Тисстер қатары (тиссовые) - Taxales
Шоқпарбасты тисстер тұқымдасы (головчатотиссовые) -
Cephalotaxaceae
Бұл тұқымдасқа Cephalotaxus деп аталатын бір ғана туыс жатады, онда алты т‰р бар. Бұл т‰рлердің барлығы Жапонияда, Кореяда, Қытайдың орталық және оңт‰стік бөліктерінде (соның ішінде Тайвань араланда да) және Индияның Шығыс жағында өседі. Бұл аса ‰лкен болмайтын ағаштар, немесе ‰лкен бұталар, көп жағдайда екі ‰йлі, бұтақтары қарама-қарсы немесе топтасып орналасады. Жапырақтары кезектесіп келеді, таспа тәрізді, қабыршақ тәрізді екі қатар т‰зіп орналасады (125-сурет).
Аталық стробилдерінің формасы шар тәрізді. Олар 6-11-ден топтасып, өткен жылғы өркендерінің жоғарғы ұшындағы жапырақтардың қолтығында орналасады. Жас стробил қабыршақтардың арасында көрінбей тұрады, кейін пісіп жетілген кезде одан өсіп шығады. Оның құрылысы к‰рделі және спора т‰зетін өркендерінің жиынтығы т‰рінде берілген. Әрбір стробил 10-12 радиалды орналасқан микроспорофиллдерден тұрады. Микроспорофиллдерінде 2-5 салбырап тұратын микроспоран-гийлері болады. Микроспораларының ауа қапшықшалары болмайды. Аталық өскіншелері редукцияға көп ұшыраған. Микроспоралары өнген кездерде проталлиальдық клеткалар т‰зілмейді.
Ұсақ аналық стробилдері өткен жылғы өркендерінің т‰п жағында қабыршақ тәрізді жапырақтарының қолтығында орналасады. Олардың ұзарған аяқшасы болады (сағақтың) және жоғарғы жағынан шоқпарбастанып жуандайды. Стробилдің өсіне крест тәрізді болып бірнеше жұп (3-4) қабыршақтар орналасады. Әрбір қабыршақтың қолтығына екіден тұқымб‰рі орналасады, олардың арасында екінші қатардың өсі болады. Соңғысы екі тұқымб‰рін жоғарғы жағынан біріктіре отырып жуандайды. Сонымен аналық стробил редукцияға ұшыраған, спора т‰зетін бұтақтарының жиынтығы болып табылады (125,6-сурет). Әрбір тұқымб‰рінің т‰п жағын жаға тәрізді эпиматийі қоршап тұрады, кейін ол т‰гелімен етженді жабынға айналады. Бұл жабын интегументпен б‰тіндей жымдасып бірігіп кетеді де с‰йекке айналады. Стробилдің барлық тұқымб‰рлерінің тек біреуі ғана, сиректеу екеуі тұқым байлағанға дейін жетеді, ал қалғандары өледі (125,7-сурет). Ұрықтың екі тұқымжарнағы болады. Ең маңызды т‰рлеріне C.drupacea және C.fortuneі жатады. C.drupacea биіктігі 15 м жететін ағаш, ол Жапонияда, Қытайда (орталық бөлігінде және Тайвань аралында) кең таралған. БОР-да оны Қырымда және Кавказда сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады (125- сурет). Оның тұқымынан бояу, лак жасауға және басқа нәрселерге қажетті шыны майы (жирное масло) алынады. C.fortuneі биіктігі 12 м болатын ағаш, ол Қытайдың орталық және оңт‰стік бөліктерінде өседі. БОР-дың территориясында негізінен Қара теңіз жағалауында және Қырымда өседі. Сәндік өсімдік ретінде маңызы зор. Шоқпарбасты тисстер шығу тегі жағынан подокарптармен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |