(ГНЕТОВЫЕ ИЛИ ГНЕТОПСИДЫ) - GNETOPSІDA
Басқа ашықтұқымдылардан гнетумдардың айырмасы сол, олар мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: 1) соңғы с‰регінде нағыз сосудтарының болуымен, 2) микроспорофиллдері мен мегаспорофиллдерінің айналасында жабындық жапырақшалары-ның (околоцветник) болуымен, 3) аналық өскіншесінің редукцияға көп ұшырауымен: гнетумда және вельвичияда архегонийлер т‰зілмейді, 4) аталық өскіншесіде редукцияға көп ұшыраған. Келтірілген белгілері бойынша гнетумдар жабықтұқымдыларға көп ұқсас, г‰лді өсімдіктер осысымен ботаниктердің көңілін өзіне ерекше аударады. Алайда гнетумдар ашық тұқымдылар бөліміне жатады. Гнетумдардың органдары құрылысының г‰лді өсімдіктермен бірқатар ұқсастықтарының болуы олардың параллель дамуымен байланысты (конвергенция).
Соңғы кездері А.Л.Тахтаджян гнетумдардың беннеттиттерден немесе онымен арғы тегі бір, біршама қарапайым тектерінен шығарады. Бұл көзқарастың пайдасына ол мынадай ой айтады: 1) вельвичияның микроспорофиллдерінің жиынтығында ("аталық г‰лдерінде") редукцияға ұшыраған тұқымб‰рлері болады. Оның өзі гнетумдардың арғы тегінің стробилдері қосжынысты болған деген ойға итермелейді. Ашық тұқымдылардың ішінде қос жынысты стробил тек беннеттиттерге ғана тән. 2) Беннеттиттердің және кейбір тұқымды папоротниктердің тозаң т‰тіктері болған. 3) Гнетумдардың тұқымб‰рлері кейбір беннеттиттердің тұқымб‰рлеріне ұқсас. 4) Вельвичиялардың спорофиллдерінің жиынтығы орналасатын өсінің бұтақтануы тек кейбір беннеттиттердің (Wіelandіella) өстерінің бұтақтануына ұқсас болып келеді.
Гнетумдардың беннеттиттерден шығуы м‰мкін екендігін В.Циммерманда мойындаған. Бірақ біздерде гнетумдардың ертеде пайда болған өсімдіктер екендігін дәлелдейтіндей ешқандай палеоботаникалық мәліметтер жоқ, өйткені гнетумдардың қазба-қалдықтары әзірге белгісіз. Олардың тек тозаңдары ғана Евразияда кайназой эрасының ‰шінші кезеңіндегі қабаттардан белгілі. Қалған ашық тұқымдыларға ең жақын тұратындар қылшалар (эфедралар).
Бұл клас 3 қатардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |