Бөріқарақаттар тұқымдасы (барбарисовые)-Вerberіdaсeae
Бұл тұқымдасқа жер шарының екі бөлігінде де, әсіресе қоңыржай климатты елдерде кенінен таралған 600-ден астам т‰р жатады (14 туыс). Жапырақтары спиральдың бойымен орналасады, сиректеу жапырақтары топтасып жертаған т‰зеді. Жапырақтары қарапайым немесе к‰рделі болып келеді. Г‰лдері циклді, оның м‰шелерінің саны тұрақты болып келеді. Г‰л серігі нашар дифференциацияланған, оның екі ішкі шеңбері, шамасы аталықтардан пайда болған нектарниктерден тұрады. Г‰лінің формуласы мынадай: P 3+3 N 3+3 A3+3 G1.
Жемісі шырынды, сиректеу қауашақ немесе жаңғақша болып келеді. Бөріқарқаттардың барлығында берберидин алкалоиды жиналады. Бөріқарақаттарда дара жарнақтылардың белгілері болады. Г‰лі 3-өлшемді, өткізгіш шоқтары шашыраңқы орналасады, кейде тұқым жарнығы біреу болады.
Бөріқарақат туысына (барбарис-Berberіs) негізінен Америкада кеңінен таралған 200-ден астам т‰р жатады. Кәдімгі бөріқарақат (барбарис обыкновенный- В.vulgarіs). Жерортатеңізі маңындағы елдерде және Орталық Европаның қоңыржай климатты аудандарында өседі. Сәндік бұта ретінде оларды парктер мен скверлерді және көшенің бойын көгалдандыру мақсатында отырғызады. Тамырынан және сабағының қабығынан бояу алынады. Онымен көнді (былғарыны) және ж‰нді лимонды-сары т‰ске бояйды. Жемістерін кандитер өндірісінде пайдаланады. Астық себілетін аудандарда, әсіресе бидай егілетін жерлерде, бөріқарақатты заңды т‰рде т‰п тамырларымен қопарып, құртып отырады. Өйткені ол астық тұқымдасының сабақтарының, сызықты татын т‰зетін, паразит- саңырауқұлақ пукцинияның (Puссіnіa gramіnіs) аралық иесі болып табылады.
Сарғалдақтар тұқымдасы (лютиковые)- Ranunculaceae
Бұл тұқымдаста 2 мыңдай т‰р бар (45 туыс). Олардың көпшілігі қоңыржай және салқын климатты аймақтарда кеңінен таралған өсімдіктер, кейбір т‰рлері тропикада өседі. Сарғалтақг‰лділер көпжағдайда, әсіресе ылғалы мол шалғындарда және ормандарда өсімдіктер жабының негізгі компоненттерінің бірі. Негізгі өмірлік формасы – көпжылдық шөптесін өсімдіктер, олар тамырсабақ және т‰йнек т‰рінде жердің астында қыстап шығады, сиректеу кішігірім бұталар немесе лианалар.
Жапырақтарының жапырақ серігі болмайды, олар қарапайым тілімделген немесе терең қалақша тәрізді тілімделген (лопастные) болып келеді, сабаққа кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Г‰лдері алуан т‰рлі - ациклді, гемициклді, циклді; актиноморфты және зигоморфты, г‰л серігі қарапайым немесе қосарланған; гинецейі апокарпты немесе ценокарпты. Г‰лдерінің алуант‰рлілігі осы тұқымдасқа біріктірілген туыстардың, эволюциялық дамудың әрт‰рлі сатысында тұрғандығымен тікелей байланысты. Сонымен бір туыстарының г‰лдерінің құрылысы көпжемістілерге тән қарапайым: г‰л
серігі қарапайым, г‰лінің компоненттерінің саны өлшеусіз көп, спиральдың бойымен орналасқан, тәтті шырыны (нектарнигі) жоқ (сарғалтақ - Trollіus, желайдар - Anemone, қалтаг‰л - Caltha); екінші біреулерінің г‰лдерінің құрылысында насекомдармен тозаңдануға бейімделуіне байланысты жоғарғы деңгейде маманданғандықтың белгілері байқалады. Мысалы, г‰л тепкісі бар (шпорцелері), шөмішг‰л (водосбор - Aquіlegіa, тегеурін г‰л - живокость -
Delphіnіum), г‰л
серігі зигоморфты (у қорғасын - борец - Aconіtum, тегеурінг‰л - живокость - Delphіnіum), кейбір туыстары желмен тозаңдануға маманданған, шамасы екінші рет болса керек, - г‰л серігі редукцияға ұшыраған (маралоты- василистник- Thalіctrum). Сондықтанда, туыстарды анықтағанда г‰лдің құрылысының белгілері маңызды роль атқарады.
Жемістері көп жағдайда құрама - таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), жаңғақшалардың жиынтығы-нан немесе қарапайым жидектәрізді болып келеді. Сарғалдақг‰лділердің бойында көп жағдайда улы алколоидтар болады, сондықтанда оларды мал жемейді. Пішенге орылатын шалғындарда және жайылымдарда олар қажет емес компоненттердің бірі болып табылады. Бұлар негізінен сәндік және дәрілік өсімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |