Аналық стробилдері болмайды. Жекелеген тұқымб‰рлері өркендерінің ұштарында орналасады. Тұқымы жартылай немесе т‰гелімен жамылтқымен (ариллуспен) қапталған. Бұл тұқымдасқа төрт туыс жатады - Taxus, Torreya, Amenthotaxus және Austrotaxus. Ең көп таралғаны және т‰рлерінің саны жағынан ең көбі тисс (Taxus) туысы (10 т‰рі бар).
Кәдімгі тисс (Taxus baccata) биіктігі 15-20 м болатын ағаш (126-сурет). Тұтас болып жердің бетін жауып тұруы сирек кездеседі (Кавказдың кейбір жерлерінде және Қырымда ғана кездеседі), көп жағдайда ол Батыс Европаның көлеңкелі жалпақ жапырақты ормандарында (шамшатты), солт‰стік Африканың және Кіші Азияның таулы облыстарындағы орман т‰зетін ағаштардың арасында, оның төменгі ярусын т‰зіп өседі.
БОР-дың Кавказ бен Қырымнан басқа (Ай-Петри) Белоруссияның батыс бөлігінде (Беловежская пуща) және Украинаның батыс бөлігінде (Буковина) кездеседі. Басқа т‰рлері Гималайда, Малай тауларында (T.wallіchіana), Қиыр Шығыста (оның ішінде Сахалин аралында), Жапонияда (T.cuspіdata), Солт‰стік Америкада (T.canadensіs,T.florіdana) таралған.
Кәдімгі тисс өте ұзақ өмір с‰ретін өсімдік.
Жекелеген ағаштары 2-3 мыңдай жыл өмір с‰реді, биіктігі 20 м-ге жетеді, ал діңінің диаметрі 1 м-ден асады. Тисстің жапырағы жіңішке, ланцет тәрізді, көлбеу кеткен бұтақтарында жұбымен (екеуден) қарама-қарсы
орналасқан. Тисстің с‰регі сарғыштау-қызыл т‰сті, өте қатты, оңайшылықпен шіри қоймайтын болып келеді, соған байланысты оны "шірімейтін ағаш" - "негной дерево" деп атаған. С‰регі токарьлық жұмыстарға қажетті құнды материал болып келеді, мебель жасауға пайдаланылады (қызыл ағаш ретінде) және әрт‰рлі инструменттерге (құрал- саймандарға) тұтқа немесе сап ретінде пайдаланылады. Тисс сәндік өсімдіктер ретінде де құнды. Ол бұтақтарын шырпып кескенге аса шыдамды, сондықтанда оны әрт‰рлі фигуралар жасауға пайдаланады - шарлар, трапециялар, пирамидалар және т.б.
Taxus к‰мәнсіз ертеде пайда болған, қазіргі кезде жойылып бара жатқан туыс. Оның ареалы тарылып барады. Кайназой эрасының ‰шінші дәуірінде Евразияның барлық жерлерінде және Солт‰стік Америкада тисс кеңінен таралған өсімдіктер болған. БОР-дың Европалық бөлігінде қазба- қалдықтары Калуганың маңында кездеседі. Мұз дәуірінде бұл жерде тисс өліп жойылған, ал кейін мұз шегіннен соң бұрынғы орнына қайта орала алмаған. Тисстің ареалының таралуына адамның ‰лкен әсері болған. Тисс ағашы кесілгеннен кейін, оны қалпына қайта келтіруге көп к‰ш жұмсауға тура келеді.
Тисс бір ‰йлі өсімдік. Микростробилдері мен мегастробилдері бір ағаштың әрт‰рлі бұтақтарында жетіледі.
Тисстің аталық стробилдері жапырақтардың арасында жалғыздан орналасады (126,1а-сурет). Олар тығыз орналасқан микроспорофиллдердің жиынтығынан тұрады. Микроспорофиллдері қысқа сабаққа орналасқан, оның астыңғы жағында бірнеше жеміс бермейтін қабыршақтары болады (126,2-сурет".
Әрбір микроспорофилл ‰стіңгі жағы қалқан тәрізді дискімен аяқталатын қысқа аяқшадан тұрады. Дискінің астыңғы жағынан 6-8 микроспорангий салбырап тұрады. Олар өзінің ішкі жағында аяқшамен бірігіп кетеді (126,3- сурет). Микроспорангийлерінде көптеген микроспоралар жетіледі.
Микроспораларының ауа қапшықтары (қуыстары) болмайды. Аталық гаметофиті редукцияға көп ұшыраған. Микроспора өнген кезде, ешқандай проталлиальдық клеткалар т‰зілмейді. Микроспора кішкентай генеративтік және ‰лкендеу вегетативтік клеткаға бөлінеді. Соңғысынан келешегінде тозаң т‰тігі пайда болады. Аналық стробилі болмайды.
Тисстің тұқымб‰рі қысқа өркеннің жоғарғы ұшында орналасқан секілді болып көрінгенімен, ол шындығында вегетативтік өркеннің ине тәрізді жапырақтарының қолтығында пайда болады.
Тұқымб‰рінен төмен, өркеннің өсінде бірнеше жұп қабыршақ тәрізді жапырақтар орналасады. Тұқымб‰рі өркеннің жоғарғы жағындағы қабыршақтардың бірінің қолтығында пайда болады. Осы кезде өркеннің өсу н‰ктесі біржағына қарай ығысады, нәтижесінде тұқымб‰рі жоғарғы жағында қалады (126,5-сурет). Кейде өркеннің жоғарғы екі қабыршағының қолтығында екі б‰йірлік тұқымб‰рлері жетіледі. Бұл жағдайда ол екеуінің арасынан алғашқы өркеннің жоғарғы ұшы көрініп тұрады (126,6-сурет). Б‰йірлік тұқымб‰рлерінен басқа төбелік тұқымб‰рлерініңде болатындығы
белгілі жағдай. Бұл мәліметтер т‰птеп келгенде, біздің алдымызда редукцияға аса көп ұшыраған, әдетте жекелеген тұқымб‰ріне айналған спора т‰зетін бұтақтың тұрғанын көрсетеді.
Сонымен тұқымб‰рі (мегаспорангий) бұтақтың жоғарғы жағында орналасады және сыртын бір ғана интегумент қаптаған нуцеллустен тұрады. Тұқымб‰рінің т‰п жағы қабыршақ тәрізді белдемемен қапталған. Оны кровелька (немесе ариллус -arіllus) деп атайды, ол ұрықтанғаннан кейін қатты ісініп өседі. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда кровелька басқа қылқанжапырақтылардың тұқымдық қабыршағына және подокарптардың эпиматиясына сәйкес келеді.
Ұрығының екі тұқымжарнағы болады. Тұқымының интегументі өте қатты болады. Кровелькасының т‰сі алғашқы кезде жасыл, тұқымдары пісіп- жетілген кездерде қызыл және етженді болып келеді. Бірақта ол интегументпен бірікпей бос орналасады, тек оған тақала жанасып тұрады (126,7-сурет).
Кровелька тұқымдарының таралуын қамтамасыз ететін құстарды шақырады. Өсімдіктің барлық бөлігі, әсіресе тисстің жас жапырақтары мен өркендері өте улы, бірақта кровельканың адамға және жануарларға зияны жоқ.
Торрея туысына (Torreya) ‰лкен бұталар мен ағаштар жатады. Олар Жапонияда (T.nucіfera), Қытайда (T.grandіs) және басқалар, АҚШ-да: Калифорнияда (T.calіfornіca-биіктігі 20-25 м болатын ағаш) және Флорида да (T.taxіfolіa) таралған 6 т‰рі кездеседі. Торреяның с‰регі қатты болады. Барлық т‰рлерінің сәндік өсімдіктер ретінде маңызы зор (Қырымда – T.calіfornіca отырғызылады).
Аталық стробилдері жалғыздан болады және бірнеше спорофиллдерден тұрады. Олардан төмен стробилдердің өсінде жеміс байламайтын қабыршақтары орналасады. Әрбір микроспорофиллдің астыңғы жағында төрттен микроспорангий орналасады.
Тисстен торреяның айырмашылығы сол, оның микроспорангийлері дорзовентральды болып келеді. Микроспораларының ауа қапшықтары болмайды. Аналық стробилі жоқ. Тұқымб‰рлері бұтақтарында екеу-екеуден жақындасқан және қысқарған өркендеріндегі вегетативтік жапырақтарының қолтығында орналасады. Әрбір бұтақтың қолтығында 2-3 жұп қарама-қарсы орналасқан қабыршақтары болады. Тұқымб‰рлерінің арасында жақсы жетілмеген ‰стіңгі өркен байқалады.
Тисстердің Cephalotaxaceae тұқымдасымен туыстық қатынасының барлығы айқын байқалады және олармен қарапайым қылқанжапырақтылардың бастапқы шығу тегі бір.
Ашық тұқымдылардың ішінде тисстердің систематикалық жағдайы жөнінде басқа да көзқарастар бар. Мысалы, соңғы кездері Флорин тисстерді ашық тұқымды өсімдіктердің ішіндегі дербес қатар ретінде қарауды ұсынды (Taxales қатары). Оның пікірі бойынша тисстердің ешуақытта аналық стробилдері болмаған және тұқымб‰рлері барлық уақытта ‰стіңгі жағында орналасқан болып келеді. Олардың интегументтерінің шығу тегі басқаша.
Флориннің пікірі бойынша интегумент нуцеллустың сыртында қарама-қарсы орналасқан жапырақтардың ұласып өсуінің нәтижесінде пайда болған. Бұл жапырақтар т‰рі өзгерген мегаспорофиллдер болып табылады. Ал басқа қылқанжапырақ-тыларда интегумент нуцеллустың ‰стіне ұласып өсетін мегаспорофиллдердің телімдерінен (лопастей) пайда болады. Бірақта бұл жағдайда тисстерді қылқанжапырақтылардың ең қарапайым т‰рлерінен (лебахиялар және вольциялар типтестерден) шығарады.