Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Дәріс 14. Тақырып: К‰рделіг‰лділер, немесе астралар тұқымдасы (сложноцветные или астровые) - Composіtae, Asteraceae, Қоңырауг‰лділер қатары. 1-сағат



бет195/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   215

Дәріс 14. Тақырып: К‰рделіг‰лділер, немесе астралар тұқымдасы (сложноцветные или астровые) - Composіtae, Asteraceae, Қоңырауг‰лділер қатары. 1-сағат


Дәрістің мақсаты. Астеридтер клас тармағына жататын қатарлардың өкілдерімен таныстыру.

Қарастырылатын мәселелер.


    1. Астыраг‰лділер қатары.

    2. Қоңырауг‰лділер қатары.

Бұл тұқымдаста 18-20 мыңдай, т‰р бар (1 мыңдай туыс). Өмірлік формалары кішігірім ағаштар (кейде бұтақтанбаған колона тәрізді сабағы болады) бұталар, лианалар, жартылайбұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Көп жағдайда олар өрмелеп өседі, кейде суккулентеріде болады. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кездеседі. Бұл ең көп таралған және жоғарғы деңгейде жетілген тұқымдастардың бірі. Көптеген туыстары өзгергіш келеді, өйткені олар белсенді (интенсивті) т‰рде форма т‰зу сатысында тұр. Т‰рлері тұқымы арқылы да, вегетативтік жолмен де өте жақсы көбейеді.


Бұтақтарына жапырақтары әдетте кезектесіп, сиректеу қарама - қарсы немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған (розетка) т‰зіп қатты қысқарады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әрт‰рлі заттар жиналатын қуыстары болады - с‰т жолдары, схизогенді смола жолдары. Клеткаларында инулин жиналады. Тұқымдасқа тән белгілер мыналар: г‰лшоғыры себет (корзинка), сырт қарағанда г‰лге ұқсас. Кейде себеттер (корзинка) жиналып қалқанша (шиток) немесе сыпыртқы (метелка) т‰зеді. Себеттің сыртын г‰л асты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама (обвертка) т‰зеді. Ораманың жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері, олардың формасы және т‰сі осы тұқымдастың өкілдерін классификациялауға және анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады. Себеттің ‰стінгі беті (ложе) жазықта, ойыста, дөңесте болуы м‰мкін; жылтыр немесе емшектәрізді; тікенектермен немесе т‰ктермен жабылған; іші толтырылған немесе қуыс.
Г‰лдері алуант‰рлі - біреулері біршама ‰лкен және қанық боялған, ал екіншілері ұсақ, көріксіз болып келеді. Олардың барлығы да 4 шеңбер т‰зіп орналасады. К‰лтесі 5 -м‰шелі, тостағаншасы желайдарға (хохолок,паппус) айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған. Андроцейі жіпшелері бос орналасқан 5 аталықтан және трубкаға біріккен тозаңдықтардан тұрады. Құрылысы мұндай болып келетін андроцей тек к‰рделіг‰лділерге ғана тән. Гинецейі ценокарпты 2 жемісжапырақшаларынан тұрады. Аналығы 1. Г‰л т‰йіні төменгі, 1-ұялы. Ұзын болып келетін аналықтың мойыны аталықтың трубкасының ішінде орналасады, одан жоғары әдетте екі жақтауы бар аналықтың ауызы (рыльце) ғана көтеріліп-көрініп тұрады. Жемісі - тұқымша (семянка), көпжағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары (летушка) болады.
К‰лтежапырақшаларының құрылысына қарай г‰лдердің мынадай т‰рлері болады: трубка тәрізді, тілше, жалғантілше, воронка тәрізді г‰лдер. Екі ерінді г‰лсерігі бар г‰лдерде болады (оңт‰стік америкалық т‰рлер).
Трубка тәрізді г‰лді әдетте алғашқы (бастапқы) деп қарайды. К‰лтенің жапырақшалары бұл жағдайда төменгі жағынан трубкаға бірігеді, ‰стінгі жағынан трубка қоңырау тәрізді кеңейеді де, 5 тіс-шеге бөлінеді. Г‰лі актиноморфты, қосжынысты, кейде дара жынысты.
Г‰лдің формуласы:  Ca(5)- O-pap.Co(5) A(5) G(2).
Тілше г‰лдің трубка тәрізді г‰лден пайда болғаны к‰мән келтірмейді. К‰лтенің төменгі бөлігі трубкаға бірігеді, бірақ ол өте қысқа болады. Одан жоғары трубка бір жағынан ғана ыдырап тілше т‰зеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Г‰лі зигоморфты, қосжынысты. Г‰лдің формуласы:  Ca(5)- O- pap.Co(5) A(5) G(2).
Жалғантілше г‰лді екі ерінді г‰лден шығару жеңіл, оның к‰лтесінің тек бір ғана астынғы еріні болады. Жалғантілшег‰л тек 3 к‰лте жапырақшадан т‰зілген, оны тілшенің ұшындағы 3 тісі көрсетіп тұр. Бұл зигоморфты, көп жағдайда аналық г‰л, аталығы жоқ. Г‰лдің формуласы:  Ca(5)- O- pap.Co(3)A(0)G(2).
Воронка тәрізді г‰лдің к‰лтесінің трубкасының жоғарғы жағы воронка секілді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз г‰л аталығы да, аналығы да болмайды. Г‰лдің формуласы:
 Ca(5)- O-pap.Co(5-7) A0 G0.
Себеті біржағдайда тек трубка тәрізді г‰лдерден немесе тілше г‰лдерден тұруы м‰мкін, ал екінші жағдайда оның ортаңғы бөлігі трубка тәрізді г‰лдерден, ал шет жағы жалғантілше г‰лдерден немесе воронка тәрізді г‰лдерден тұрады. ‡лкен шет жағындағы г‰лдерінің т‰сі ұсақ ортаңғы г‰лдеріне қарағанда басқаша болады. Осыдан барып г‰лшоғырында әрт‰рлі т‰стілік (ала-құлалық) қалыптасады, ол шамасы насекомдарға жақсы бағдар болса керек.
Г‰л шоғырында жыныстық бөлінуі әрқилы. Себет тек қосжынысты (трубка тәрізді немесе тілше г‰лдерден), қосжынысты және даражынысты немесе жыныссыз (трубка тәрізді және жалғантілше г‰лдерден), даражынысты, бір себетке немесе әрт‰рлі себетке жиналған г‰лдерден тұруы м‰мкін. Әрт‰рлі себетке жиналған г‰лдер бір‰йліде және екі‰йліде өсімдіктер болуы м‰мкін.
Г‰лдердің құрылысының жоғарыда келтірген ерекшеліктері және олардың себетте орналасу реті к‰рделіг‰лдерді классификациялауда және олардың туыстарын анықтауда шешуші орын алады. Туыстың деңгейінде т‰рлерді анықтағанда бірінші орынға олардың вегетативтік органдарының құрылысының ерекшеліктері шығады.
К‰рделіг‰лділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын (май алынатын және овощтық), татымды дәмі бар, дәрілік, бояулық, сәндік, қош иісті өсімдіктер аз емес. Көптеген т‰рлері өсімдіктер жабынының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады, ал кейбіреулері өте қиын, к‰ресуге бой бермейтін арамшөптер.
Тұқымдасты 21 тұқымдастармағына бөледі: трубкаг‰лділер және тілшег‰лділер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет