Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Подокарптар қатары (подокарповые) - Podocarpales



бет147/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   215

Подокарптар қатары (подокарповые) - Podocarpales


Бұл қатардың тарихы перм дәуірінің алғашқы кездерінен басталады. Подокарптардың трахеидтерінің әдетте бір қатар, сиректеу екі қатар жиектелген (шеттері көмкерілген) саңлаулары (поралары) болады. Тек кейбір т‰рлерінің дакридиумның (Dacrydіum) әлі де саңлауларының азды-көпті араукариондты болып келетін учаскелері (бөліктері) болады. Шайыр жолдары болмайды. С‰ректік паренхимасы көп немесе сирек, кейде м‰лдем болмайды. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады, олардың формасы жалпақ ланцеттіден ине тәріздіге және қабыршақ тәрізділерге дейін болады. Подокарптардың бірқатарының жапырақтары
‰лкен, жалпақ, ж‰йкелері бірнешеу болып келеді. Сырт қарағанда олар араукариялар тұқымдасына жататын агатис туысының т‰рлерінің
жапырақтарына ұқсас келеді. Микростробилдері ұсақ, олар спиральдің бойымен орналасқан көптеген ұсақ дорзовентральды микроспорофиллдерден тұрады. Әрбір микроспорофиллде 2-ден бос орналасқан, микроспорангий болады. Тозаң дәндерінің азды-көпті айқын байқалатын ауа қуыстары болады. Тек саксеготея (Saxegothaea) туысында ғана тозаң дәндерінің ауа қуыстары болмайды. Аталық гаметофитінің 4-8 проталлиальдық клеткалары болады, бірақ микростробос (Mіcrostrobos) туысында олар болмайды. Подокарптардың көпшілігінің нағыз жетілген стробилдері болмайды, тек бір қатар туыстарының ғана (саксеготея, микрокахрис, микростробос, және филлакладус) біршама жақсы жетілген стробилдері болады. Мегастробилі редукцияға көп ұшыраған, ол кері қарай немесе тік орналасқан бір ғана тұқымб‰рінен тұрады. Оның сыртын көп өзгеріске ұшыраған тұқымдық қабыршақ (эпиматий) қоршап жауып тұрады, немесе т‰п жағында кішкентай қынаптың сағағына біріккен болады. Тұқымб‰рлері тік немесе сиректеу кері орналасқан. Аналық гаметофиті әдетте мегаспораның жақсы жетілген қабықшасымен қапталған болып келеді. Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Бұл қатарға екі тұқымдас жатады: қазіргі кезде кездесетін подокарптар тұқымдасы (Podocarpaceae) және жойылып кеткен хейролепистер тұқымдасы (Cheіrolepіdіaceae), соңғы тұқымдас триастың бастапқы кезінен бор дәуірінің бастапқы кезіне дейін өмір с‰рген. Подокарптардың осыған дейінгі екі қатардан (қылқанжапырақтылардан және кипаристерден) көптеген айырмашылықтары болады және олармен ешқандай туыстық жақындықтары байқалмайды. Систематикалық тұрғыдан қарағанда подокарптардың қылқанжапырақтылар мен кипаристерден алшақ тұратындығына к‰мән келтіруге болмайды. Бірақта подокарптардың араукариялармен бірқатар туыстық байланыстары болады. Оларға өткізгіш элементтерінің, анатомиясының, жапырақтарының морфологиясының және гаметофиттерінің құрылысының ұқсастықтары дәлел болады. Жоғарыда келтірілген ұқсастықтармен қатар подокарптардың араукариялардан көптеген айырмашылықтары да болады.
Шамасы подокарптардың араукариялармен шыққан тегі бір болса керек. Алайда бір нәрсе айқын, бұл екі қатардың белгілерінің ажырауы (дивергенциясы) олардың эволюциясының бастапқы кездерінде-ақ ж‰рген болса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет