Қияртуысы(огурец - Cucumіs). Бұтақталмайтын мұртшалары бар біржылдық өсімдік. Г‰л т‰йіні цилиндр тәрізді, тікенекті т‰ктері болады. Г‰лінің формуласы былай жазылады:
Ca(5) Co(5) A0 G(3) ; Ca(5) Co(5) A(2)+(2)+(1) G0. Африка мен Азияда таралған 30-дай т‰рі бар. Овощтық өсімдік ретінде екпе қиярды (огурец посевной - C.satіva) өсіреді. Жабайы т‰рі белгісіз, сорттарының көпшілігі полигамды.
Қауынтуысы(дыня - Melo). Қоңыржай климатты аудандарда кең таралған 10 т‰рі бар. Сабағы жерге төселіп өсетін біржылдық шөптесін өсімдік. Г‰л т‰йіні сопақтау немесе шар тәрізді болып келеді, сыртында т‰ктері қаптап тұрады. Екпе қауынды (дыню посевную - M.satіva) БОР-дың оңт‰стік аудандарында, әсіресе Орта Азия республикалары мен Қазақстанда көптеп өсіреді. Бұл кезде көптеген аудандастырылған сорттары бар.
Арбыз туысы(арбуз -Cіtrullus) 3 т‰рі бар. Біржылдық және көпжылдық өсімдік. Олардың ареалы Оңт‰стік Африканың Колохара шөлін алып жатады. Кәдімгі арбыздың (қарбыз, дарбыз) (арбуз съедовный - C.vulgarіs) көптеген сорттары өсіріледі.
Қоректік арбыз (арбуз кормовой - C.colocynthoіdes ) малға қорек ретінде арнайы өсірілетін (дақыл) өсімдік.
Асқабақ туысы(тыква - Cucurbіta). Тамыры ұршық тәрізді болып келетін, кейде т‰йнектері болатын көпжылдық, немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін т‰рлері бар, ал 5 т‰рі тек мәдени жағдайда ғана кездеседі. Т‰рлерінің көп мөлшерде кездесетін орталықтары Мексика, Гватемала, Гондурас. Ірі асқабақты (тыква гигантская
-C.maxіma) БОР-дың европалық бөлігінің орталық аудандарында (Украина, Поволжье) және Приморский аймағында өсіреді. Мускатты асқабақтың (тыква мускатная - C.moshata) тропикалық аудандардың жылы және ылғалды климатына бейімделген сорттары бар, олардың жемістерінде қаныттың мөлшері аса жоғары болады. Пісіп-жетілген дәндерінде 52% дейін май болады, БОР-дың территориясында Кавказда және Орта Азия мен Қазақстанда өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың (кабачки - C.pepo) жемісінің формасы мен мөлшері және т‰сі көп өзгеріп отырады. БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда бұл өсімдікті овощтық өсімдік ретінде өсіреді.
Асқабақ тұқымдасының көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады, оны тамаққа да, техникаға да пайдаланады. Колоцинт (Cіtrullus colocynthus) және итж‰зім (переступень - Bryonіa) туысының т‰рлері дәрілік өсімдіктер болып саналады. Кейбір т‰рлері сәндік өсімдіктер ретінде пайдаланылады, мысалы люффа (Luffa) туысының т‰рлері. БОР-дың флорасында асқабақ тұқымдасынан итж‰зім туысының екі т‰рімен шөлейт аудандардың оңт‰стігінде өсетін атпа қияр (бешеный огурец - Ecballіum elaterum) кездеседі. Өз атына сәйкес тургур қысымының к‰шімен атпа қияр жемісінен дәндерін сыртқа лақтырып шашады.