АНЕВРОФИТОПСИДТЕР КЛАСЫ (АНЕВРОФИТОПСИДЫ) - ANEUROPHYTOPSІDA
Бұл өте ерте пайда болған топ, оның геологиялық тарихы девон дәуірінің алғашқы кезеңінің соңынан басталып соңғы кезеңінің ортасына дейінгі қабаттардан белгілі (бұдан 400-375 млн. жылдар бұрын). Кластың ең қарапайым өкілдерінің (әсіресе девон дәуірінің ортаңғы кезінен белгілі туыс птилофитон- Ptіlophyton, ол сонымен бірге Protopterіdіum - деген атпен де белгілі) риниофиттермен көптеген ұқсастықтары бар және олар осы риниофиттермен папоротниктерді жалғастырып тұратын аралық форма
болып есептелінеді. Оларды псилофиттер қатарының (Psіlophytales)
өкілдерінен пайда болған деп жорамалдайды.
Осы класқа жататын өсімдіктердің нағыз жетілген жапырағы болмаған. Тек птилофитонның (Ptіlophyton) ғана сабағының жоғарғы ұшындағы бұтақшалары жапырақ тәрізді жалпайған болып келеді (54,1-сурет). Мұндай ерекше бұтақшалар (плосковедкий) - нағыз жалпақ, дорзовентральді жапырақтардың пайда болуының алғашқы сатысы болып табылады. Бірақ аневрофитопсидтердің сабағының жоғарғы ұшындағы бұтақшалары нағыз папоротниктердің жапырақтары секілді, жас кезінде улитка тәрізді бұралып шиыршықталған болып келеді (54,2-сурет).
Птилофитонның (Ptіlophyton) өкілдерінің қазба-қалдықтары Европа мен Азияда девон дәуірінің ортаңғы кездерінен кездеседі. Бұл туысқа 5 т‰р жатады. Олардың тік өсетін сабақтарынан дихотомиялы тармақтанған бұтақтар кеткен. Б‰йірлік бұтақшалары жалпақ және ұштары аша тәрізді тармақталған болып келеді (54,1а-сурет).
Барлық папоротниктердің бұтақтарының ішкі құрылысы өте қарапайым және барлық уақытта протостельді болып келеді. Алғашқы ксилемасы мезархты. Кластың барлық өкілдерінде соңғы ксилема пайда болған, ал олардың кейбіреулерінде соңғы флоэманың құрылысы к‰рделі болып келеді. Соңғы ксилеманың трахеиді н‰ктелі, қалыңдаған яғни дөңгелек табақша тәрізді көмкермелі тесіктері болған. Спорангийлері біршама ‰лкен болған, олар бұтақшаның жоғарғы ұшында, жалғыз-жалғыздан немесе топтасып (пучки) орналасқан (54,1б-сурет). Спораларының барлығы бірдей, яғни тең споралы болып келеді.
Протоптеридиумның (P.hostіmense) бірқатар т‰рлерінің жекелеген жалпақ бұтақшалары, қазіргі кездегі папоротниктердің к‰рделі қауырсынды жапырақтарына ұқсас болған және жас кездерінде ұлу тәрізді бұралған болып келген (54,2; 57,1-суреттер). Аневрофитопсидтер класына аневрофиттер қатарының өкілдері (Aneurophytales) және туыстық жағдайы толық дәлелденбеген бірқатар өсімдіктер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |