Олардың геологиялық тарихы триастың алғашқы кездерінен басталады. Трахеидтерінің қабырғаларындағы көмкерме тесіктері (поры) әдетте бір қатарға, сиректеу екі қатарға орналасады. Көптеген туыстары тұрақты т‰рде шайыр жолдарының болуымен сипатталады. С‰ректік паренхимасы мардымсыз, кейде ол м‰лдем болмайды. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, ине тәрізді, немесе біз тәрізді өте сирек салыстырмалы т‰рде жалпақтау (ені 7 мм) және жіңішке болып келеді. Микростробилдері (аталық б‰ршіктері) дорзовентральды микроспорофиллдерден тұрады, соңғыларының төменгі жағында екіден олармен т‰гелдей бірігіп кеткен микроспорангийлері болады. Көпшілік туыстарының тозаң дәндерінің екіден ауа қуыстары болады. Аталық гаметофиттің екі проталлиальдық клеткасы болады. Аналық стробилдері спиральдің бойымен бос орналасқан тұқымдық қабыршықтардан тұрады. Әрбір тұқымдық қабыршық жабындық қабыршақтың қолтығында орналасады. Әрбір тұқымдық қабыршақтың төменгі жағында екіден кері орналасқан (обращенный) тұқымб‰рлері болады. Пісіп жетілген тұқымның жұқа, жарғақ тәрізді, қанатшасы болады. Ұрығының 2-ден 18-ге дейін тұқымжарнағы болады. Қатар бір ғана қарағайлар тұқымдасынан тұрады (Pіnaceae).
Қарағайларды араукариялар секілді тікелей жойылып кеткен вольциялар тұқымдасынан, оның ішінде бір-біріне тәуелсіз, вольциялардың әрт‰рлі өкілдерінен шыққан деп айтуға толық негіз бар.
Қарағайлар тұқымдасы (Сосновые) - Pіnaceae
Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер негізінен ағаштар сиректеу бұталар, жапырақтары мәңгі жасыл болып келеді. Тек Larіx және Pseudolarіx туыстарының жапырақтары қысқа қарай т‰сіп қалып отырады.
Жапырақтары ине тәрізді немесе жалпайған болып келеді, қылқандар (хвои) деп аталынады. Жапырақтары спиральдің бойымен орналасады. Жапырақтары, ұзарған өркендерінде, не жалғыздан, не болмаса қысқарған өркендерінде топтасып орналасады. Діңінің айқын байқалатын жылдық сақиналары болады. Трахеидтерінің бір ғана, сиректеу екі қатар т‰зіп орналасқан көмкерме тесіктері (поралары) болады.
Өзектік сәулелері жіңішке, бір-екі қатарлы. Шайыр жолдары болады. Қарағайлардың стробилдері көп жағдайда дара жынысты. Аталық стробилдері (шишки) негізінен сары немесе қызыл т‰ске боялған болып келеді. Олардың өсінде көптеген спиральдің бойымен орналасқан микроспорофиллдері болған. Олардың төменгі жағында екіден микроспорангийлер жетіледі. Микроспораларының (Larіx, Pseudolarіx және Tsuga-дан басқаларында) екіден ауа қуыстары (қапшықтары) болады. Аналық стробилінің (шишки) құрылысы к‰рделі болады. Аналық стробилдің өсінде екі-екіден қосарланып жабындық және тұқымдық қабыршақтары орналасады. Олар кезектесіп немесе спиральдің бойымен орналасады. Жабындық қабыршақтың қолтығында орналасқан тұқымдық қабыршақ м‰лдем бос болады. Тұқымдық қабыршақтың ‰стіңгі (ішкі) жағында тозаң тесігі төмен қарай бағытталған екі тұқымб‰рі орналасады.
Тұқымдық және жабындық қабыршақтары ағаштанған, олар стробилі піскенге дейін жабық болады. Кейбір туыстарының жабындық қабыршақтары нашар жетілген. Қарағайлардың көпшілігінің пісіп жетілген тұқымдарының жұқа, жарғақ қанатшалары болады. Олар тұқымдық қабыршақтың ‰стіңгі қабаттарының ұлпаларынан пайда болады (116,4- сурет).
Ұрықтың тұқым жарнағының саны әрт‰рлі болады (2-ден 18-ге дейін). Қарағайлар тұқымдасы аса ‰лкен. Оған 10 немесе 11 туыс және 250 т‰р жатады.
Қарағайлар тұқымдасының өкілдері солт‰стік жарты шарда, субарктикалық аудандардан субтропикалық зонаға дейін кең таралған. Оңт‰стік жарты шарда экватордан ары, қарағайдың тек бірнеше т‰рлері ғана асады (Индонезия, Ява, Борнео және Филиппин аралдары).
Қарағайлар тұқымдасының көптеген өкілдері ‰лкен кеңістікті алып жататын, әсіресе Евразиямен солт‰стік Американың қоңыржай климатты облыстарында орман т‰зеді. БОР-дың территориясының ең шеткі, батыс шекарасынан қиыр шығыстағы шекарасына дейін қарағайлардан, шыршалардан, самырсындардан, балқарағайлардан тұрған ‰лкен ормандар алып жатады.
Қарағай тұқымдасының халық шаруашылығында маңызы ересен зор. Олар әрт‰рлі іске және құрылысқа қажетті ағаштар береді және отынға
пайдаланады.
Кейбір қылқанжапырақтылардың (самырсын, шырша) ағашы қағаз жасауға жұмсалады. Көптеген өсімдіктерде шайыр, бальзамдар болады, оларды айыру арқылы терпентин, канифоль және басқа да құнды өнімдер алынады. Қарағайлар тұқымдасының қазба т‰ріндегі қалдықтары юра дәуірінің соңынан бастап кездеседі. Олар лебахиялардан және вольциялардан шыққан (109-сурет). Қарағайлар тұқымдасын ‰ш тұқымдас тармағына бөледі.