Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Тұңғиықтар тұқымдасы (нимфейные)- Nymphaeaceae



бет163/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   215

Тұңғиықтар тұқымдасы (нимфейные)- Nymphaeaceae


Т‰рлерінің жалпы саны 60 (4 туыс). Шыққан жері- тропиктер. Бұлар суда және батпақты жерлерде өсетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары судың бетіне көтеріліп тұрады немесе судың қабаттарында ж‰зіп ж‰реді. Барлық т‰рлерінің жақсы жетілген тамырсабақтары болады, г‰лдері аса ‰лкен, олардың диаметрі 35 см дейін жетеді және судың бетінен көтеріліп, көрініп тұрады. Г‰лінің құрылысы алуан т‰рлі болады. Г‰лсерігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді, ал к‰лте жапырақшаларының саны ересен көп. Г‰лінің формуласы мынадай:  Ca 3-5 Co 3- A 6- G 3--.


Г‰лдерінің құрылысы бойынша тұңғиықтар магнолиялар мен лаврларға жақын, бірақта соңғылыры тек ағаштар болып келеді. Сондықтанда, олардың арасында генетикалық тұрғыдан жақындықты көрсететін, байланыстарды табу қиын. Тұңғиықтар көпжемістілердің ғана емес, сонымен бірге дара жарнақтылардың да белгілерінің тұтастай сериясын қайталайды. Оларға кіндік тамырларының ерте өлуі, өткізгіш шоқтарының шашыраңқы орналасуы, г‰лдерінің ‰ш өлшемді болуы және тағы басқалар мысал болады. Соған қарамастан, көпжылдық шөптесін өсімдіктердің ішінде, тұңғиықтар м‰лдем дараланып тұрады. Тұңғиықтардың қазіргі кездегі, әрт‰рлі құрлықтарда географиялық таралуы және қазба қалдықтары туралы мәліметтер, олардың ертеде пайда болғандығын дәлелдейді.
Ақбоз тұңғиық (кувшинка белая, или белая водяная лилия-Nymphaea alba) Европада, Алдыңғы Азияда таралған өсімдік. Тамырсабағы ‰лкен, сабағы болмайтын шөптесін өсімдік. Жапырағы суда ж‰зіп ж‰реді, тамырсабағынан кететін жапырақ сағақтары аса ұзын болып келеді. Г‰лдері аса ‰лкен, аздаған жағымды иісі болады (араматный запах); тостағанша жапырақшаларының саны әдетте 4(3-5), к‰лтежапырақшалары-ның, аталықтарының және жеміс жапырақшаларының саны өте көп болып келеді және спиральдың бойымен орналасады. Г‰л т‰йіні жартылай төменгі болып келеді. Г‰лінің формуласы:
Ca 4 Co A G ()-
Жемістері көп ұялы, ‰лкен, шар тәрізді, сыртының барлығын тігістер қаптап тұрады. Олар к‰лтежапырақшылары мен аталықтарының іздері болып табылады. Тамырсабағында крахмал мен танидтер жиналады. Оларды қоректік жем ретінде және илік заттарды алуға пайдаланады. Аппақ қардай тұңғиық (кувшинка белоснежная-N.сondіda) осыған дейінгі сипатталып жазылған ақбоз тұңғиыққа (N.alba) жақын т‰р. Египет лотосы (лотос египетский-N.lotos) Африкада, әсіресе Нил өзенінің саласында кеңінен таралған, тамаша сәндік өсімдік. Кәдімгі сары тұңғиық (кубышка, или кубшинка желтая-Nuphar luteum), -‰лкен, жуандығы 5-6см келетін тамырсабағынан кететін жапырақтары ұзын сағақты болып келетін су өсімдігі. Г‰лдері жалғыздан
орналасады, т‰сі сары немесе қызғылт сары т‰сті болып келеді. Тостағаншасы 5-6 жасыл жапырақшадан, к‰лтесі 13-15-сары немесе қызғылт сары жапырақшадан тұрады; г‰л т‰йіні ‰стіңгі, 10-16 ұялы болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет