Чозениятуысының (Сhosenіa), жоғарыда айтылғандай жалғыз ғана т‰рі бар. Ол Ресейдің Қиыр Шығысында, Жапонияда, Корея т‰бегінде, Қытайда өседі. Чозения тал туысына өте жақын.
Талдар тұқымдасы- Populus және Salіx (бұларға жанасып тұратын чозениямен бірге) к‰мәнсіз бір- біріне жақын туыстар. Шамасы олар эволюциялық дамудың 2 дербес-анемофильді (Populus туысы) және энтомофильді (Salіx оған жанасып тұратын чозениямен бірге) тармақтарын береді. Бұлардың арғы тегі болып табылатын форманың г‰лі қос жынысты болса керек. Мұны ешкі талдың (ива козья- S.caprea) және теректің Гималайлық т‰рінің (тополь сизый- P.glauca) г‰лдерінде кездесетін, қосжынысты г‰лге ұқсас, ауытқушылықтың болуы дәлелдей т‰скендей. Талдар тұқымдасының арғы тектерінде г‰лсеріктерінің болғаны, не болмағаны дәлелденбеген. Salіcaceae өте ертеде пайда болған тұқымдас, олардың қалдықтары бор дәуірінің төмеңгі қабаттарынан белгілі; бор дәуірінің ‰стіңгі қабаттарында Salіcaceae өте жиі кездеседі; неогенде олар солт‰стік ендіктің қоңыржай климатты зонасының барлық жерінде дамудың ең шарықтаған биігіне көтерілген. Неогендік т‰рлері қазіргі кезде тропикада кездесетін талдар тұқымдасының өкілдеріне өте ұқсас. Палентологиялық мәліметтерге с‰йенсек, талдар тұқымдасының ертегі жабықтұқымдастармен, олардың арғы тегі болып табылатын формаларымен генетикалық тұрғыдан тікелей байланысы болған деген пікірді мақұлдауға итермелейді. Сонымен бірге талдар тұқымдасының г‰лдері (яғни талдардың өздері де), жабық тұқымдастардың жоғарғы деңгейде маманданған, формаларының редукцияға ұшырауының негізінде пайда болған деген көзқарас бар. Кейбір ботаниктер бұл тұқымдасты жыңғылдар тұқымдасымен жақындастырады. Себебі соңғы тұқымдастың өкілдерінің дәндерінде, топтасқан талшықты т‰ктердің болуы (хохолок волосков), тұқым б‰рінің, г‰л т‰йінінің т‰бінде орналасуы және басқа да белгілері талдар тұқымдасымен ұқсас. Ғалымдардың бір бөлігі талдар тұқымдасын шегірг‰лдер тұқымдасымен (тұқымдары қабырғаға жанасып орналасқан) жақындастырады. Одан әрі талдар тұқымдасын жыңғылдар тұқымдасымен, екеуіне ортақ бір тектен параллель дамыған деген пікір айтады.