Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Ерінг‰лділер, немесе тауқалақайлар тұқымдасы (губоцветные, или яснотковые)- Labіatae, Lamіaceae



бет192/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Ерінг‰лділер, немесе тауқалақайлар тұқымдасы (губоцветные, или яснотковые)- Labіatae, Lamіaceae


Тұқымдасқа 4 мыңдай т‰р жатады (200-ден астам туыс). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында өседі, бірақ т‰рлерінің ең көп тараған жерлері Жерорта теңізі жағалауының, Алдыңғы және Орта Азияның шөлді және шөлейт аудандары.


Сабағы 4- қырлы. Жапы-рақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қарапайым (жай жапырақтар), қосалқы жапырақ-шалары болмайды. Сабақтары мен жапырақтары безді т‰ктермен немесе қабыршақтар-мен жабылған, олар эфир майларын бөліп шығарады. Г‰лшоғыры әрт‰рлі тирстен тұрады. Г‰лдері зигоморфты, көп
жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты г‰лге өте жақын болады. Тостағанша жапырақшалары біріккен, қоңырау тәрізді, т‰тік тәрізді немесе екі ерінді, әдетте 5- м‰шелі. К‰лтесі барлық уақытта 5- м‰шелі. Желектердің бірігуінің нәтижесінде к‰лтенің төменгі жағы трубка ал жоғарғы жағы отгиб (к‰лте алақаны) т‰зеді. Қалыпты жағдайда отгиб екі ерінді болады, жоғарғы ерін 2 желектен, ал төменгі ерін 3- желектен т‰рады. Сиректеу ол 4- м‰шелі немесе бір ерінді болады. Т‰тіктің іші жалаңаш және жылтыр немесе аталықтардың біріккен жерінен сәл төмендеу т‰ктердің (‰лпектердің) шеңбері болады. Осы бейімделушіліктің болуы немесе болмауы – аса маңызды систематикалық белгі болып табылады. Андроцейі к‰лтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан тұрады, оның 2 ұзын, 2 қысқа болады. Андроцейі 2 аталықтан тұратын туыстарыда кездеседі. Гинецейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан тұрады. Г‰лт‰йіні жоғарғы, бірақ 4-ұялы (бөліп тұратын пердесінің 2- жалған), әр ұяда 1-ден тұқымб‰рі болады. Аналықтың мойны біршама ұзын болады және 2- жақтаулы аналық аузымен (2-лопостным рыльцем), аяқталады. Г‰лдің құрылысының сызба нұсқасы берілген. Ақ тауқалақайдың (ясностка белая- Lamіum album) г‰лінің формуласы:
Ca(5) Co(2+3) A 2+2 G(2).
Жемісі 4 жаңғақшаға бөлінеді.
Тауқалақайлар тұқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде, жағымды иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде (розмарина- Rosmarіnum және лаванда- Lavandula), тамақ өнеркәсібінде (мускат шалфейі- Salvіa sclarea) және медицинада (бұрыш жалбызы- мята перечная- Mentha pіperіta, сасықшөп- пустырник- Leonurus, шалфей туысының т‰рлері- Salvіa, насыбайг‰л- базилик- Ocіmum, жебір- тимьян- Thymus) кеңінен қолданылады. Кейбір өсімдіктер сәнді болып келеді, сондықтанда оларды г‰л өсіру шаруашылығында (в цветоводстве) пайдаланады (шалфей блестящий- Salvіa splendes дәрілік, сайсағыз- иссоп лекарственный- Hyssopus offіcіnalіs). Мындай т‰рлері арамшөптер болып табылады: ақ тауқалақай (Lamіum album, қайызғақшөп туысының т‰рлері (чистец- Stachys), пикульник (Galeopsіs) және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет