Қайыңдар тұқымдасы (березовые)- Betulaceae
Тұқымдастың құрамында 130 т‰р бар (6 туыс). Табиғи жағдайда, олар солт‰стік ендіктің, негізінен тропикалық емес облыстарында өседі. БОР-дың флорасында 64- т‰рі, ал Қазақстанда 17 т‰рі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: жапырақтары қысқа қарай т‰сіп отыратын ағаштар мен бұталар.
Г‰лшоғы- сырға тәрізді тирс, дара жынысты (бір ‰йлі өсімдік). Г‰лдері ұсақ, дұрыс және бұрыс г‰лдер, көп жағдайда г‰лсеріктері болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша т‰рінде болады.
Қайың туысы (береза- Betula). Т‰рлерінің жалпы саны 60, БОР-дың флорасында 40, ал Қазақстанда 15. Олар климаты салқын, қоңыржай, кейде тіптен ылғалы жеткіліксіз облыстарда кең таралған ағаштар мен бұталар. Г‰лдерінің формуласы:
P0 A0 G(2) ; P2 A2 G0 .
Аталық және аналық г‰лдері дихозияда 3-тен орналасып сырға т‰зеді.
Жемісі- қанатша.
Қотыр қайың (береза повыслая, или береза бородавчатая- B.verrucosa) Европа мен Азияның орманды зонасында өседі. ‡лпек қайың (береза пушистая- B.pubescens)- осыған дейінгі т‰рдің өсетін жерлерінде кеңінен таралған. Тас кайың (береза каменная- B.ermanі)- қиыр шығыста өседі, тоз (пробка) қабатының т‰сі сары болады. Даур қайыңы (B.dahrіca)- Забайкальеде өседі, тоз қабатының т‰сі қара- қошқыл болып келеді. Орманжаңғақ туысы (лещина- Corylus). 8 т‰рі бар; БОР-дың флорасында 7 т‰рі, ал Қазақстанда 1 т‰рі өседі. Қысқа қарай жапырақтары т‰сіп отыратын ағаштар мен бұталар, бір ‰йлі, жапырақтары кезектесіп орналасқан, тең б‰йірлі болмайды, қосалқы жапырақшалары т‰сіп отырады. Г‰лдерінің формуласы:
P4 A0 G(2) ; P0 A4 G0 .
Аталық г‰лі бір г‰лден тұратын дихазия т‰рінде болады, олар ұзын, жұмсақ сырға т‰зеді. Аналық г‰лі екі г‰лден тұратын дихазия, ол жапырақтың қолтығында пайда болатын б‰ршіктермен қоршалып тұрады. Г‰л асты жапырақшалары бірігіп, жемістің айналасында плюска (тостақша) т‰зеді. Кәдімгі орманжаңғақ (лещина обыкновенная- C.avellana) биіктігі 5м. дейін баратын ‰лкен бұта, БОР-дың европалық бөлігінде кең таралған, құнды жаңғақ беретін өсімдік. Ағаш тәрізді орманжаңғақ, немесе аю жаңғақ (лещина древовидная, или медвежий орех- C.сolurna)- биіктігі 20-25м. жететін ағаш, өсетін жерлері Алдынғы Азия, Кавказ; солт‰стікке қарай, мысалы Украинада сәндік ағаш ретінде отарғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |