Подокарптар тұқымдасы (подокарповые) - Podocarpaceae
Подокарптар ‰лкен тұқымдас (130-дай т‰рі бар) оның т‰рлері оңт‰стік жарты шардың негізінен тропикалық емес аймақтарында кеңінен таралған. Олар әсіресе таулы жерлердегі ормандардың негізгі бөлігінің құрамына кіреді. Солт‰стік жарты шардың тропиктен тыс жерлерінен басқа, олар тек Индияда және Шығыс Азияда ғана өседі.
Бұл жерлерде олар Гималайға, Қытайдың оңт‰стігіне және Жапонияға дейін жетеді. Подокарптар ‰лкен ағаштар т‰рінде де, кішілеу бұталар т‰рінде де, кейде тіптен жерге төселіп өсетін бұталар т‰рінде де кездеседі.
Подокарптардың с‰регі нашар байқалатын, жылдық сақиналар т‰зеді. Шайыр жолдары болмайды. Жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама- қарсы, немесе м‰лдем қарама-қарсы орналасады, яғни әрт‰рлі туыстары мен т‰рлерінде олардың орналасуы әрқилы болады.
Podocarpus -тың бірқатар т‰рлерінің, мысалы Podocarpus wallіchіanus- тың жапырағының ұзындығы 12,5 см, ал ені 3,5 см-ге дейін жетеді. Көптеген т‰рлерінің жапырақтарының мөлшері көп кіші болады, олар ланцет немесе таспалы-ланцет тәрізді, кейде тіптен қабыршақты болып келеді.
Phyllocladus туысында жапырақтың қызметін филлокладилері, яғни жапырақ кескіндес болып жалпайған сабақтары атқарады. Подокарптардың аталық стробилдері көп жағдайда жалғыздан, сиректеу сырға тәрізді г‰лшоғырына жиналған болып келеді (мысалы, P.spіcatus, 122,1-сурет) және оның т‰п жағын әдетте жыныссыз қабыршақтар жауып тұрады. Әрбір микроспорофиллдің төменгі жағында екіден микро-спорангийлері болады. Көптеген т‰рлерінің микроспорасының екіден ауа қуыстары (воздушные мешки) болады. Микроспоралар өне келе екі проталлиальдық клетка пайда болады, олар көп жағдайда бөлініп төрт, кейде тіптен 6-8 (Podocarpus-та) дейін проталлиальдық клеткалар т‰зіледі (123,4-сурет). Аталық гаметофитінің одан әрі дамуы қылқан жапырақтылардың гаметофитінің дамуына ұқсас. Проталлиальдық клеткаларға бөлінген клетка тағыда бөлініп, вегетативтік ядроны және антеридиальдық клетканы т‰зеді. Соңғысы бөлініп тірсектің клеткасын және генеративтік клетканы береді. Генеративтік клетка бөлініп, екі спермий т‰зеді, оның әдетте біреуі ‰лкендеу болады және ол жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады, ал екіншісі кішілеу, ол көп ұзамай бұзылып жойылады.
Спора т‰зетін аналық бұтақтары (мегастробилдері) жалғыз мегаспорангийден (тұқымб‰рінен) тұрады, ол эпиматий деп аталатын т‰рі өзгерген тұқымдық қабыршақтармен қоршалған болып келеді. Олар әдетте жабындық қабыршақтардың қолтығында орналасады және онымен жартылай, немесе т‰гелдей бірігіп кетеді. Спора т‰зетін бұтақтың т‰п жағында жыныссыз қабыршақтар, немесе оларға жақын вегетативтік жапырақтар жетіледі (Podocarpus ustus 123-сурет). Мұндай редукцияға ұшыраған спора т‰зетін бұтақтары жалғыз-жалғыздан орналасады, немесе стробилге жиналады. Бірақта подокарптардың басқа ашық тұқымдылар секілді нағыз, тығыздалған стробилдері болмайды.
Ең қарапайым стробилдер Podocarpus spіcatus-та болады (122-сурет). Оның стробилінің өсінде спора т‰зетін сабақтары сирек, бір-бірінен қашық орналасады. Осындай қарапайым стробилден даму екі бағытта ж‰рген.
Бірінші бағытта стробилдің спора т‰зетін бұтақтар санының 4,2 және 1- ге дейін азайғандығы байқалады. Нәтижесінде көптеген подокарпустар секілді (123-сурет) жекелеген тұқымб‰рлері пайда болған.
Екінші бағытта г‰лшоғырының өсі қысқарған болып келеді. Нәтижесінде спора т‰зетін бұтақтары тығыз топтасып, басқа қылқанжапырақтылардың аналық стробиліне көп ұқсамайтын к‰рделі стробил т‰зген. Бірақта подокарптардың аналық стробилдері біршама ұсақ
болады. Тұқымдастың кейбір туыстарының эпиматийлерінің бір-бірінен айырмашылықтары болады. Podocarpus туысының көптеген т‰рлерінің эпиматийлері жақсы жетілген болады, олар тұқымб‰рін тұтас қоршап жатады және интегументтің сыртқы қабаты ретінде онымен бірігіп кетеді (P.andіnus т‰рінде,124,1-сурет). Сонымен бірге көп жағдайда эпиматийлері жабындық қабыршақтарменде бірігіп кетіп отырады. Басқа туыстарында ол тек тұқымб‰рлерінің т‰п жағында қосымша (придаток) - ариллус ретінде жетілген (мысалы Phyllocladus -та, 124,3-сурет).
Ең ‰лкен және кең таралған туысы подокарп (Podocarpus), онда 100-ден аса т‰р бар. Бұл туыс Австралияның, Азияның, Африканың, Оңт‰стік Американың субтропикалық бөліктерінде кең таралған. Бұл жерлерде биік ағаштары да, бұталары да кездеседі. Жапырақтары ‰лкен немесе ұсақ қабыршақ секілді болып келеді (мысалы, Жаңа Каледонияда өсетін P.ustus деген т‰рі 123,1-сурет), эпиматийі интегументімен бірігіп кеткен. Podocarpus және Dacrydіum туыстарының көптеген т‰рлерінің қатты с‰ректерін әрт‰рлі ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланады. Ондай с‰ректерді Тасманияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда көптеп дайындайды. Оңт‰стік Африкада подокарптар (P.latіfolіus,P.elongatus) б‰ткіл дайындалатын с‰рек өнімдерінің жартысына жуығын береді. Podocarpus -тың көптеген т‰рлерін сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді. БОР-дың территориясында олар Кавказда және Қырымда өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |