Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Шетен туысы (рябина - Sorbus)



бет183/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Шетен туысы (рябина - Sorbus). Солт‰стік ендікте өсетін 80-дей т‰рі белгілі. Бұрынғы ССРО -ның флорасында 34-т‰рі, ал Қазақстанда 3 т‰рі кездеседі. Аса кең тараған т‰рі кәдімгі шетен (рябина обыкновенная - S.aucuparіa), оның ақ т‰сті г‰лдері ‰лкен қалқанша тәрізді г‰л шоғырына жиналған. Жемістерін жинап кулинарияда пайдаланады (варенье, қақ, компот). Шетеннің осы т‰рінен И.В.Мичурин қош иісті тәтті жемістері бар сорттар шығарды.


Қараөріктер тұқымдас тармағы (сливовые) - Prunoіdeae


Ағаштар, бұталар. Г‰л табаны ойыс, бірақ ол г‰л т‰йінімен (жатынмен) бірікпеген. Гинецейі бір ғана жеміс-жапырақшасынан тұрады, тұқымб‰рі -2, оның тек біреуі ғана жетіледі. Г‰лінің формуласы:  Ca (5) Co 5 A G 1.
Жемісі шырынды, сиректеу құрғақ, с‰йекті.
Шие туысы (вишня - Cerasus). Бұл туыстың 150-дей т‰рі белгілі, бұрынғы БОР-ның флорасында 10 т‰рі, ал Қазақстанда 7 т‰рі кездеседі. Жемісті бақтарда бақ шиесін (вишня садовая - C.vulgarіs) және құс шиесін (черешня - C.avіum) кеңінен отырғызады. Бақ шиесі өсімдіктердің табиғи қауымдастықтарында м‰лдем кездеспейді. Құс шиесі Украинаның Карпат тауларында, Кавказда, Молдовада табиғи жағдайда қалың тоғай т‰зеді. Шие ағашының биіктігі 30м-ге дейін жетеді.
Қараөрік туысы (слива, терн - Prunus). Бұл туыста 35 т‰р бар. Кәдімгі қараөрік (слива домашняя - P.domestіca). Қараөрік мәдени жағдайда көптеген аудандастырылған және жергілікті сорттардың арғы тегі ретінде (исходная форма) кең таралған өсімдік. Табиғи жағдайда белгісіз. Алша (алыча - P.dіvarіcata) биіктігі 9-10 м болатын ағаш немесе бұта. Кавказда және Орта Азияда өседі. Осы жерлерде көп жағдайда тікенекті қараөрікті (терн - P.spіnosa) отырғызады. Ол өте тікенекті бұта, көп жағдайда к‰н жақсы т‰сетін к‰нгей беткейлерде, орманның арасындағы ашық жерлерде, бұталы қопаларда және жыралар мен сайларда өседі (БОР-дың европалық бөліктерінің орталық және оңт‰стік зоналарында, Кавказда, Батыс Сібірде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет