Тобылғылар тұқымдастармағы (спирейные) – Spіraeoіdeae
Бұталар, көпжылдық шөптесін өсімдіктер жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама-қарсы орналасады. Г‰л табаны біршама жалпақ, сиректеу ойыс (батыңқы). Тостағанша жапырақшаларының саны 5 олар т‰п жағынан біріккен болып келеді. К‰лтесі 5, бос орналасқан к‰лте жапырақшалардан тұрады. Андроцейі көптеген бос орналасқан аталықтардың жиынтығынан тұрады. Гинецейі апокарпты көпм‰шелі, аналықтарының саны көп жағдайда
5 болады. Жатыны жоғары орналасады, кемінде екі тұқымб‰рі болады. Г‰лінің формуласы:
Жемісі аналықтардың бірігіп кетуінен пайда болатын таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу қауашақтан тұрады.
Тобылғы туысы (спирея - Spіraea). Европада, Азияда, Солт‰стік Америкада 80-дей т‰рі кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 22 т‰рі, ал Қазақстанда т‰рі өседі. Бұталардың ішінде табиғи жағдайда да және мәдени жағдайда да сәндік өсімдіктер ретінде өсетіндер шайқурай жапырақты тобылғы (S.hyperіcіfolіa) және дөңес жиекті жапырақты тобылғы (S.crenata), сиректеу тал жапырақты тобылғы (S.salіcіfolіa) жатады. Бақтармен парктерде көп жағдайда қызылг‰лдерден тұратын әдемі г‰л шоғыры бар жапон тобылғысын (S.japonіca) өсіреді.
Итмұрындар тұқымдастармағы (шиповниковые) - Rosoіdeae
Т‰рлерінің жалпы саны 800- дей, олар негізінен солт‰стік ендіктің қоңыржай климатты белдеулерінде кең таралған. Негізгі өмірлік формалары: мәңгі жасыл және жаздағана жасыл болатын ағаштар, лианалар, көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Г‰л табаны ойыстан тостағанша тәріздіге дейін болады, құрғақ немесе етженді, тостағанша жапырақшаларының т‰п жағымен бірігіп кетеді. Кейбір туыстарының тостағаншасының астында тостағанша асты жапырақшалары болады. Гинецейі апокарптыдан ценокарптыға дейін болады. Көптеген өкілдерінің г‰лдерінің формуласы мынадай болады:
Ca (5) Co 5 A G .
Жемістері негізінен құрама: дәндердің жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығы-нан, құрама таптамалардың жиынтығынан және с‰йекті жидектердің жиынтығынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |