Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ҚОС ЖАРНАҚТЫЛАР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИОПСИДТЕР КЛАСЫ (ДВУХДОЛЬНЫЕ ИЛИ МАГНОЛИОПСИДЫ)– DІCOTYLEDONEAE, MAGNOLІOPSІDA



бет162/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

ҚОС ЖАРНАҚТЫЛАР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИОПСИДТЕР КЛАСЫ (ДВУХДОЛЬНЫЕ ИЛИ МАГНОЛИОПСИДЫ)– DІCOTYLEDONEAE, MAGNOLІOPSІDA


Т‰рлерінің саны 200 мыңнан астам (300тұқымдас) болады. Олардың көбісінің практикалық маңызы зор немесе теориялық тұрғыдан назар аударарлық.




КӨП ЖЕМІСТІЛЕР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИЯ ТӘРІЗДІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ - POLYCARPІCAE, MAGNOLІІDAE


Көп жемістілерге 30-дай тұқымдас жатады, олардың біреулері негізінен ағаштар, сиректеу бұталар, ал екіншілері - суда және құрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар.


Көп жемістілердің г‰лінің сыртқы құрылысы ашық тұқымдылардың стробилдеріне (шишки) ұқсас болады. Г‰л табаны ұзынша болып келеді, оған спиральдің бойымен саны жағынан аса көп болып келетін г‰лдің әрт‰рлі м‰шелері орналасады. Кейбір жағдайларда олардың вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысында ашық тұқымдылармен ортақ белгілері сақталған. Мысалы, діңінің с‰регі тек трахейдтерден тұрады, олардың суды және басқада ертінділерді өткізуге арналған қабырғаларының жиектелген (көмкерілген) саңлаулары болады. Сонымен бірге эфир майлары

жиналатын қуыстары да болады. Өмірлік формаларының басым көпшілігі ашық тұқымдылар секілді мәңгі жасыл ағаштар. Көп жемістілер Евразияның, Солт‰стік және Оңт‰стік Американың тропикалық және субтропикалық аймақтарында кеңінен таралған өсімдіктер. Осылардың барлығы олардың қарапайымдылығын және ертеде пайда болғандығын көрсетеді. Көп жемістілер жабық тұқымдылардың ішіндегі ең көрнекті топ, онымен қос жарнақтылардың да, дара жарнақтылардың да шығу тегінің эволюциялық жолдары байланысты.


Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые)- Magnolіaceae


Бұл тұқымдаста 200-ден аса т‰р бар (20туыс). Олардың көпшілігі жойылып кеткен өсімдіктер. Магнолиялар өткен геологиялық кезеңдерде кең таралған өсімдіктер болған, олар солт‰стікте поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерде, тіптен Щпицберген, Гренландия аралдарына таяу жерлерге дейін, ал оңт‰стікте – Австралияға жеткен. Кейіндеу климаттың салқында- уына байланысты олардың ареалының солт‰стік бөлігі жойылған. Қазіргі кезде магнолиялардың ареалы ‰зік, оның өзі осы тұқымдастың б‰тіндей ертеде пайда болған өсімдіктер екендігін көрсетеді. Қазіргі кездегі т‰рлерінің ең көп таралған орталығына Қытайдың Оңт‰стік-Шығысы, Индоқытай, Индияның Солт‰стік-Шығысы жатады. Ксилемасының әрт‰рлі гистологиялық элементтері трахеидтерден және баспалдақты перфорациясы (тесіктері) бар қарапайым т‰тіктерден бастап, қарапайым перфорациясы бар маманданған т‰тіктерге дейін болады. Г‰лдері ‰лкен, әдетте өсімдіктің сабағының жоғарғы жағында орналасады, г‰л серігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді және шеңбердің бойымен орналасады. Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке тұрады, олардың сан мөлшері ерекше көп және спиральдың бойымен орналасады. Жемістерінің дәні көп жағдайда ‰лкен болады. Олар таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады.


Магнолия туысы (магнолия - Magnolіa). Бұл туыста 70-тей т‰р бар, олардың 20-дайы сәндік өсімдіктер ретінде мәдени жағдайда өсіріледі. Солт‰стік Америкада (мәңгі жасыл т‰рлері) және Азияның Оңт‰стік шығысында (жапырақты т‰рлері) кең таралған. Г‰лінің формуласы:

  • Ca3 Co A G.

Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда сібір магнолиясы (магнолия сибирская - M.obovata) деп аталынатын бір ғана т‰р өседі (курил аралдарында). Мәдени жағдайда ең көп отырғызылатын т‰ріне ‰лкен г‰лді магнолияны (магнолия крупноцветковая - M.grandіflora) жатқызуға болады. Ол Флоридадан шыққан мәңгі жасыл ағаш, г‰лі ‰лкен, т‰сі балауыз (воска) тәрізді ақ және жағымды иісі болады. Магнолияның кесілген бөренелері әрт‰рлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет