Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет179/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   215

Қарастырылатын мәселелер.


  1. Раушандар тұқымдасы

  2. Бұршақтар тұқымдасы

  3. Аралиялар, шатырг‰лділер тұқымдастары

Осыған дейінгі қатарлардың тобымен туыстық байланысын г‰лдерінің, жемістерінің және тұқымдарының құрылыстарының ортақ ұқсастығына қарай; өмірлік формаларының ортақ ұқсастықтарына қарай; вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысының және гистологиялық элементтерінің ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отыруына қарай оңай және дұрыс анықтауға болады. Бірақта раушанг‰лдер тектес жеке жапырақшалылардың көпжемістілермен салыстырғанда біршама жоғарғы деңгейде жетілген құрлыстық (структуралық) белгілері болады. Ол белгілеріне мыналар жатады: гинецейінің г‰лтабанына еніп жабылып кетуі арқылы қорғалуы, жатынының жартылай төменгі және төменгі болып келуі, алысқа баратын апомиксистің пайда болуымен қатар, айқас тозаңдануға бейімделушілігі. Бұның жабық тұқымдылардың эволюциялық системасындағы басты топ екендігіне к‰мән жоқ. Тұқымдастарға көп жағдайда эволюцияның әрт‰рлі жолдарында тұрған туыстар біріктірілген, бұл жағынан раушанг‰лдер тұқымдасы ерекше мысал (‰лгі) болады.




Раушанг‰лдер тұқымдасы (розановые)- Rosaceae


Т‰рлерінің саны 3 мыңдай (115 туыс), олар солт‰стік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен таралған, кейбір т‰рлері оңт‰стік ендіктегі елдерде де өседі.


Раушанг‰лдер жалпы алғанда табиғи тұқымдас болғанымен, олардың вегетативтік және генеративтік (репродуктивтік) органдарының құрылысы алуант‰рлі болып келеді. Өмірлік формалары – мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін (негізінен көпжылдық) болады. Жапырақтары қарапайым және к‰рделі, жапырақ серігі бар немесе жапырақ серігі жоқ, қауырсынды және саусақ- салалы ж‰йкеленген болып келеді. Бір т‰рлерінде г‰лдерінің және жемістерінің белгілерінің біршама қарапайым болып келуі, бұларды көп жемістілерге жақындатады, мысалы пестиктерінің санының көп болуы. Екінші біреулеріне г‰лдің жекелеген бөліктерінің (м‰шелерінің) редукцияға ұшырауы және прогрессивтік белгілерінің болуы, мысалы жатынының төмен болуы тән. Г‰лдерінің мамандануы көп жағдайда жемістерімен дәндерінің таралуына негізделіп бағытталған бейімделушіліктің пайда болуына қарай ж‰рген. Тұқымдастың негізгі қасиеті оның гинецейімен г‰л табанының құрылысында. Г‰лдерінің г‰л табаны конус тәрізді және гинецейі көп апокарпты немесе г‰л табаны ойыс және гинецейі ценокарпты болып келеді. Осындай бір-бірінен алыс жататын екі форманың арасында көптеген аралық формаларыда болады. Табақша, тостағанша немесе бокал тәрізді болып ұлғайған г‰л табанын гипантия деп атайды. Оның т‰зілуіне, г‰л табанынан басқа, г‰лдің басқада бөліктері тостағанша жапырақшаларының, к‰лте жапырақшалардың, аталықтарының
т‰п жағы кейде тіптен тостағаншаның астыда қатысады. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде г‰л табаны ашық т‰ске боялып етженді және шырынды жаөдайға келеді, ол дегеніміз жемістерімен дәндерінің жануарлар арқылы таралуына м‰мкіндік туғызады.
Раушанг‰лдер сарғалтақ г‰лдерден мынадай белгілері арқылы ажыратылады: гипантиі жақсы жетілген; жапырақтарында жапырақ серіктерінің болуы; кейде г‰лдерінің астында тостағанша асты жапырақшаларының (подчащия) болуы, әсіресе шөптесін формаларында, г‰лдері барлық уақытта актиноморфты, циклді, г‰лсерігі қосарланған 5 м‰шелі (сиректеу 4 м‰шелі) және аталықтары көп м‰шелі, олар 5 қатар шеңбер т‰зіп орналасады. Раушанг‰лдердің шөптесін формаларының ішінде сарғалтақг‰лдер тұқымдасы секілді мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдіктер жоқтың қасы, алайда улы т‰рлері өте сирек кездеседі.
Раушанг‰лдер тұқымдасын г‰лдерінің және жемістерінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай төрт тұқымдас тармағына бөледі: тобылғылар, итмұрындар, алмалар, қараөріктер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет