Бұл қатарға бір ғана гнетумдар тұқымдасы (гнетовые - Gnetaceae)
жатады, онда гнетум (Gnetum) деп аталынатын жалғыз туыс бар.
Гнетум (Gnetum) туысына Шығыс Азия мен Оңт‰стік Американың және Африканың (2 т‰р) ылғалды тропикалық ормандарында өсетін 40-тай т‰р жатады.
Екі т‰рі (G.gnemon және G.castatum) онша ‰лкен болмайтын ағаштар, ал қалған т‰рлерінің барлығы сабақтары ұзын болып келетін лианалар.
Гнетумның жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жалпақ, қалың, торлы ж‰йкеленген, қосжарнақты өсімдіктердің жапырақтарына ұқсас болып келеді (129-сурет). Аталық және аналық стробилдері әрт‰рлі особьтарында пайда болады. Аталық стробилдері сырға тәрізді, к‰рделі. Стробилдің өсінде микроспорофиллдері топтасып орналасады (кейде олар мутоковкаға 2-3 қатар т‰зіп отырады). Әрбір микроспорофилл кесілген (усеченный) пирамида секілді жамылғымен қоршалған ("г‰лсерікпен"). Жамылғы екі жапырақшаның бірігуінің нәтижесінде пайда болған. Жамылғының т‰п жағын айнала т‰ктер қаптап тұрады.
Микроспорофиллі жалпайған өстен ("аталықтың жіпшесінен") тұрады, оның жоғарғы ұшы бір ұялы екі микроспорангийлермен ("тозаң ұялары") аяқталады. Сонымен жабықтұқымды өсімдіктердің г‰ліне ұқсас жағдай қалыптасады. Кейде мұндай "г‰лде" екі спорофилл болады. Оның әрқайсысының ұшында бір-бірден микроспорангий жетіледі. Бұл жағдайда олардың жіпшелері бірігіп кетеді.
Аталық стробилдің жоғарғы бөлігінде, микроспоро-филлдердің ‰стінде,
кейде толық жетілмеген мегаспорангийлердің тобы (мутовка) қалыптасады.
Микроспорангийде көптеген ұсақ споралар пісіп жетіледі. Микроспора микроспорангийдің ішінде тұрып-ақ өне бастайды. Келешегінде одан қылшаның өскіншесінен де редукцияға көбірек ұшыраған аталық өскінше пайда болады. Микроспораның ядросының бірінші рет бөлінуінің нәтижесінде екі ядро пайда болады, оның біреуі вегетативтік клеткаға, ал екіншісі –антеридиальдық клеткаға сәйкес келеді. Олар микроспораның жалпы плазмасының ішінде ж‰зіп ж‰реді. Проталлиальдық клеткалар немесе проталлиальдық ядролар т‰зілмейді. Антеридиальдық клетканың ядросы бөлініп, одан екі ядро пайда болады: оның біреуі аяқшаның клеткасы, ал екіншісі сперма т‰зетін клетка (спермагендік). Осы қалпында микроспора (желмен немесе насекомдардың көмегімен) микропиленің аузына барып т‰седі.
Аналық стробилі ұзын сырға секілді болып келеді. Оның өсінде тұқымб‰рлері топтасып орналасады. Әрбір тұқымб‰рлері (мегаспорангий) сырт жағынан қабықшамен ("г‰лсерікпен") қапталған болып келеді. Тұқымб‰рінің екі интегументі болады: сыртқысы біршама қысқа, ал екіншісінің ‰стіңгі ұшы созылып тозаң кіретін саңлауға айналады. Одан әрі нуцеллус орналасады. Интегументтің екеуіде және олардың сыртын қоршап тұрған "г‰лсерігі" де т‰п жағында нуцеллуспен бірігіп кетеді. Нуцеллуста төрт мегаспора жетіледі, оның жоғарғы ‰шеуі өледі, ал төменгісі өне келе редукцияға қатты ұшыраған ерекше аналық өскінше береді. Оның ұлпалық құрылысы қалыптаспаған және архегонийлері болмайды. Өскінше ‰стіңгі қампиып ұлғайған және төменгі жіңішке бөліктерден тұрады (129,5-сурет).
Ұлғайған мегаспораның дамуының алғашқы кезінде оның цитоплазмасының қабықшаға жақын жатқан бөлігінде көптеген бос жатқан ядролары болады. Содан соң өскіншесінің төменгі бөлігіндегі ядролардың
арасында көлденең перделердің пайда болуының нәтижесінде, оның клеткалық құрылысы қалыптасады. Өскіншенің жоғарғы бөлігінде клеткалар т‰зілмейді, бірақ бірнеше ‰стіңгі бос жатқан ядролар ұрықтануға қабілетті болып келеді.
Микропиленің (тозаң кіретін жол) ‰стіне келіп т‰скен микроспора, оның сыртына шығып тұратын сұйықтықтың кеуіп кетуіне байланысты, саңлаудың ішіне қарай тартылады, содан соң өніп тозаң т‰тігін т‰зеді. Тозаң т‰тігіне вегетативтік ядро мен спермий т‰зетін клетка өтеді. Спермий т‰зетін клетка бөлініп екі спермийге бастама береді. Тозаң т‰тігі бұл кезде аналық өскіншенің ‰стіңгі бөлігіне жабысып өседі, оның төменгі ұшының қабықшасының еріп кетуінің нәтижесінде спермийлер босап шығады. Осы спермийлер аналық өскіншенің жақын жатқан ядроларымен қосылып екі ұрыққа бастама береді, алайда олардың біреуі ғана толық жетіліп қалыптасады.
Пісіп жетілген тұқым ‰ш қабат қабықшамен қапталады: сыртқы, ортаңғы және ішкі қабықшалар. Сыртқы қабат - етженді ("г‰л серік"), ортаңғы қабат - тасты (сыртқы интегумент), ішкі қабат - жұқа жарғақ (пленка) секілді (ішкі интегумент). Одан әрі өскіншенің клеткаларымен қоршалған перисперм нуцеллустың ұлпасы мен ұрық орналасады. Бұл кезде ұрық екі тұқым жарнағынан, тұқымжарнақ асты қылтадан (подсемядольное колено), алғашқы тамырдан және аяқшадан тұрады. Өнген кезде аяқша тұқымның ішінде қалады да, эндосперм мен периспермнен қажетті қоректік заттарды сорады.
Тұқымның сыртындағы қабықшасы жеуге келеді. Гнетумның жас жапырақтарыда тамаққа пайдаланылады.