Капустатуысы(Brassіca). 50- дей т‰рі бар, БОР-дың территориясында 9- т‰рі кездеседі. Олардың көпшілігі мәдени жағдайға ендірілген. Бақша капустасы (к. огородная -
oleraceae) - өзгергіш т‰р, оның мынадай формалары болады: жабайы капуста (var.acephala) - биік өсімдік, ол жерортатеңізінің батыс жағалауындағы жартастарда өседі; брюссель капустасы (var.gemmіfera) - екі жылдық өсімдік, олардың қолтығындағы б‰ршіктерінен ұсақ когандар т‰зіледі; кочанды капуста (var.capіtata) екіжылдық өсімдік, овощтық өсімдік ретінде өсіріледі, ол овощтық дақылдың жер көлемі нің 30% алады; г‰лді капуста (var.botrytіs) хлорофилі жоқ, г‰лшоғыры ‰лкен және жуан г‰лсағағында жетілмеген г‰лдері болатын сорттары өсіріледі; кольраби (var.gongyloіdes) екіжылдық, сабағы қысқа шартәрізді болып жуандайтын өсімдік; савой капустасы (var.sabauda), екі жылдық өсімдік, дәмінің сапасы жоғары болып келеді. Батыс Европада өсіріледі.
Шалқан капуста (капуста репа, турнепс - B.rapa ) екіжылдық өсімдік, бірінші жылы тамыр сабағы т‰зіледі. Тамаққа және мал азығы ретінде пайдаланылатын сорттары шығарылған. Олар барлық жерлерде кеңінен таралған.
Жабайы капуста (сурепица - B.campestrіs) біржылдық өсімдік, биіктігі 1м- ге дейін барады, арамшөп ретінде жиі өседі, сиректеу майлы дақыл ретінде өсіріледі (var.oleіfera). Брюква,рапс (B.napus) бір немесе екіжылдық өсімдік, биік сабағына жапырағы қалың болып орналасады. Май алынатын дақыл ретінде себіледі.
Тамыр жемісі овощ ретінде де, малға қорек ретінде де пайдаланылады. Сарепт қышасы (горчица сарептская - B.juncea)- біржылдық өсімдік, май алынатын дақыл ретінде және қыша парашогін алу мақсатында себеді.
Табиғи жағдайда қалың болып өсетін кейбір крестг‰лділерді шаруашылықта пайдаланады, мысалы жабайы хренді (Armoracіa rustіcana). Көп уақыттан бері ымыртг‰лді(вечерницу, вечерную фиалку - Hesperіs matronalіs), біржылдық левкойды (Matthіola annua) және тағы басқаларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді. Крестг‰лділердің көпшілігі тамаша бал беретін өсімдіктер болып табылады, оған қыша туысының (Sіnapіs) т‰рлері мысал болады. Көптеген т‰рлері аса зиянды арамшғптер болып табылады.