Тұқымдасқа 1 мыңдай т‰р (120 - туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігініңде тропикалық және субтропикалық аймақтарында
кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Т‰рлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңт‰стік-Шығысы және Оңт‰стік Америка табылады. Т‰рлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көпжағдайда пальмалардың арасында өседі, сабақтарының сыртында қатты т‰ктері болады. Бұл тұқымдастың өкілдеріне биколлатеральды өткізгіш шоқтары тән. Жапырақтары ‰лкен, қосалқы жапырақшалары болмайды, жапырақ тақталары ж‰рек тәрізді, саусаққалақшалы (пальчатолопастной) немесе саусақ-салалы (пальчаторассеченный) тілімделген болып келеді де, сабаққа кезектесіп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған (тармақталған) мұртшалары т‰рі өзгерген жапырақтың қолтығынан кететін бұтақ болып табылады. Г‰лдері актиноморфты, аталықтары біріккен жағдайда зигоморфты болып келеді. Г‰лдің бөліктері 4-шеңбер т‰зіп орналасады, 5 м‰шелі (гинецейден басқасы) әдетте дара жынысты. Жалғыздан немесе жапырақтың қолтығында аз г‰лден тұратын г‰лшоғырын т‰зіп орналасады. Бір ‰йлі немесе екі ‰йлі өсімдіктер. Г‰л серігі қосарланған, т‰п жағынан трубкаға біріккен болып келеді. Тостағаншасы 5 тісті. К‰лтежапырақшасы 5- жақтаулы, қоңырау немесе доңғалақ (колесовидный) тәрізді, сиректеу к‰лтежапырақшалары бос орналасады, олардың т‰сі сары немесе ақ болып келеді. Аталық г‰лдің 5 аталығы болады, олар көптеген т‰рлерінде ‰ш ағайынды андроцей т‰зеді (4- аталығы екеу-екеуден қосарланып бірігеді де, біреуі бос қалады). Кейде андроцейі бірағайынды болады (асқабақ туысы -Cucurbіta). Тозаң қабы екі ұялы, S - әріпі тәрізді иілген болып келеді. Гинецейі ценокарпты, ‰ш жемісжапырақшадан тұрады. Г‰л т‰йіні төменгі, ‰ш ұялы, етженді болып келетін б‰йірлік жатындары болады. Олар ‰лкен болып өседі және бір- бірімен ортаңғы бөлігі арқылы т‰йіседі. Бұл жағдайда г‰л т‰йіні алты ұялы көрніс береді. Тұқым б‰рі көп. Аналықтың мойны қысқа, ал оның жоғарғы жағында 3- етженді аузы болады. Жемісі жидек тәрізді. Экзокарпиі қалың, тығыз, тіптен қасаңданған немесе ағаштанған, Мезокарпиі мен эндокарпиі жұмсақ болып келеді (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр). Мұндай жемістердің
‰лкен болатындығы сонша, кейде олардың салмағы 100 кг астам болады. Сиректеу жемісі жидек болып келетін т‰рлеріде болады (итж‰зім туысы - преступень -Bryonіa). Дәндері көп, эндоспермі жоқ, тұқым жарнағы жалпақ болып келеді.