Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


КАЛАМИТТЕР КЛАСЫ (КАЛАМИТОВЫЕ) - CALAMІTOPSІDA



бет97/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   215

КАЛАМИТТЕР КЛАСЫ (КАЛАМИТОВЫЕ) - CALAMІTOPSІDA


Бұл класқа бір ғана каламиттер қатары (Calamіtales) жатады. Каламиттер жойылып кеткен өсімдіктер. Олар алғашқы рет девон дәуірінің соңына таман пайда болған, дамуының ең шарықтаған кезі таскөмір дәуірі болып табылады.


Каламиттер ағаштар болған. Сыртқы кескіні жағынан олар қырықбуындарға ұқсас. Олардың сабақтары буыннан және буынаралықтарынан тұрады, сырты майда қырлы-сайлы, спорофиллдері (споронгиофорлары) қалқан тәріді, оларда төрт-төрттен спорангийлер жетіледі және осы спорангийлер жиналып формасы мен құрылысы әрт‰рлі болып келетін масақтар т‰зеді. Қатарда мынадай екі тұқымдас бар: астерокаламиттер және каламиттер.
Астерокаламиттер тұқымдасы (Asterocalamіtaceae) девон дәуірінің соңғы кездерінен карбонның алғашқы кездеріне дейін өмір с‰рген ең қарапайым өсімдіктерге жатады. Аса кең таралғандарына астерокаламит туысының (Asterocalamіtes) (карбонның төменгі қабаттары) өкілдері жатады. Оның т‰рлері ағаштар болған. Сабағында көршілес буынаралығының майда қырлары мен сайлары алма кезек орналаспаған. Жапырағы жіңішке, ұзындығы 5 см-дей және бірнеше рет дихотомиялы тілімделген болып келген (48,1б-сурет). Спора т‰зетін масағы топтасқан қалқан тәрізді спорангийлердің жиынтығынан тұрады. Спорангийлердің тобы жеміссіз жапырақтардың тобымен мутовкасымен алма кезек орналасады.
Каламиттер тұқымдасы (Calamіtaceae). Бұл тұқымдасқа біршама к‰рделі формалары жатады. Олар алуан т‰рлі және каламиттер (Calamіtes) деп аталынатын жиынтық туысты біріктіреді. Туысқа көптеген т‰рлер жатады.
Каламиттер таскөмір дәуірінің төменгі қабаттарынан белгілі, олардың шарықтап дамыған уақыты осы кезеңнің ортаңғы және ‰стіңгі қабаттары болған. Олардың көптеген т‰рлері Перм дәуірінде жойылып кеткен, бірақ кейбіреулері (мысалы, Neocalamіtes) мезозой эрасындағы триас дәуірінің соңына дейін өмір с‰рген.
Каламиттер жуан ағаштар болған, батпақты жерлерді мекендеген және ұзын көлбеу бағытта өскен тамырсабақтары болған. Тамырсабақтары әдетте батпақты топырақтың ішіне еніп жатады, олардың жоғары қарай тік бағытта жер беті бұтақтары кеткен. Соңғыларының биіктігі 30 см-дей болған.
Сабақтары буынға және буынаралықтарына бөлінеді. Буынаралықтарының сырты майда қырлы-сайлы болып келеді. Сабақтары қалың болып бұтақтанады. Бұтақтарда буынаралықтарынан тұрады. Жақын орналасқан буынаралықтарының майда қыр-сайларының алма кезек орналасуы жиі кездеседі. Тамырсабақтарының буындарынан және жербеті сабақтарының төменгі бөіктерінен көптеген қосалқы тамырлары кеткен (48,2-сурет). Жапырақтары буындарында топтасып орналасады.
Жапырақтардың жиынтығы (мутовка) (8-13) бос орналасқан, немесе біріккен жапырақтардан тұрады. Жеке жапырақтың ұзындығы 0,5 см-ден 20 см-ге дейін барады. Жапырақтары таспа тәрізді, тұтас бірғана ж‰йкесі болған, хлорофилл дәндері болған және қазіргі кездегі қырықбуындардың жапырақтарынан айырмашылығы сол оларда фотосинтез процесі ж‰рген. Камбийінің болуына байланысты каламиттердің сабақтары жуандап өскен. Сабағы қабықтан, стельден тұрған, ал сырты эпидермиспен жабылған болып келеді. Сабақтың ортасында өзек жетілген, бірақ ол ересек өсімдіктерде жойылып кетіп отырған (48,2б-сурет). Алғашқы шоқтары протоксилема мен метаксилемадан тұрған. Метаксилемасы сабақтың ортасына қарай өскен, ал протоксилемасы ерте жойылып кетіп отырған, ал оның орнына шоқтық (каринальдық) қуыс пайда болған. Содан соң барып камбий шеңбері т‰зілген. Камбий ішке қарай екінші реттік ксилеманы, ал сыртқа қарай екінші реттік флоэманы бөліп шығарып отырған. Өзектік сәулелері айқын байқалады. Қабық қабаты қалың болған және онда перидерма мен арқаулық клеткалары қалыптасқан. Тамырының құрылысы, сабағының құрылысына ұқсас болған және екінші рет қалыңдап өсуге қабілетті келген.
Спора т‰зетін масағы алуан т‰рлі болған және т‰рлі туыстардың аттарымен сипатталып жазылған (Calamostachys, Palaeostachya және басқалар).
Каламостахистың (Calamostachys) масағында спорофилл-дерінің жиынтығы (мутовка) жеміссіз жапырақтарының жиынтығымен алма кезек орналасады. Жеміссіз жапырақтары әдетте жоғары қарап қайырылып спорофиллдерін жауып тұрады (49,2). Палеостахияның (Palaeostachya) спорангийлері жеміссіз жапырақтарының қолтығында біртіндеп орналасады. Бұл к‰мәнсіз екінші рет пайда болған топ. Оған спорангийінің аяқшасына өтетін шоқтың іздері дәлел бола алады. Шоқ алдымен жоғары қарай ж‰реді (спорангийдің бұрынғы орналасқан жеріне), содан соң төмен қарап иіліп спорангийге өтеді (49,1- сурет).
Басқа каламиттердің масақтарының құрылысы бұлардан да к‰рделірек. Каламиттердің ішінде тең споралы да және әрт‰рлі споралы да өсімдіктер болған. Каламиттер гиениялардың тікелей жалғасы болып табылады (каламиттер тектес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет