Кипаристер тұқымдасына 20 туыс және 145 т‰р жатады. Олардың барлығы мәңгі жасыл ағаштар немесе бұталар. С‰регінде шайыр жолдары болмайды. С‰ректік паренхимасы көп. Трахейдтерінің жекелеген поралары болады.
Жапырақтары топтасып, қарама-қарсы, сиректеу спиральдің бойымен орналасады. Жапырақтары қабыршақ тәрізді, сиректеу ине тәрізді, бірақ өскіндерінің алғашқы жапырақтары барлық уақытта қылқан тәрізді болады.
Аталық стробилдері жалғыздан. Микроспорофиллдері қарама-қарсы немесе топтасып орналасқан, қалқан тәрізді қалпақшасының астыңғы жағында 2-6-дан микроспорангийлері болады. Микроспораларының ауа қапшығы болмайды. Аталық өскіншесі редукцияға көп ұшыраған. Микроспоралар өскен кезде проталлиальдық клеткалар т‰зілмейді бірден антеридиальдық және вегетативтік клеткалар пайда болады.
Аналық стробилінде жабындық және тұқымдық қабыршақтары барлық жерінде бірдей бірігіп кетеді. Мұндай тұтас қабыршақтар стробилдің өсінде, әдетте қарама-қарсы, немесе топтасып орналасады. Бірақ кейде олар жалғыздан да болады және өркеннің ұшында орналасады, мысалы, аршаларда. Қабыршақтары көн тәрізді, ағаш тәрізді (кипарис) немесе етженді (аршалар) тік болып келеді. Тұқымб‰рлері 1-5 (12 дейін) болады. Архегонийлері жабынмен қоршалған топтарға- комплекстерге біріккен.
Кипаристер тұқымдасын стробилдерінің құрылысына қарай 3
тұқымдастармағына бөледі.
Стробилі ағаш тәрізді. Қабыршақтары пісіп жетілген соң, бір-бірінен ажырайды. Бұған кипарис туысы (Cupressus) жатады. Бұл туыстың 14 т‰рі Европаның, Азияның және Солт‰стік Американың қоңыржай, жылы климатты облыстарында таралған. БОР-дың территориясында тек мәдени т‰рінде кездеседі (Қырымда, Кавказда).
Кипаристер мәңгі жасыл ағаштар, бөрікбасы пирамида тәрізді, немесе
шашыраңқы бұтақталған болып келеді (120-сурет). Олардың жапырақтары қабыршақ тәрізді, бір-бірінің ‰стін черепица тәрізді басып тұрады. Аталық стробилдері жалғыздан, сабақтың ұшында орналасады. Микроспорангийлері 2-6-дан. Аналық стробилдері дөңгелек, қабыршақтары топтасып орналасқан, екінші жылы пісіп жетіледі. Тұқымб‰рлері көп.
Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде (отаны Иран, Сирия) мәңгі жасыл кипарис (кипарис вечнозеленый – C.sempervіrens) әдетте кең таралған өсімдіктердің бірі болып саналады. БОР-да, Қырымда, Кавказда мәңгі жасыл кипаристің көп жағдайда пирамида тәрізді формасын өсіреді (120-сурет). Солт‰стік Америкада (Калифорнияда) аризона кипарисі (кипарис аризонский
–C.arіzonіca); Мексикада лузитан кипарисі (кипарис лузитанский – C.lusіtanіca) орман т‰зеді.
Кипаристердің с‰регі жұмсақ, жеңіл, оны мебель өнеркәсібінде және әрт‰рлі ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланады.