Кипаристер қатары (кипарисовые) - Cupressales
Қатардың геологиялық тарихы юра дәуірінің соңғы кезінен басталады. Пісіп жетілген с‰регінің трахеидтерінің ‰стінде, әдетте бір қатарға
орналасқан поралары болады. Шайыр жолдары болмайды. Әдетте с‰ректік паренхимасы болады, кейде олар өте көп мөлшерде кездеседі. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы немесе 3-4-тен топтасып орналасады. Олардың формасы таспалы-ланцет тәрізді, ине тәрізді немесе қабыршақ тәрізді болып келеді, бір ғана ж‰йкесі болады. Микростробилдері ұсақ. Микроспорофиллдері спиральдің бойымен қарама-қарсы немесе топтасып, дорзовентральді орналасады, олардың 2-9 (көп жағдайда 3-6) микроспорофиллдері болады. Аталық гаметофитінің проталлиальдық клеткасы болмайды. Аналық стробилдері кішкентай болады. Тұқымдық қабыршағы жабындық қабыршағымен азды-көпті біріккен болады (кипарис тәрізділерде т‰гелімен бірігіп кеткен), оның т‰п жағында 2-ден 12-ге дейін тік немесе кері орналасқан тұқымб‰рлері болады. Архегонийлері тығыз топтасып орналасады және барлық архегониальдық комплекс әдетте ортақ жабынмен қоршалған болады. Тұқымдары қанатшалы немесе қанатшасыз болады. Ұрықтың әдетте екі, сиректеу 5-9 тұқымжарнағы болады. Қатарда екі тұқымдас бар- таксодиумдар (Taxodіaceae) және кипаристер (Cupressaceae).
Шығу тегі жағынан шамасы қылқан жапырақтылармен бірдей болған немесе тіптен тікелей ертеде пайда болған қылқанжапырақтылардан шыққан. А.В.Ярмоленконың (1933) пікірі бойынша таксодиумдар қарағай тұқымдасынан шайыр жолдарын жоғалту арқылы бөлініп шыққан.
Таксодиумдар тұқымдасы (таксодиевые) – Taxodіaceae
Бұл жапырақтары ине тәрізді немесе қабыршақ тәрізді болып келетін биік ағаштар. Жапырақтары спиральдің бойымен орналасқан, бірақта көп жағдайда олардың тығыз жақындасып тұратындығы сонша, жапырақтары екі қатарға орналасқан секілді болып көрінеді. С‰регінде жақсы жетілген жылдық сақинасы айқын байқалады. Бір т‰рлерінің аталық стробилдері жалғыздан, ал екіншілерінде олар шашаққа жиналған немесе шоқпарбас т‰зеді. Микроспорофиллдерінің қысқа сағағы және жалпақ пластинкасы болады, оның шеттерінде төменгі жағынан 2-9 микроспорангийлері салбырап тұрады. Микроспораларының ауа қапшығы болмайды. Аталық гаметофиті редукцияға көп ұшыраған. Проталлиальдық клеткалары болмайды. Спермийлердің екеуіде фертильді, бірақ біреуі екіншісінен ‰лкен болады.
Аналық стробилдері көп жағдайда ұсақ, жалғыздан, сабақтарының ұштарында орналасады және спиральдің бойымен орналасқан көптеген қабыршақтардан тұрады. Жабындық қабыршақтары ұсақ болады және тұқымдық қабыршақтарымен ерте бірігіп кетеді. Тұқымдық қабыршақтары жуандалған, олардың әрқайсысының ішкі жағында 2-9 тұқымб‰рлері орналасады. Тұқымдары бос жатады және жіңішке қанатшаларымен қоршалып тұрады, немесе қанатшасы болмайды (Scіadopіtys). Өскіннің 2-9 тұқымб‰рі болады.
Систематикалық жағынан таксодиумдар қарағайлар мен кипаристердің арасын жалғастыратын орталық буын болып табылады. Таксодиумдар
тұқымдасына 10 туыс және 16 т‰р жатады. Көптеген туыстары монотипті, олардың бір-бірден ғана т‰рлері болады. Таксодиумдар АҚШ-да (Калифорнияда), Мексикада, Шығыс Азияда және Тасманияда таралған.
Барлық туыстары реликттер олар солт‰стік жарты шарда ашық тұқымдылар флорасының, бұрынғы ‰шінші дәуірден келе жатқан қалдықтары болып саналады. Олардың қазба қалдықтары триастың
‰стіңгі қабаттарынан белгілі. Ең жақсы жетілгендеріне секвойя және секвойядендрон туыстарының өкілдері жатады.
Секвойя туысы (Sequoja). Солт‰стік Американың батыс бөлігінде кездесетін қызыл секфойя (секвойя красная –S.sempervіrens) деген жалғыз ғана т‰рі белгілі. Ол Оңт‰стік Орегонадан бастап Калифорнияға дейін секвойялы орман т‰зеді. Бұл жердің климаты қоңыржай, жылы болып келеді, аязы сирек, жылдық ылғалдығы 1000-2000 мм, жиі тұман болып тұрады. Секвойя биіктігі 100 м-ге жететін, диаметрі 5-9 м болатын, аса ‰лкен ағаш. Жекелеген ағаштары 2500 жылға дейін өмір с‰реді. Ағашының бөрікбасы (крона) жіңішке конус тәрізді. Сабақтары жапырақтарының жалған екі қатарға орналасуына байланысты жалпақ болады. Мәңгі жасыл жапырақтары жалпақ, таспалы-ланцет тәрізді, ұзындығы 1,5-2 см жетеді (117,1-сурет). Секвойя қалемшелерімен жақсы көбейеді және өрбін (поросль) береді.
Аналық стробилі бір маусымда пісіп жетіледі, өте ұсақ, ұзындығы 2-3 см-ден аспайды, формасы шар тәрізді. Тұқымдық қабыршағында 3-7 тұқымб‰рі болады.
Секвойядендрон туысы (Sequojadendron). Бұған Калифорнияда өсетін және жекелеген қадама ағаштар т‰рінде Сьерра-Невада тауының батыс беткейінде кездесетін биік секвойядендрон (секвойядендрон гигантский – S.gіganteum) деген жалғыз т‰р жатады. Қазіргі кезде бұл т‰рдің өсетін алабының (жерлерінің) барлығы есепке алынған және олардың ең ‰лкендері қорық болып саналады. Секвойядендрон ағашының биіктігі 100 м-ге дейін барады, кейде оданда асады, ал діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді. Діңінде 50 м биіктікке дейін бұтақ болмайды. Бұл ағаш 3500-4000 жыл өмір с‰реді. Бөрікбасы конус тәрізді, сабақтары алғашқы кезде ашық-жасыл, кейіндеу қызғыштау-қоңыр т‰сті болып келеді. Мәңгі жасыл жапырақтары спиральді жіңішке ланцет тәрізді, ұсақ (ұзындығы 3-6, сиректеу 10 мм жетеді).
Стробилдері екінші жылы пісіп жетіледі. Олардың формасы жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-8 см болады. Тұқымдық қабыршағында 3-тен 14-ке дейін тұқымб‰рі болады (117,2-сурет). Секвойя мен секвойядендронның с‰регі аса құнды, оны ‰й салуға және су асты құрылыстарына пайдаланады, өйткені ұзақ уақыттар бойы шірімейді. Екі туыстың да өкілдері тамаша сәндік ағаштар, оларды Батыс Европада, БОР-дың территориясында, Қырымда және Кавказда өсіреді. Секвойя мен секвойядендронның қазба қалдықтары солт‰стік жарты шардың көптеген жерлерінен табылған. Европа мен Азияда олар плиоценге таяу уақыттарға дейін кездескен, ал мұз дәуірінде жойылып кеткен.
Метасеквойя туысы (Metasequoja). Туысқа қытай метасеквойясы
(метасеквойя китайская- M.glyptostroboіdes) деген жалғыз т‰р жатады, ол
қытайдың орталық аудандарында 1800км2 алқапты алып жатады. Бұл туысты 1944 жылы қытай ботаниктері ашып, сипаттап жазған. Оған дейін метасеквойя қазба т‰рінде Жапонияда неоген дәуірінің қабаттарынан белгілі болған. Бор дәуірінде, әсіресе неогенде метасеквойя бірнеше т‰рлердің бірі болып, б‰ткіл солт‰стік жарты шарда кең таралған өсімдік болған. Сонымен бұл да "тірі қазба т‰ріндегі" өсімдік. Бұл өсімдік секвойяға ұқсас, бірақ қыста т‰сіп қалып отыратын қысқарған өркендері болады, оларда екі қатар т‰зіп жалпақ жапырақтары орналасады (118-сурет).
Батпақ кипарисі туысы (болотный кипарис –Taxodіum). Бұл туысқа солт‰стік Американың оңт‰стік-шығыс бөлігінде және Мексикада кездесетін
‰ш т‰р жатады. Т‰рлерінің барлығы реликттер болып келеді, олар неогенде Европа мен Азияда кең тараған өсімдіктер болған, осы жерлерде мұз дәуірінде жойылған.
Виргиндік батпақ кипарисі (болотный кипарис виргинский - T.dіstіchum
) Солт‰стік Американың оңт‰стік шығыс бөлігінің (Флорида да және Мексика құйғанының жағалауында) батпақты жерлерінде, өзен және теңіз жағалауларында кездеседі. Бұл биіктігі 40-45 м болатын, ал диаметрі 1,5 м-ге жететін, бөрікбасы кеңінен жайылып өсетін ағаш (119-сурет). Батпақ кипарисінің өркендері әрт‰рлі болады: ұзарған өркенде жапырақтары спиральдің бойымен орналасады, ал қысқарған өркендері ұзарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтығында орналасады. Қысқа б‰йірлік бұтақтарында екі қатарға орналасқан жасыл жапырақтары болады, к‰зге қарай олар қызарады. Мұндай бұтақтары жылма-жыл жапырақтарымен бірге т‰сіп отырады (сонымен "бұтақтарының" т‰суі байқалады). Батпақ кипарисінің тамыр системасы өте жақсы жетілген, сондықтанда ол батпақты жерде (грунтта) жақсы бекініп тұрады. Тыныс алатын тамырлары болады (пневматофорлары). Олар жоғары қарай тік өседі және жердің бетінен 1-1,5 м биіктікке көтеріліп тұрады.
Мексика батпақ кипарисі (болотный кипарис мексиканский – T.mucronatum) Мексикада өседі. Биіктігі 50 м жететін ағаш. Оның діңінің жуандығы 30 м болады. Бұған дейінгі т‰рден айырмашылығы сол, бұтақтары біршама ұзын, төмен қарай салбырап тұрады. Қысқа өркендері келесі жылы көктемде жаңа өркендер пайда болар кезде т‰сіп отырады. Тыныс алуға арналған тамырлары болмайды. Бұл ұзақ өмір с‰ретін өсімдіктердің бірі. Оның жекелеген экземплярлары 4000, кейде тіптен 6000 жылға дейін өмір с‰реді. С‰регі жұмсақ, шайыр жолдары болмайды, механикалық сапасы жақсы, шіруге шыдамды. Мексика батпақ кипарисі мәдени жағдайда кең таралған (БОР-да, Қырымда және Кавказда өсіріледі) және тамаша сәндік өсімдік болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |