Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


АРХЕОПТЕРИДОПСИДТЕР КЛАСЫ



бет101/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

2. АРХЕОПТЕРИДОПСИДТЕР КЛАСЫ


(АРХЕОПТЕРИДОПСИДЫ) ARCHAEOPTERІDOPSІDA

Бұл кластың өкілдері девон дәуірінің ортаңғы кезеңінің соңғы қабаттарынан - карбонның бас кезінен белгілі бұдан 390-360 млн. жыл бұрын. Бұрын бұл кластың өкілдері аневрофитопсидтерге жатқызған, алайда олардан б‰тін, тілімделген немесе аша тәрізді, саусақ тәрізді, қауырсынды тілімделген нағыз жапырақтарының болуымен айқын ажыратылады. Бір қызығы және эволюциялық тұрғыдан алып қарағанда аса маңызды жері мынау: ол осы класқа жататын өсімдіктердің жапырақтарының нағыз папоротниктердің жапырақтарына көптеген ұқсастықтары бола тұра, жас кезінде ұлу тәрізді бұралып ширатылмаған. Осынысымен археоптеридосидтердің жапырағы қазіргі кездерде кездесетін офиоглоссопсидтердің жылантіл папоротниктерінің жапырағына ұқсас.


Бұтақтарының анатомиялық құрылысы аневрофитопсид-тердегідей протостельді емес, сифоностельді болып келеді. Алғашқы ксилема мезархты шоқтық шеңберден тұрады, ол соңғы ксилема т‰зілген кезде бірігіп цилиндр тәрізді формаға келеді. Көп жылдық особьтары (өсімдіктер) сырт қарағанда ағаш тәрізді болған, алыстау болса да қазіргі кездегі қылқан жапырақтыларды еске т‰сірерліктей ұқсастығы болған (55-сурет). Соңғы ксилема аса ‰лкен қалыңдыққа жеткен,яғни с‰рек қабаты тығыздалып, қалыңдаған (пикноксильного типа). Соңғы ксилеманың трахеидтері н‰ктелі болған, осы ерекшелігімен археоптеридопсидтер аневрофитопсидтермен офиоглоссопсид-терден басқа барлық папоротник тәрізділерден айқын ажыратылады.
Спорангийлері ‰лкен, қауырсынды тілімделген, спорофиллдерінде бір немесе екі қатарға тізіліп орналасады. Ал спорофиллдері жасыл жапырақтарымен алма кезек орналасады. Сонымен археоптеридопсидтер спорангийлерінің орналасу ерекшелігімен аневрофитопсидтерден айқын айырмашылығы болады. Оның өзі осы сөз етіп отырған өсімдіктердің тобын жеке екі класс ретінде бөліп қарастырудың дұрыс екендігін көрсетеді. Олардан басқа археоптеридопсидтердің көптеген өкілдері әрт‰рлі споралы өсімдіктер болып табылады.
Бұл клас бір ғана археоптеридопсидтер (Archaeopterіdales) қатарынан тұрады. Қатардың ең ерте пайда болған туысына археоптерис (Archaeopterіs) жатады (55-сурет). Ол девон дәуірінің ортаңғы кезінен белгілі. Археоптеристің жапырағы ‰лкен, екі рет қауырсындалған, ал сегменті тұтас немесе тілімделген болып келген. Жапырақтары спора т‰зетін және вегетативтік болып екіге бөлінеді (56,1а,б,в-сурет). Спора т‰зетін бөлігі сағақтан тұрады, оның ‰стіне ұзынша келген спорангийлері, кішкентай тірсегі бекиді. Археоптерис әрт‰рлі споралы өсімдік болған (56,г-сурет).
Басқа туыстарынан, мысалы таскөмір дәуірінде өмір с‰рген Rhacopterіs-тің жапырағының спора т‰зетін және вегетативтік болып бөлінуі жоғарыда айтылған туыстың өкілдеріне қарағанда біршама айқын байқалады (56,2-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет