілерін, көтерме сауда объектілерін орналастыру аймақтары;
2) өндірістік аймақтар – қоршаған ортаға әсер ету нормативтері әртүрлі өндірістік объектілерді орналастыру аймақтары;
3) өндірістік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдардың басқа да түрлері
Өндірістік аймақтар, инженерлік және көлік инфрақұрылымдардың аймақтары техникалық регламенттерінің талпатарына сай өндірістік, коммуналдық, қойма объектілерін, инженерлік және көлік инфрақұрылымдар объектілерін, оның ішінде байланыс, теміржол, өзен, теңіз, әуе және құбыр көліктерінің қондырғыларын, сонымен қатар, санитарлық-қорғау аймақтарын орналастыруға арналған.
Ауылшаруашылық пайдалану аймақтарының құрамына мыналар кіруі мүмкін:
1) ауылшаруашылық телімдерінің аймақтары – егіндік, шабындық, жайылым, көп жылдық өсімдіктер астындағы жерлер;
2) ауылшаруашылық мақсатындағы объектілер астындағы және ауыл шаруашылығын, саяжай шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын, жеке шаруашылығын жүргізуге және ауылшаруашылық объектілерін дамытуға арналған аймақтар.
Елді-мекен шекрасында белгіленетін территориалдық аймақтардың құрамында ауылшаруашылық пайдалану аймақтары, ауылшаруашылық мақсатындағы объектілер және ауыл шаруашылығын, саяжай шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын, жеке шаруашылығын жүргізуге және ауылшаруашылық объектілерін дамытуға арналған аймақтар болуы мүмкін.
Рекреациялық аймақтардың құрамына ормандар, қалалық парктар, тоғандар, көлдер, су қоймалары, пляждар астындағы территориялардың шегіндегі аймақтар, сонымен қатар, демалыс, туризм, дене шынықтыру және спортқа арналған және падаланылатын территориялардың шегіндегі аймақтар кіруі мүмкін. 
Территориалдық аймақтардың құрамына қорғалатын территориялардың аймақтары кіруі мүмкін. Ерекше қорғалатын территорияларыдң аймақтарына ерекше табиғатты қорғау, ғылыми, тарихи-мәдени, эстетикалық, рекреациялық, сауықтыру маңызы бар жер учаскелері кіруі мүмкін. 
Арнайы мақсаттағы аймақтардың құрамына орналастыруы осындай аймақтарды бөлу арқылы мүмкін және басқа территориалдық аймақтарда орналастыруы рұқсат етілмейтін зират, крематорий, тұтыну қалдықтарын орналастыру объектілері астындағы және басқа да объектілер астындағы аймақтар кіруі мүмкін. Жергілікті басқару органдар функционалды аймақтардың есебімен және жер учаскелері мен құрылыс объектілерін пайдалану ерекшеліктері есебімен территориалдық аймақтардың басқа да түрлерін бекітуі мүмкін. Қала салушылық регламентпен жер учаскелерінің, олардың үстіндегі, астындағы барлық объектілердің, сонымен қатар, құрылыс салу және кейін пайдаланылатын құрылыс объектілердің құқықтық режимі белгіленеді
Қала алушылық реглмаент келесілердің есебімен бекітіледі:
1) территориалдық аймақ шегіндегі жер учаскелері мен құрылыс объектілерін іс жүзінде пайдалану есебімен;
2) бір территориалдық аймақ шегінде құрылыс объектілері мен жер учаскелерін осы уақыттағы және жобаланатын пайдаланудың түрлерін үйлестіру мүмкіндігі есебімен;
3) функционалдық аймақтар және муниципалды құрылымдардың территориялық жобалау құжаттарымен белгіленген олардың даму сипаттары есебімен;
4) территориялық аймақтардың түрлері есебімен;
5) ерекше қорғалатын территорияларды басқа да табиғи объектілердің, мәдени мұраны қорғау талаптары есебімен.
Қаладағы жер учаскелерінің құқықтық режимін анықтау экономикалық және қала салушылық даму жоспарларын іске асыру механизмі ретінде жұмыс істейді, өйткені бас жоспарды функционалды аймақтарға бөлу құқытық міндетті талпатар түрінде қала салушылық регламеттер деңгейіне дейін жеткізеді, ал олар бас жоспармен белгіленбейді. 
Барлық территориалдық аймақтар және осы аймақтарда орналасқан әр тиісті жер учаскесі үшін жылжымайтын мүлікті пайдалану және құрылыс өзгеруінің қала салушылық регламеттері бекітіледі. Осындай регламеттер ретінде, мысалы, жылжымайтын мүлікті рұқсат етілген пайдалану түрлері; жер учаскелерінің шекті аудандары мен сызықты өлшемдері; жер учаскелерінде рұқсат етілген шекті параметрлері; автокөлікті қою орындарының көрсеткіштері болуы мүмкін.
Қала жерлерін ландшафтық аймақтарға бөлу жер учаскелерінің бетіндегі табиғи элеметтерінің (жер бедері, топырақ, өсімдіктер, су объектілері, т.б.) қала құрылысымен (ғимараттар, жолдар, магистральдер, инженерлік қондырғылар) үлесуі есебімен территорияны бөлуді және ландшафтық талдау әдісімен (жас көшеттерді, жер бедерін, көрініс түрлерін бағалау) ландшафтың жеке элементтерін немесе ауданы үлкен территорияларды бағалауды қарастырады. Ландшафтық талдау негізінде функционалды аймақтарды анықтау жүргізіледі.
Ландшафтық аймақтарға бөлу мысалдары: техногенді; тау-кен өндірісі; қалпына келтірілген; ауылшаруашылық; орманшаруашылық; сушаруашылық; өндірістік; елді-мекен ландшафты; рекреациялық; қорықтар.
Экономикалық аймақтарға бөлу қаланың әр әкімшілік-территориалдық құрылымының шегінде жүргізіледі. Экономикалық аймақтардың бірі-бірінен осы аймақтар шегінде орналасқан жер учаскелерінің және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерінің тиісті мемлекеттік органдар бекіткен салық ставкалары, жалға беру бағалары, нормативтік төлемдері бойынша айырмашылықтары болады. Мысалы, жер салығы аймақтары; жердің нормативтік бағасы аймақтары; тұрақты сауда кәсіпорныдарының салығына жоғарылататын коэффициент аймақтары, т.б.
Қаланың жер учаскесі – белгілі құқықтық статусы, шекарасы мен пайдалану мақсаты бар және қала мүддесі үшін пайдаланылатын жерлердің бөлігі. Жер учаскесі қала мүддесі үшін пайдалануы керектігінің маңызы зор. Өйткені ол қала жерлерін тиімді пайдалану күрделі түсінігімен тығыз байланысты болады. Бұл талпаты бұзу жағдайында қала әкімшілігі жердің иесі ретінде экономикалық және әкімшілік (учаскені алып қоюға дейін) шараларды қолдануға құқыты. 
Қалада жерлердің бөлігін шаруашылықта пайдалануға беруге болмайды. Жерлердің мұндай санаттарына жалпы пайдаланатын жерлер, су қоры жерлері, қорықтар, заказниктер жерлері, ерекше қорғалатын режимі бар жерлер жатады. Жалпы пайдаланулатын жерлерді қысқа мерзімді жалға беруге (құрылыс уақытында, қайта құруға немесе ақылы көлік қою орнына) болады. Қалада иесіз жер болмауы керек. Сондықтан, мұндай жерлерді белгілі қалалық құрылымға тіркеп қою керек. Ол құрылым қала мүддесінде белгіленген жерді пайдалану режимін қамтамасыз ету керек және осы үшін қала әкімшілігі алдында жауап беруі керек.
Жер учаскенің ішінде бөтен пайдаланушылардың жерлері болуы мүмкін. Сондықтан, жер учаскесінің ішкі шекаралары пайда болады. Бөтен пайдаланушылардың бірнешеуі болуы мүмкін. Ішкі және сыртқы шекаралардың бір нүктелері болмауы тиіс. Жер учаскесінің сыртқы шекарасы бөлінбеуі керек, яғни жолдың екі бетіндегі учаскелер біреу деп есептелмейді. Бұд учаскелердің екі түрлі кадастрлық номерлері болуы керек.
Жер учаскесінің өлшемі физикалық және геодезиялық аудандарымен сипатталады.
Жер учаскесінің физикалық ауданы – жердің физикалық бетінің кедір-бұдырлығының (таудың баурайы, жыра, жар) есебімен учаске шегіндегі жер бетінің ауданы, яғни өзін өлшеуге болатын аудан.
Жер учаскесінің геодезиялық ауданы шекараның бұрылу бұрыштарының координаталары бойынша анықталады. Учаскенің геодезиялық ауданы – проекция жазықтығына учаске шекаралары проекциясының ауданы. 
Елді мекен жерлерінің кадастрын құру үшін жер құқығы, қалалық жерге орналастрыру, қала жерлерінің мониторингі, жылжымайтын мүлік экономикасы, қалаларды салу және елді мекендерді жобалау, қала территорияларын басқару сияқты бірқатар ғылыми пәндерідң дамуы қажет. Елді мекен жерлерінің кадастры қаланың басқа қызметтеріне қарағанда жылжымайтын мүлік объектілері (жер учаскелері) жайлы ақпараттың дәлдігіне және жаңа болуына қатаң талпатар қояды. Өйткені қала жерлерін пайдалану уақытында олардың негізгі қасиеттері келесіде болады: жер барлық қала құрылысын орналастырудың кеңістік-территориалдық негізі болып табылады; қала жерлерінің тапшылығы; табиғи-техногенді кешеннің басқа да объектілерімен байланысы. Анықтамасы бойынша кадастрлік істе жылжымайтын мүлік (жер учаскесі) жайлы топографтық-геодезиялық, техникалық, экономикалық және заңды сипаттамалары бар. Экономикалық сипаттамаларды алу үшін елді мекендердегі жер учаскелері құнарлығы, грунттың қасиеттері, орналасуы, баурайлардың экспозициясы, құрылыс салу тығыздығы бойынша әртүрлі екендігін есептеу керек. Қаладағы басқа да елді мекендердегі жер учаскелерін бағалау жердің сапалық және экономикалық бағалауынан тұрады. Үйдің маңындағы учаскеде ауылшаруашылық дақылдарды, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге, құрылыс салуға, демалыс аймақтарын орналастыруға жердің жарамдылығы мен әр учаскенің қала шегіндегі құрылыс салу құндылығын анықтау үшін қалалардағы жердің сапалық бағалауын жүргізеді.
Әдетте қалалардағы жер қымбат болады, сондықтан елді мекен кадастры жобалау-картографиялық материалдарға олардың масштабатры, дәлдігі, кадастрлық мәліметтерді толық көрсету жағынан қатаң талаптар қояды. Жер учаскелерінің аудандарын дәл анықтау үшін қалалық геодезиялық желісі қажетті дәлдікті қамтамасыз етпесе оны қайта құру қажет.Елді мекен кадастрын құру ерекшеліктеріне территориялармен (ғимарат, қондырғылар, инженерлік коммуникациялар) тығыз байланысты болатын жылжымайтын мүлік объектілері жайлы және тұрғындар жайлы мәліметтерді алу қажеттілігін жатқызады.
Сонымен, елді мекен жерлері кадастрының талаптарына мыналар сәйкес келуі тиіс:
- елді мекеннің топографтық-геодезиялық зерттелуінің күйі, жер асты қондырғылары жайлы ақпараттың күйі;
- қалалық статистика және техникалық түгендеу қалалық бюросы ақпараттарының дәл, сенімді және толық болуы;
жалпы қалалық анықтамалары мен топтастырғыштардың күйі;
- жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайы туралы жүйесінің реттеу;
- жылжымайтын мүлікті бағалаудың осы уақыттағы әдістемелрі;
- ақпарат алмасу бойынша құқықтық нормалардың күйі;
- жалға беру төлемдерді, жер салығының ставкаларын ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Елді мекен жерлерінің кадастрын құру ерекшеліктері мен қыйындықтарын жылжымайтын мүлік объектілерінің сипаттамаларын осы күндегі дәлдік және сенімділікпен модлельдеу керектігімен түсіндіруге болады. Бұл үшін өкімет органдарының барлық бөлімдері мен қызметтері елді мекен жерлері кадастрының терминалдары ретінде істеу керек. Сонымен, өкімет органдарын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі келесі сызба бойынша жұмыс істейді:
- жылжымаытн мүлікпен барлық операциялар елді мекен жерлері кадастрының негізінде жасалынуы тиіс;
- қаланың әкімшілік, территориалдық, экономикалық бөлінуінің өзгерістері елді мекен жерлері кадастрының негізінде жасалынуы тиіс; 
- жылжымайтын мүлікке салынатын салықтар елді мекен жерлері кадастрының мәліметтері бойынша анықталуы керек.
Сондықтан, жылжымайтын мүлікті кадастрлық бағалауды қайта қарастырып отыру керек. Мысалы, Швецияда бұл әр алты жыл сайын жүреді, бірақ әр жыл сайын жылжымайтын мүлікті бағалау инфляция есебімен түзетіліп отырады. Осылайша жылжымайтын мүлікті Англия мен Италияда да қайта бағалайды. 
Жерге құқықты заңдастыру кезінде қорғалатын және қорық аймақтарының шекараларын, жер асты коммуникацияларын, қызыл сызықтарды, басқа да қаланы реттейтін ақпаратты жоғарғы дәлдікпен білу керек. Көшелердің анықтамасы ғана емес, сонымен қатар, көшелердің шекаралары векторлық түрде болуы тиіс.
Қала – бұл динамикалық дамып тұратын жүйе, сондықтан, елді мекен жерлерінің кадастрына кіретін ақпараттың жеке бөліктерінің өзгерістерін қадағалап отыру керек. 
Әлемнің барлық елдерінде құрылыс салынған территориялардағы жер кадастры жылжымайтын мүлік нарғын ақпаратпен қамтамасыз ету ретінде дамып жатыр. Әдетте, «жер учаскесі» түсінігіне осы учаскедегі жыл螡ымайтын мүлік объектілері кіреді. Дамыған елдерде құрылыс салынған елді мекен жерлерінің кадастры территорияларды басқару және олардың дамуы үшін салық жүйесінің негізі, жылжымайтын мүлік нарығын ақпаратпен қаматамасыз ету негізі, геоақпараттық жүйелердің негізі болып табылады.
Тәжірибелік жерге орналастыру тұрғысынан қарайтын болсақ, жер кадастры алдымен қаланың әкімшілік-территориалдық бірліктері бойынша жерлердің балансы болып табылады. Бұны іске асыру үшін мыналар қажет: 
- қаланың әкімшілік, территориалдық және кадастрлық бөлінуінің мониторингін енгізу;- кварталдардың шекараларын математикалық анықтау және жер учаскелерімен бірге қала бөлінуінің векторлық каратсын жасау;
- жерлердің топтастырғышын құрастыру.
Осы күндегі жерлердің топтастырғыштары территорияны жобалаудың құрылыс салушылық мәселелеріне сүйеніп отырады және жерлерді пайдаланудың функционалды сипаты бойынша жасалынған. Бірақ жерлерді функционалды пайдаланудың барлық түрлерін көрсету мүмкін емес. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын көтерме сауда базарлары, көлік тұратын ақылы орындар, казинолар болған жоқ.
Елді мекен жерлері топтастырғышының ерекшелігі көп аспектті болуында және жер учаскесін жылжымайтын мүлік объектісі ретінде көзқарастарың әртүрлі болуында.
Жерлердің топтастырғышының бірінші аспекті – жер пайдаланушының санаты: өндіріс, су қоры, орман қоры, т.б. жерлері, тиісті ведомствоны көрсетіп: министрлік, қалалық (аудандық) әкімшілік, т.б. Екінші аспект – кіріс көзі: жер пайдаланушы бюджеттік немесе коммерциялық мекеме болып табылады ма.Үшінші аспект – жерді функционалды пайдалану немесе территорияның қала салушылық санаты. Бұл жерде жеке құрылыс салу, өндірістік аймақтар, қала коммуникациялары, су және орман қорлары жерлері бөлінеді.
Елді мекен жерлерін түгендеу. Жалпы ережелер. Түгендеу деген материалдық объектілердің бар болуын, олардың құрамын белгілеу және күйін бағалау бойынша белгілі күнге дейін жүргізілген жұмыстар кешені. Жер қорына сәйкес елді мекен жерлерін түгендеудің негізгі талаптары мыналар жатады: 
- иеленіп отырған учаскелердің шекараларын белгілеп, барлық жер пайдаланушылар мен жер иелерін анықтау;
- пайдаланбайтын және тиімсыз пайдаланылатын жерлерді анықтап, шешім қабылдау;
- жер пайдаланудың шекараларын белгілеп, оларды бекіту.
Елді мекен жерлерін түгендеу жұмыстары екі кезенге бөлінеді: дайындық және өндірістік-камералық.
Елді мекен жерлерін түгендеуге бастапқы материал ретінде жер учаскелеріне берілетін графикалық, мәтін және құқықтық құжаттар, өткен жолғы түгендеу материалдары, масштабтары 1:500-1:1000 топографиялық карталар мен жобалар, қалалық (ауылдық) геодезиялық желісі пунктерінің координаталар каталогтары қолданылады.
Қала жерлерін түгендеу нәтижесінде жерді пайдалану мен жер меншігі жайлы дәл мәліметтер алынуы керек. Оларда келесі көрсеткіштермен сипатталады: жер учаскелірінің орналасуы мен шекараларының күйімен, олардың ауданы мен құрамымен, жер учаскесін беру мақсаты.
Жер учаскесінің орналасуы – тікбұрышты, кадастрлық немесе басқа координаталар жүйесінде анықталған жер учаскесі шекараларының нүктелерінің координаталар жиынтығы. 
Жер учаскесінің құрамы – жер учаскесінің шегіндегі қала объектілері мен жылжымайтын объектілердің тізімі, саны мен ауданы.
Жер учаскесінің меншігі – сенімді құжаттармен немесе мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті органдардың тиісті шешімдерімен расталған біреудің жер учаскесіне меншік құқығы жайлы мәліметтердің жиынтығы.
Жер учаскесінің функционалды беру мақсаты – жер учаскесін нақты шаруашылық іс-әрекетін жүргізуге немесе пайдалануға беру мақсатын сөзбен көрсету. 
Дайындық кезенінің жұмыстары
Дайындық жұмыстары елді мекен жерлерін түгендާу және картографтау бойынша жұмыстарының технологиясындағы маңызыд элемент болып табылады. Оларды сапалы түрде жүргізу болашақ шығындарды анықтауға және жұмыстарды орындаудың нақты кестесін құруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстардағы қателер соңғы өнімнің қымбаттауына және жұмыстарды орындау уақытының ұзаруына әкеледі.
Елді мекен жерлерін түгендеу уақытындағы дайындық кезенінің жұмыстарына мыналар жатады:
- материалдарды жинау, зерттеу және талдау, жерлерді қайта тарату;
- жерлерді түгендеу бойынша жұмыстардың техникалық, әдістемелік және технологиялық қамтамасыз етілуін талдау;
- кварталдарға бөлу (кадастрлық және экономикалық аймақтарға бөлу) және топографиялық қматамасыз етілуінің картасын құру;
- жұмыс түгендеу жоспарын дайындау;
- техникалық есеп беруді жазу.
Мыналарды жинайды, зерттейді және талдайды: елді мекен территориясында орындалған геодезиялық жұмыстар мен топографиялық түсірістердің материалдарын; бас жоспар мен басқа да қала құрылысының мәліметтерін, жерлерді түгендеуге қажетті қала мен аулды салу ережелерін; өткен жолғы түгендеу материалдарын, жер учаскелері нберу бойынша материалдарын; қала салудың кезекші жобаларының мәліметтерін; елді мекен және жер учаскелерінің шекараларын анықтау және белгілеу материалдарын; жеке ұйлер салынған жер учаскелерін техникалық түгендеу бюросы тексерістерінің материалдарын; коммуналды шаруашылықтың әртүрлі қызметтері мен басқармаларында кадастрлық маңызы бар материалдар мен құжаттарды (реестрлер, кестелер мен графиктер). 
Дайындық жұмыстарын жасағанда, барлық құжаттар мен материалдарды, оның ішінде елді мекен жер учаскелері жайлы ақпараты бар жобалау материалдарын зерттеуге аса назар аударған жөн. Жер пайдаланушылар (жер иелері) туралы мәліметтер, жер учаскелерінің паспорттары, мемлекеттік актілер, жобалау шешімдері, учаске шекараларының белгілері жайлы мәліметтер, олардың сипаттамалары, жер пайдаланудың шекараларын өлшеу нәтижелері, оларды орындаушылар және өлшеуді жүргізу мерзімі зерттеледі. 
Жиналған материалдардың негізінде кадастрлық картографтау және және елді мекендерді түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық тапсырма құрастырылады. Техникалық тапсырмада келесі жұмыстарды жүргізудің тәртібі, мерзімі және технологиясы көрсетілуі тиіс: 
- елді мекен территориясын кварталдарға бөлу;
- түгендеідің өндірістік кезенін жүргізу;
- жұмыс түгендеу жобасын құру;
- кварталдың жерге орналастыру ісін құрастыру;
- қалалық геодезиялық желісін зерттеу;
- қала шекарасын бекіту. 
Техникалық тапсырмада дайын өнімді тапсыру шарттары, жерге таласу жағдайларында жерді пайдалануларды бөлу принциптері. Техникалық тапсырманы тапсырма беруші тапсырманы орындаушылармен келісіп бекітеді (жер ресуртары бойынша аудандық комитетінің төрағасы).
Техникалық тапсырманың негізінде жұмыстардың құны мен жұмыстарды жалпы және кезендермен орындау мерзімі анықталады.
Жұмыстарды орындаушы елді мекен жерлерін картографтау мен түгендеу жұмыстарына техникалық тапсырманы, масштабтары 1:2000; 1:1000; 1:500 дейін үлкейтілген аэрофотосуреттерді, жергілікті әкімшілік басшыларының тізімдерін, жұмыстарды орындауға рұқсат, кестелерді алуға міндетті.
Елді мекеннің үлкендігіне қарай, оның территориясын бөлу құрылымы таңдалады. Бұл құрылым сол уақыттағы әкімшілік-территориалдық бөлу мен елді мекен территориясының ерекшеліктері есепке алынады. Объектіні кадастрлық кварталдарға және территорияның экономикалық бөлінуі мен шекараларды бекіту туралы атқару органдардың құжаты болса, экономикалық аймақтарға бөледі. Бөлу материалдарын тиісті құжат ретінде жасалынады да, жергілікті әкімшіліктің қаулысымен бекітіледі және кезекті кадастрлық картаның мәліметтерімен сәйкес келуі керек.
Қадастрлық квартал – шағын жер массивін құрайтын жер учаскелерінің жиынтығы. 
Елді мекенді кадастрлық кварталдарға бөлу жер ресурстары бойынша қалалық (аудандық) комитетімен қалалық (аудандық) сәулет өкілдерінің қатысуымен жасалынады. Елді мекендегі кадастрлық квартал ретінде шағын аудан, квартал, өндірістік және коммуналды аймақ немесе қалалық парк алынады. Кадастрлық квартал құрылыс салудың қызыл сызықтары бойынша шекетліп, жұмыс кадастрлық бірлік ретінде алынады. Нақты жерді пайдалану қызыл сызықтармен немесе табиғи шекаралармен шектелген есепке алу кадастрлық бірлік ретінде алынады. Ауылдық елді мекендердің құрылыс салынған бөліктерінде кадастрлық кварталды құрамында 50 жер пайдаланушылардан көп болмайтын массивтерден құраған жөн. Егер елді мекендегі жер пайдаланушылардың саны 100-ден аз болса, оны бір квартал ретінде алады. Кадастрлық кварталдарды номерлеуді жоғарғы бұрыштан сағат тілімен бастаған жөн. Кадастрлық аймақтарға бөлудің барлық жұмыстары жер учаскелелері мен олармен тығыз байланысты болатын жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық номерлерін қалыптастыру және есепке алу жайлы Нұсқауға сәкес жүргізіледі. Дайындық кезенінің орындалған жұмыстарының материалдары бойынша техникалық есеп беру жазылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет