Араукариялар оңт‰стік ендікте таралған, мәңгі жасыл биік ағаштар. Олардың сабақтары дұрыс өседі, жыл сайын ‰лкен бұтақтардың тобын т‰зеді.
Араукариялардың вегетативтік органдарының құрылысының бір қатар қарапайым белгілері болады. Басқа қылқанжапырақты-лардан араукариялардың айырмашылығы сол, олардың өзегі біршама қалың. Соңғы с‰регінің трахеидтері (3 мм-ге дейін барады) қылқанжапырақтылардың ішіндегі ең ұзыны. Пораларының құрылысының орналасуы жағынан, олар кордаиттердің және палеозойлық ертедегі қылқанжапырақтылар-дың (лебахиялардың) трахеидтеріне ұқсас. С‰ректік паренхимасы болмайды. Сабағында шайыр жолдары жоқ. Араукариялардың жапырақтары көп жағдайда ‰лкен, жалпақ, жұмыртқа тәрізді, немесе біршама ұсақ - таспа тәрізді, олар бұтақтарында қалың болып отырады.
Аталық стробилі ‰лкен, оның көптеген спиральдің бойымен орналасқан микроспорофиллдері болады. Олардың жоғарғы жағы жалпайған болып келеді, ал төменгі жағында көптеген микроспорангийлері орналасады.
Микроспорангийлерінде көптеген ауа қуыстары жоқ микроспоралары жетіледі. Микроспоралар өнкен кезде 15-25 проталлиальдық клеткалар т‰зіледі (110,2-сурет).
Аналық стробилдері (шишки) ‰лкен, көп жағдайда дөңгелек, піскен кездерінде ажырап ашылады. Араукариялардың тұқымдық және жабындық қабыршақтарының бірігіп кетуімен және тұқымдық қабыршақтың жоғарғы ұшында орналасқан бір ғана тұқымб‰рінің болуымен айқын ерекшеленеді. Тұқымб‰рі тозаң тесігімен төмен қарап тұрады (110,1б-сурет). Эндоспермнің жоғарғы жағында 8-15 архегонийлер орналасады. Архегонийдің мойын клеткасының саны 12-ге жетеді. Құрсақ канал клеткалары ерте жойылады.
Араукариялар қылқанжапырақтылардың ең ертеде пайда болған тобы. Қазба т‰рінде олар мезозой қабаттарынан (триастан бастап) белгілі. Ол кездерде араукариялар солт‰стік жарты шарда, оның ішінде Европада- Гренландияға дейін және БОР-дың территориясында өскен. Олардың тікелей арғы тегі (Araucarіtes) перм дәуірінің қабаттарында кездеседі. Араукарияларға екі туыс жатады: араукария және агатис.
Араукария туысының (Araucarіa) Оңт‰стік Америкада (Чили, Бразилия), Австралияда және жаңа Каледония аралдарында өсетін 15 т‰рі бар.
Араукарияның аталық стробилінің ұзындығы 15-25 см-ге жетеді. Микроспорофиллдерінің ұшы жалпайған болып келеді, онда 6-19 микроспорангийлері жетіледі. Аналық стробилдің тұқымдық және жабындық қабыршақтары б‰ткіл ұзына бойына бірігіп кеткен, олардың ең жоғарғы ұшы ғана бос болады. Тұқымб‰рі тұқымдық қабыршақтың ұлпасына еніп жатады. Осы жерде тілшесі айқын байқалады. Тілше қосымша (придаток) тұқымдық қабыршақтың ‰стіңгі бөлігінде болатын өсінді (110,1- сурет). Тұқымның көн тәрізді қанатшасы болады.
Араукариялар ксерофит кескінді, жарық с‰йгіш және экологиялық жағынан біздің қарағайға ұқсас болып келеді. Олар көп жағдайда ‰лкен жарық орман т‰зеді.
Оңт‰стік Америкада (Чилидің Андасында және Аргентинаның оңт‰стік батысында) Чили араукариясы (A.araucana) кеңінен таралған, ол бұл жерде орман т‰зеді. Бұл биіктігі 60 м, ал диаметрі 1,5 м болатын ағаш. Бұтақтары алтыдан топтасып орналасады. Жапырағы жұмыртқа тәрізді, ланцет тәрізді, көн секілді қалың, бұтақтарында тығыз болып отырады, ұзындығы 2-5 см-ге жетеді және 10-15 жыл өмір с‰реді. Аналық стробилі шар тәрізді, диаметрі 10 см-дей болады.
Бразилияның оңт‰стігінде бразилия араукариясы (A.brasіlіensіs) орман т‰зеді. Ол биіктігі 50 м-ге жететін, шатыр тәрізді бөрікбас т‰зетін ағаш. Жапырағы жіңішке, ұзындығы 1,5 см болады. Аналық стробилдері ‰лкен, шар тәрізді диаметрі 25 см-ге жетеді (111,1-сурет).
Австралияның шығысында орманның құрамына Бидвилла араукариясы
(A.bіdwіllіі) кіреді.
Норфольк аралында сәнді, биік араукария (A.excelsa) өседі, оның сырт кескіні шыршаға ұқсас. Агатис (Agathіs) туысының 20-дай т‰рлері бар. Олар Индо-Малай флоралық облысында және одан әрі оңт‰стікке қарай, Австралияның шығысына, Жаңа Зеландияға дейін таралған. Бұлар биік, мәңгі жасыл ағаштар, топтасып бұтақтанады. Жапырақтары көп жағдайда ірі, дөңгелек, жалпақ, ұзындығы 17-18 см-ге дейін жетеді (A.macrophylla 111,2- сурет). Аталық стробилдері ‰лкен болмайды, және олардың ұзындығы 4-6 см-ден аспайды. Аналық стробилдері дөңгелек. Тұқымдық және жабындық қабыршақтары т‰гелдей бірігіп кеткен. Тұқымб‰рі бос орналасқан және тұқымдық қабыршақтың ұлпасына енбеген. Жаңа Зеландия агатисі (A.australіs) Жаңа Зеландияда ‰лкен орман т‰зеді. Биіктігі 50 м болатын ағаш, бұтақтары қалың болып топтасып өседі. Араукариялардың практикалық маңызы ‰лкен. Араукариялардың көптеген т‰рлерінің ағашы (с‰регі) тамаша болады, олар кеме жасауға, ‰й салуға, басқа да көптеген қажетті бұйымдар жасауға пайдаланады. Араукариялардың тұқымдары (әсіресе A.araucana, A.angustіfolіa) жеуге келеді және Чили халқының негізгі тамағы болып табылады. Агатистің (Agathіs) көптеген т‰рлері каури-копал, немесе доммаров шайырын береді. Ол лактарды, бояуларды алу ‰шін маңызды шикізат болып табылады.