Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Қарағайлар тұқымдастармағы (сосновые) - Pіnoіdeae



бет143/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Қарағайлар тұқымдастармағы (сосновые) - Pіnoіdeae


Ұзарған және қысқарған өркендері бар өсімдіктер. Оларда әрт‰рлі жапырақтар болады. Ұзарған өркендерінде, тек жарғақ тәрізді, қабыршақ тәрізді жапырақтары жетілген, олар сирек спиральдің бойымен орналасады. Осы қабыршақтардың қолтығында қысқарған өркендері орналасады. Жапырақтары жасыл, ине тәрізді немесе жалпақ (уплощенный) болып келеді және шоқ т‰зіп орналасады, әрбір шоқта олар 2-5-тен топтасады.
Тұқымдастармағына бір ғана қарағай туысы (сосна - Pіnus ) жатады, оған барлық солт‰стік ендіктің қоңыржай климаттық облыстарында таралған 100-дей т‰р жатады; субтропикада қарағайлар негізінен таулы жерлерде кездеседі. Қарағайдың бірнеше т‰рлері тропиктерде өседі. Қарағайлардың көпшілігі өзінің ареалының барлығында таза, немесе басқа қылқанжапырақтылармен (шыршамен, самырсынмен және т.б.) араласып орман т‰зеді. Оңт‰стікке қарай қарағайлар аралас орманның құрамына кіреді (еменмен, жөке ағашымен және т.б.).
Қарағайлар мәңгі жасыл өсімдіктер. Жас ағаштардың бөрікбасы пирамида тәрізді, ал кәрілерінікі дөңгелек немесе шатыр тәрізді болып келеді (P.pіnea және басқалары). С‰регінде шайыр жолдары болады. Қылқаны қысқарған өркендерінде орналасады, формасы ұзын, жіңішке, жалпақтау дөңес болып келеді, 3-6 жыл өмір с‰реді.
Аталық стробилдері көп жағдайда осы жылдың өркендерінің т‰п жағында көптен топтасып тығыз жиынтық т‰зеді. Жекеленген аталық стробилінің өсінде спиральдің бойымен микроспорофиллдері орналасады, олар қысқа тірсектері арқылы бекиді. Микроспорофиллдің төменгі жағында екі микроспорангийі болады (115,1,3- сурет). Микроспорасының екі ауа қапшығы болады (115,4-сурет).
Аналық стробилдері көп жағдайда осы жылдың өркендерінің жоғарғы жағында орналасады және төбелік немесе б‰йірлік болып келеді (116-сурет), жалғыздан немесе топтасып отырады. Пісіп жетілген стробилдің тұқымдық қабыршақтары ағаштанған, олар бір-біріне тығыз жабысып тұрады. Осы қабыршақтардың жоғарғы ұшы, арқа жағынан қалқан тәрізді болып қалыңдайды. Қалқанның формасы қарағайдың әр т‰рінде әрқилы болып келеді. Стробилдері екінші немесе ‰шінші жылы пісіп жетіледі. Тұқымының ұзын қанатшасы болады, сиректеу қанатшасы болмайды. Өскіндерінің 4-тен 15-дейін тұқым жарнағы болады. БОР-да қарағайдың екі т‰рі кеңінен таралған (кәдімгі және Сібір қарағайы).
Кәдімгі қарағай (P.sіlvestrіs, 111-сурет) БОР-дың европалық бөлігінде, Сібірде (66с.е.дейін) Охот теңізінің жағалауына дейін жетеді (60 с.е.
шамасына дейін). Батыс Европада кәдімгі қарағай Скандинава т‰бінен Пиренейге және Балқанға дейін кездеседі. Кәдімгі қарағай құмды және құмшауыт жерлерде орман т‰зеді. Ол сфагнум батпағында да өседі; оңт‰стікте тұтас ормандардан тыс жерлерде, известі бар беткейлерде және боры бар жерлерде (таудың қарағайлары) өседі.
Кәдімгі қарағай жарықты өте жақсы көретін ағаш, оның діңінің биіктігі 20-40 м. жетеді; қабығы қызыл-қоңыр т‰сті болып келеді. Бөрік басы алғашқы кездері конус тәрізді, соңынан жалпақ, дөңгелек немесе тіптен шатыр тәрізді болады. Қылқаны қысқарған өркендерінде екіден топтасып орналасады. Оның т‰сі көкшілдеу-жасыл болып келеді, әдетте 3 жылға дейін т‰спейді. Қылқанның орталық цилиндрінде екі өткізгіш шоғы болады. Аналық стробилдері екінші жылы пісіп жетіледі, олардың формасы сопақтау, жұмыртқа тәрізді (ұзындығы 3-7 см, диаметрі 2-3 см болады), тығыз орналасқан қабыршақтары болады. Қалқандары ромба тәрізді (116-сурет). Тұқымының қанатшасы болады. Кәдімгі қарағайдың тозаңдануы, көктемде аналық стробилдерінің кішкентай кезінде ж‰реді. Өнген тозаң тұқымб‰рінің нуцеллусының ‰стіне т‰сіп, бір жыл бойы тыныштық қалпында болады. Келесі жылы көктемде, ол тозаң т‰тігіне өседі. Көп кешікпей ұрықтану процесі ж‰реді. К‰зге қарай тұқымдары пісіп жетіледі, олар әдетте стробилден қыста жерге шашылады.
Қарағайдың с‰регі өте құнды. Оны ‰й құрылысына жиі пайдаланады. Қарағайдан әрт‰рлі ағаш бұйымдарын және мебельдер жасайды, сонымен бірге оны кемелер жасауға, вагондар жасауға да көптеп пайдаланады. Қарағайдың с‰регінен канифоль және скипидар алуға қажетті живика алынады. Қылқанында көп мөлшерде аскорбин қышқылы (витамин С) болады.
Сібір қарағайын (сосна сибирская – P.sіbіrіca) көп жағдайда сібірдің кедр қарағайы, немесе кедр деп атайды. Ол сібірдің барлық жерінде, Монголияда қалың орман т‰зеді, оны кедрачтар деп атайды. Ол БОР-дың европалық бөлігінің солт‰стік-шығысында (аздап) кездеседі. Сібір қарағайы, бөрікбасы өте қалың болып келетін биік ағаш. Жапырақтары қысқарған өркендерінде 5-тен топтасып отырады, олар ұзын, қою-жасыл т‰сті және тығыз болып келеді. Қылқанының орталық цилиндірінде бір ғана өткізгіш шоғы болады. Аналық стробилдері тік тұрады, ашық-қоңыр т‰сті ‰лкен (ұзындығы 6-15 см, ал ені 5-8 см) болып келеді. ‡шінші жылы пісіп жетіледі, тұқымдарының қанатшалары болмайды, оларды кедр жаңғақшалары деп атайды. Жаңғақтың қалың қабықшасы интегумент болып келеді, эндоспермді қоршап тұратын жұқа қоңыр жарғағы (пленка) нуцеллустың қалдығы, ал ортасындағы ақшыл т‰сті майлы масса эндосперм. Онда ұрық орналасады. Сібір қарағайының тұқымы (жаңғағы) дәмді тағам ретінде (лакомство) тамаққа пайдаланылады, сонымен бірге одан тамақтық және техникалық маңызы бар май алынады.
Сібір қарағайының с‰регі, жеңіл, тығыз, смоласы көп, халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Ол терезенің, есіктің рамасын
жасауға, қаламның сыртын қаптауға және басқа мақсатта пайдаланылады. Смоласын (живица) айыру арқылы одан скипидар және канифоль алады.
Батыс Европада Альпа және Карпат тауларында Европа кедр қарағайы (европейская кедровая сосна –P.cembra) кеңінен таралған. Оны БОР-дың (парктерде) демалыс бақтарында, сәндік өсімдік ретінде жиі отырғызады.
Забайкальядан Охот теңізі жағалауына дейін, сонымен бірге Курил аралдарында және Жапонияда кедр стланигі (кедровый стланик –P.pumіla) кең таралған, ол бұта т‰рінде немесе кішілеу ағаш ретінде өседі. Ол тиіндерге және бұлынғырларға (соболь) пана болатын ‰лкен қалың қопа (заросли) т‰зеді. Оның тұқымы жеуге келеді, бірақ Сібір қарағайының жаңғағына қарағанда ұсақтау. БОР-да (Қырымның тауларында және Забайкальенің батысында), Кіші Азияда және Балқанда паллас қарағайы (сосна палласова – P.pallasіana) өседі, ол біршама ‰лкен орман т‰зеді.
Кавказдың қара теңіз жағалауында және Қырымның оңт‰стік жағалауында реликт және эндем ретінде пицунд қарағайы (сосна пицундская– P.pіthyusa) өседі. БОР-дың Пицунда м‰йісінде (мыс) осы қарағайдан кішілеу орман (роща) кездеседі, ол тікелей теңіздің жағасын алып жатады.
Грузия республикасында Иори (Кура өзенінің тармағы) өзенінің жағалауында эндемдік эльдар қарағайы (сосна эльдарская – P.eldarіca) өседі.
Жерорта теңізінің батысында (Италия, Франция және басқа елдерде) пиния қарағайы (пиния –P.pіnea) кеңінен таралған және ол мәдени жағдайда өсіріледі. БОР-дың территориясында Қырымда және Закавказьеде бұл т‰рді парктерде отырғызады. Пиния бөрікбасы шатыр тәрізді болып келетін ағаш, оның ‰лкен жеуге келетін тұқымы болады.
Қарағайдың көптеген т‰рлері Солт‰стік Америкада (30-дай т‰р) кездеседі. Бұл т‰рлердің көпшілігінің ареалы ‰лкен болмайды. Олардың ішінде сары қарағай (сосна желтая – P.ponderosa) құнды с‰рек береді. Оны барлық Солт‰стік Америкада отырғызады.
Канаданың шығыс және солт‰стік бөліктерінде қарағайлардың т‰рлерінің саны аз, бірақ олар көптеген территорияны алып жатады және
‰лкен ормандар т‰зеді. Олардың ішінде веймутов қарағайы (сосна веймутова
– P.strobus) бар. Бұл биік аса сәнді ағаш. Қысқарған өркенінде 5-7-ден ұзын көгілдір т‰сті қылқандары шоқ т‰зіп орналасады. Оны Европада және БОР- дың европалық бөлігінің орманды зонасында мәдени жағдайда өсіреді.
Солт‰стік Америкада банксов қарағайы (банксова сосна – P.banksіana) және басқалар таралған. Одан әрі оңт‰стікке таман монтесум қарағайы кездеседі (сосна монтесумы –P.montezumae), ол Мексиканың Кордильераларында өседі. Шоқта 5-тен орналасқан ‰лкен, әрі ұзын қылқандарының болуына байланысты, бұл қарағай аса сәнді көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет